Хабар телеарнасы

ҚХА жанындағы Аналар кеңесі «Салауатты сана» жобасын әзірледі

Ойынқұмарлық, нашақорлық, зорлық-зомбылық, ысырапшылдық пен вандализм. Міне, қоғамды алаңдатқан 5 кесел осы.

Қазақстан халқы Ассамблеясындағы Аналар кеңесі мұнымен жүйелі күрес жүргізбек. Бұл үшін тіпті «Салауатты сана» жобасын әзірлеген. Оған сәйкес өңірлердегі аналармен кездесу өткізіп, қажет болса, психологиялық қолдау көрсету жоспарда бар.

Нәзипа Шанаи, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы:

- Мәселе отбасына және баласына қатысты болатын болса, ана белсенді болу керек. Ана ол мәселені шешуге атсалысу керек. Міне, осы негізгі ниетпен біз сол 5 кеселді халыққа түсіндіріп, және сол дерттерді жоюдың жолын бірге табу үшін осы жаңа жобаны қолға алып отырмыз.