Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі іске асырылған жобалар бойынша есепті жариялады
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі биыл елімізде іске асырылған жобалар бойынша есепті жариялады. Сонымен өткен алты айда елімізде құны 570 млрд теңгелік 40 жаңа жоба іске қосылыпты. Нәтижесінде 6900 тұрақты жұмыс орны ашылған. Салаларды айтар болсақ, ол химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс материалдары, жиһаз, ағаш өңдеу тағы басқа. Жалпы жыл соңына дейін 180 жобаны іске қосу көзделуде. Жоспар орындалса 17 мың адам жұмыспен қамтылады.