Хабар телеарнасы

«Тұмар-2024» Ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Хабар» арнасының басты апталық-сараптамалық «Жеті күн» бағдарламасы «ең үздік аналитикалық бағдарлама» номинациясын жеңіп алды. Ал «Хабар» Агенттігінің тілшісі Григорий Беденко «үздік тележурналист» атанды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Жалпы биыл байқауға 300-ден астам өтінім келіп түскен. «Төтенше жағдай кезінде жасалған үздік репортаж» номинациясы қосылғанын да айта кеткен жөн. Осылайша үміткерлер 12 номинация бойынша бақ сынасты. Жеңімпаздарға жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін «Тұмар» мүсіншесі және 1 млн теңге көлеміндегі сыйақы табысталды.