«Хабар» агенттігінің сый-сияпаты майдангер Тимофей Антоновқа жетті
Тимофей Антонов бізді ерекше ілтипатпен қарсы алды. «Хабар» агенттігінің сый-сияпатына риза болған ардагер әзілдеп те қояды.
94 жасқа толғанына қарамастан, қоғамдағы маңызды жаңалықтарды қалт жібермейді екен.
Тимофей Фомаұлы 1940 жылы әскер қатарына алынады. Әскери борышын өтеп жүрген шақта соғыс басталады. Осылайша 7 жыл өмірі соғыспен өтеді. Майданда артиллерист болған ол үйіне Екінші Қиыршығыс майданын аяқтап, бірақ оралады.
Тимофей Антонов, ҰОС ардагері
-Міндетім батарея командиріне бағыт-бағдар беру еді. Мына жерде танк, ана жерде жаяу әскер, атты әскер деп дәл мәлімет береміз. Арнайы құрал арқылы есебін шығарамыз, сосын оқ атады.
Жақында ардагердің кеудесіндегі орден, медальдарға тағы төсбелгі қосылды.
Тимофей Антонов, ҰОС ардагері
-Бұл медальді Жеңістің 70 жылдығы құрметіне Н.Назарбаев берді. Мәскеуге Жеңіс шеруіне шақырды. Жасым біразға келді, алыс жолға шыдай алмаймын ғой деп бас тарттым.
Ардагер соғыста бірге болған достарын жиі еске алып отырады. Олардың суреттерін асқан ұқыптылықпен сақтап келеді. Тимофей Фомаұлы шағын пәтерде қызы және немересімен бірге тұрып жатыр. Айтпақшы қызы соғыстан 10 жылдан кейін 9 мамыр жеңіс күні туылыпты.
Наталья Антонова, қызы
-Азанда төсегін өзі жинайды. Күнде дене шынықтыру жасайды. Жаяу көп жүреді. Саяси бағдарламалардың барлығын көреді. 26 сәуірде міндетті түрде сайлауға барамыз.
«Ардагермен сұхбаттасып, өмірден түйгенін есту – біз үшін үлкен мәртебе», – дейді көршілері.
Тілектес Ұзақбаев, көршісі
-Жақсы кісі, жасы 90-нан асқанына қарамай күнде осы өзіміздің көшемен ары-бері жүреді. Сұхбаттасамыз. Әңгімелесеміз.
Орынбасар Большанова, көршісі
-Газет сатамын. Келеді маған. Газет сұрайды. Мен мына газетке мақала жаздым дейді. Мен өте керемет деп айтамын. Ал сіз көзілдірік киесізбе деймін ғой? Жоқ мен көзілдіріксіз жазамын дейді. Ол бізге, балдарымызға үлгі.
Мәскеудегі Жеңіс шеруіне бара алмағанымен, Тимофей Антонов 9 мамырды Алматыда дос-жарандарының арасында қарсы алмақ.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Айдар Әбдешев