Жеңіске Құрмет! : соңғы жаңалықтар
Алматыдағы «Достық» хорының құрылуына Ұлы Отан соғысы себепкер. Хор мүшелерінің бірі соғыс ардагері болса, бірі еңбек майданының қатысушысы, дені соғыстың тауқыметін көрген балалар.
Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай ержүрек батырларымызды ұлықтау мақсатында «Хабар» агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет» шарасы Оңтүстік Қазақстан облысында да іске асуда.
Солтүстік Қазақстандағы түсіру тобымыз «Жеңіске құрмет!» шарасы аясында «Хабар» агенттігінің атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтан Мұхамеджановты құттықтап қайтты. Қарт майдангер сұрапыл жылдары жаяу әскер қатарында Украина, Молдова, Румыния, Болгария, Югославия елдерін азат ету ұрыстарына қатысқан.

«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» шарасы аясында елдің әр аумағындағы майдангерлерге сый-сияпаттар жасалып, құрмет көрсетілуде. Агенттік қызметкерлері 1 күндік жалақыларын ардагерлерді қуанту үшін аударған болатын.
9 сәуір күні бастама алған «Жеңіске құрмет!» акциясы республиканың түкпір-түкпірінде, тек облыс орталықтары, Алматы мен Астана ғана емес, шалғай ауылдарда, аудандардағы ардагерлерге ерекше сый-құрмет көрсетті.
Петропавлда тұратын соғыс ардагері Алексей Ситников қан майданда «Полуторка» деп аталатын жүк көлігімен Мәскеуден Берлинге жеткен. Ол ұрыс алаңдарына қару-жарақ, оқ-дәрі жеткізіп отырған.
«Жеңіске құрмет!» акциясы жалғасуда. Өскемендік Ұлы Отан соғысының ардагері Липат Семинға өңірдегі әріптестеріміз Жеңістің 70 жылдығына орай «Хабар» агенттігі атынан теледидар тарту етті.
«Жеңіске құрмет!» акциясы жалғасуда. Өскемендік Ұлы Отан соғысының ардагері Липат Семинға өңірдегі әріптестеріміз Жеңістің 70 жылдығына орай «Хабар» агенттігі атынан теледидар тарту етті.
Біздің тілшілер ардагер Ізтұрған Өтесіновтің шаңырағында болып, «Хабар» агенттігінің арнайы сыйлығын табыстады. 91 жастағы қарт майдангер сұрапыл соғыс жылдары мен майдандас достары жайлы сыр шертті.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» атты шарасының аясында Оралдағы тілшілеріміз Ұлы Отан соғысының ардагері Ғарифолла Ғадылшинді құттықтап қайтты.
Ақсақал Сталинград майданына қатысқан, соғыстың соңғы жылында ауыр жараланып, елге оралған.