Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Үкіметке деген үмітін жеткізді
Оның кандидатурасын Парламент Мәжілісіне Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды және бұл ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Мәжілістің пленарлық отырысына қатысып, бұрынғы Үкіметке рахметін, келер Үкіметке деген үмітін жеткізді.
Елбасы ендігі ескі Үкіметті тарату шешімін депутаттар алдында тағы бір түсіндіріп өтті. Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкіметтің бұрынғы құрамының жұмысын «жаман» деген жоқ, бірақ «жеткіліксіз» деді. Әсіресе әлеуметтік мәселелерді реттеуге әлсіздігін меңзеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Құрметті депутаттар, Үкіметтің толық құраммен отставкаға кеткенін көріп-біліп отырсыздар. Жаһандық факторларды ескерсек, бұл Үкіметке жұмыс істеу оңай болған жоқ, әлі де оңай болмайды. Дегенмен ел экономикасының өсімін сақтау үшін Үкімет барынша өз еңбегін жасады. Түрлі салаларда оң өзгерістер байқалды. Бірақ бұл қазіргі заман талабы үшін жеткіліксіз болды. Экономиканы одан әрі өркендетудің, халықтың әсіресе әл-ауқатын арттыру жөнінде қойған менің тапсырмам түгелдей орындалған жоқ. Азаматтардың нақты табысы экономиканың өсіміне қарамай біраз төмендеді. Қабылданған бағдарламалар бар. Оған берілген қаражаттар бар. Соған қарамастан сол қаражаттар халыққа нақты жете алған жоқ. Дегенмен сол жұмыс істеген Үкіметті де осы жерде бірге тағайындағанбыз, қиын-қыстау кезеңде жұмыс істегені үшін рахметімізді айтайық. Алғысымызды білдіреміз!
Бақытжан Сағынтаевтың жұмысына Елбасы жеке тоқталды. Оны шыншыл, адал әрі тәжірибесі мол деп мінездеп, оның мемлекеттік басқарудан шеттеп кетпейтінін меңзеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Правительство на своем заседании единогласно поддержало мое предложение об отставке. Здесь я должен сказать отдельно о Бакытжане Сагинтаеве. Он себя хорошо показал на предыдущих должностях. Он – человек честный, добросовестный, опытный. Может трудиться на других участках, которые мы будем поручать. Однако упущения в работе отдельных министерств, особенно в социальной сфере, привели к отставке всего Правительства. Ничего здесь такого небывалого нет. Это было и раньше. Правительство, проработав определенное время, выполнив задачи, уходило в отставку. Теперь идёт новый состав Правительства для нового времени, для новых задач. Сейчас как раз новые люди нужны.
Үкіметтің тарқауы тосын жайт емес. Қазақстан тәуелсіз тарихында осымен 11-ші Үкіметін жасақтап отыр. Уақыт өтеді, талап өзгереді. Адамдар да өзгеруі тиіс. Қазіргі Үкіметтің құрығы ұзын, құзыры кең. «Жаңа Үкімет халық алдындағы міндеттерін мінсіз атқарып, өз қызметі үшін жауапты болуы тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Как известно в начале 2017 года были перераспределены полномочия между ветвями власти. Правительство получило все необходимые полномочия. То Правительство страдало тем, что перекладывали ответственность на других. Показывало наверх. Когда должны были отвечать, решать то, что есть. Такая же ответственность касается и акимов всех уровней, которые также напрямую отвечают за эффективность социальных и экономических программ. Они должны быстро реагировать на запросы населения, и самое главное, принимать меры. Есть программа. Есть деньги. И это все не доходит до конца. То есть именно исполнительная работа должна быть. Я вот пример привожу. 600 млрд выделили на поддержку МСБ. До сих пор эти деньги не дошли. Естественно это не простые вопросы. Недостатки бывают у всех Правительств. Но сейчас не то время.
Халықтың табысын арттыру. Мемлекет басшысы Үкімет мүшелері мен әкімдерге қойған басты талабы осы болатын. Елде екі дүркін жүріп өткен девальвация халықтың қалтасын жұқартты, тарифпен бірге инфляция да өсті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Доходы говорим. Почему? Потому что два раза прошла девальвация. Это подстегнуло уменьшение доходов людей. И в то же время не следили за инфляцией, за тарифами. То есть всё это вкупе требует очень внимательной работы. Речь идет не только о качественной подготовке законопроектов, но и о вопросах выполнения важнейших государственных программ и проектов. Это также касается обеспечения постоянного парламентского мониторинга, создания диалоговых площадок с неправительственным сектором, разъяснения гражданам сути принимаемых государством мер, в том числе законодательных.
Жаңа Үкіметтің де жұмысы халықтың әлеуметтік жағдайына бағытталмақ. Президент бұрынғы Үкіметтің әр кем-кетігін тізіп берді. «Халыққа жақын болыңдар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Члены Правительства, министры стали политиками. Они стали политиками. Хотя должны выходить в люди и говорить, что делается. Новое Правительство должно продолжать тот стратегический курс, который есть. Это развитие конкурентоспособной экономики, вхождение в 30-ку развитых стран мира. Новому кабинету надо продолжать реализацию госудаственных программ и в социальной сфере, и в других областях экономики, довести до логического завершения реформы в правоохранительной и судебной системе. То есть действенно решать проблемы, которые есть.
Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Асқар Маминнің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Уважаемые депутаты, вношу на ваше рассмотрение кандидатуру А.Мамина для дачи согласия на назначение Премьер-Министром РК. Вы его все знаете хорошо. За годы работы добивался конкретных результатов на вверенных участках: был акимом столицы, министром, возглавлял КТЖ, все вопросы инфраструктурного развития и в последнее время первым заместителем Премьера. Со мной он работает 25 лет. А сейчас идут инвестиции, их надо принимать и вкладывать в страну. Считаю кандидатуру А.У.Мамина наиболее подходящей для обеспечения эффективной работы нового Правительства, потому что он участвовал в составлении тех программ, которые мы приняли. Он в теме, он в курсе. И обеспечит дальнейшую работу нашего правительства. Поэтому прошу Мажилис дать согласие.
Асқар Маминнің кандидатурасын Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдады. Депутаттар биліктің барлық сатысынан өткен азамат ретінде ол қазіргі экономикаға лайықты, жаңа әрі ашық Үкімет құрады деп сенеді.
Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:
- Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің сенімді саяси тірегіңіз болып табылатын «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде бұл таңдауыңызды қолдаймын және Мәжілістегі барлық әріптесімді осы шешімді қолдауға шақырамын.
Пленарлық отырыс соңында Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы тиісті Жарлыққа қол қойды.
Елбасының ескі Үкіметке деген ескертулерін мұқият тыңдап алған Асқар Мамин Президентке сенімі үшін алғыс білдіріп, ел экономикасын өрге сүйреуге уәде етті.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
- Маған артқан сеніміңіз үшін алғысымды білдіремін. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе және Сіздің алдыңыздағы үлкен жауапкершілік. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңа деңгейге шығару міндетін Үкімет сапалы түрде іске асырады.
Пленарлық отырыстан соң Президент жаңа Премьер-Министрді жаңа жұмыс орнымен таныстырды. Сонымен Қазақстан тәуелсіз тарихында өзінің 11-ші Үкіметін құрды. Асқар Мамин бастаған министрлер кабинеті 70% жаңармақ.
Авторы: Гүлжан Марқабаева, Айдос Серікболұлы