«Tόrletińiz» атты жаңа жоба көрерменге жол тартады
Хабар арнасында тағы бір жобаның тұсауы кесіледі. Көрерменге «Tόrletińiz» ойын-сауық, ақпараттық-сазды бағдарламасы жол тартады. Дүйсенбіден сәрсенбіге дейін 15:00-ден бастап бір сағат бойы жүргізушілер танымдық, сыр-сұхбатқа негізделген хабар таратады. Бағдарламаны актерлер Рамазан Амантай, Мақпал Қасенова, Қуаныш Мамытқалиев пен «Келінжан» телехикаясында Айсараның рөлін сомдаған Дариға Бадықова жүргізеді.
Жобаның мақсаты – сазбен сусындата отырып, қоғамда болып жатқан түрлі қызықты жаңалықтар мен елең еткізер оқиғаларды ұсыну.