Алматыда 1000 оқушы қатысқан ауқымды пленэр өтті

  • 3
  • 18.09.2026, 18:43

Алматы оқушылары Қазақстанның рекордтар кітабына үміткер атанды. Қала күні мерекесіне орай мектеп оқушыларына арнап ауқымды пленэр ұйымдастырылды. Ашық аспан астында мың оқушы Алматының тарихи және көрнекті жерлерін қағаз бетіне түсірді. Жас суретшілер бірнеше тақырып бойынша сурет салады. Бұл арт-флешмоб Қазақстандағы балаларға арналған ең ауқымды пленэр ретінде рекордтар кітабына тіркелуге үміткер. Одан бөлек Алматы қаласы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік кеште  балалар шығармашылық ұжымдары мен «Ұлытау» тобы өнер көрсетті.