Жаңалықтар

«Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды шоуы көрермендерге бір қадам жақындады

«Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды шоуы көрермендерге бір қадам жақындады

Қыркүйек айынан бастап «Хабар» арнасынан көрсетіле бастаған «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды шоуы көрермендерге бір қадам жақындады. Ойынның жаңажылдық бағдарламасын ұйымдастырушылар қала тұрғындары көп келетін сауда орталығында өткізді.

«Миллион кімге бұйырады?» телешоуы алдымен сауда, ойын-сауық орталығына келушілерді Жаңа жылмен құттықтады. Одан кейін тележүргізушінің сұрақтарына бірінші болып жауап берген тұрғындар мерекелік ойынға жолдама алды. Әрі қарай қиындай түсетін сегіз сұрақтың жауабы дұрыс болса, телешоуға қатысуға мүмкіндік алады. Ал жарты жолда сүрінгендерге «Хабар» Агенттігі дайындаған бағалы сыйлықтар табысталды.

Райымбек Ғазизов, қала тұрғыны:

- Сұрақтар оңай болды. Тек соңғы сұраққа келгенде екі түрлі ой болды. Бөтен аурада тұрған соң басылып қалады екенсің.

Бекзат Әділбай, қала тұрғыны:

- Осындай шоулар қанша дегенмен біздің қоғамдағы адамдардың білім деңгейін көтеруге сеп болатын ойындардың бірі деп ойлаймын. Мұндай интеллектуалды шоуларды көбейту керек.

«Миллион кімге бұйырады?» телешоуының тізгінін ұстаған Досымбек Өтеғалиевтің айтуынша, басты мақсат – аталған бағдарламаның шынайы екенін көрсету. Мерекелік ойындағы сұрақтарға бірінші болып мүдірмей жауап берген тұрғындардың барлығы бағалы сыйлықтар алды.

Досымбек Өтеғалиев, тележүргізуші:

- Ең жоғарғы ұтыс. Жаңа жыл қарсаңында бағдарламаны көріңіздер. Онда ойыншылардың ұтысы 1 миллион 200 мыңға дейін көтерілді. Жалпы «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасын үздіксіз көріп отырыңыздар. Өйткені ұтыс көлемі күн санап көтеріліп келе жатыр деуге болады. Жаңа жылдан кейінгі бағдарламалардың бірінде бір ойыншымыздың 2 миллион 500 мың теңге ұтқанын көре аласыздар.

Айта кетейік, телешоуда бағын сынап көргісі келетіндер «К1» сөзін 3698 нөміріне жолдап, ұйымдастырушылар дайындаған бірнеше сұраққа нақты жауап берсе, жеткілікті.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Қанат Қаматаев