Хабар телеарнасы

«Алтыбақан» мәдени-танымдық музыкалық шоуы

Төл өнер «Хабар» төрінде!

Сан ғасыр бойына қазақты ұлттық рухта тәрбиелеп келген музыканың маңыздылығы бүгінгі жаһандану заманында арта түспесе, кеміген жоқ. Төл өнерімізді жаңаша форматта жастарға насихаттау – «Алтыбақан» жобасының басты мақсаты. Бұл бағдарламада бабадан балаға мирас болып, заман көшімен жалғасып келе жатқан әдет-ғұрып пен салт-дәстүр салтанат құрады. Кестелі жыр төгіліп, сүбелі сөз айтылады.

Әр сенбі сағат 18:00-де «Алтыбақан» мәдени-танымдық музыкалық шоуын тамашалап, сазды әуенмен сусындаңыз!