Air Astana IPO акцияларының бағасын жариялады
Air Astana акциялары шамамен 2,5 доллардан сатылады. Әуе компаниясы IPO шығарылатын құнды қағаздардың бағасын жариялады. Олардың әрқайсысының құны 2,13-2,75 доллар аралығында деп белгіленген.
Акциялар 15 ақпанда айналымға шығады. Оларды инвесторлармен қатар жеке адамдар да сатып ала алады.
Айта кетейін, Үкіметте Air Astana әуе компаниясының IPO өткізу мәселесі талқыланған болатын.
Ал елде әуе билеттерінің бағасы қымбаттап барады. Өткен жылы ол 8,6% өскен. Осылайша компаниялар бір жылда 13 млн жолаушыны тасымалдап, 700 млрд теңгеден астам табыс тауыпты.