Мемлекет басшысы Еуропа одағының президентімен ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады
- Категория: Саясат

Қазақстан – ЕуроОдақпен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойған Орталық Азиядағы бірінші ел.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Еуропа одағының президентімен телефон арқылы сөйлесуінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель ынтымақтастықты арттыру туралы сөз қозғады. Әңгіме барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Сөз соңында ел Президенті Шарль Мишельді Қазақстанға сапармен келуге шақырды.