Шарль Мишель : соңғы жаңалықтар
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында 2022 жылғы 27 қазанда Астана қаласында Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің кездесуі өтті.
«Ақорда» резиденциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельге Маңғыстау облысында «жасыл» сутегін өндіру және тарату орталығын құру жобасы таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге ілтипат білдіре отырып, Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікті дамыту әрқашан Қазақстанның басты сыртқы саяси басымдықтарының бірі болғанын атап өтті.
Қазақстан – ЕуроОдақпен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойған Орталық Азиядағы бірінші ел.