Сюжеттер

Қызылордалық 20 дәрігер әлемнің озық клиникаларында білім жетілдіреді

Қызылордалық 20 дәрігер әлемнің озық клиникаларында білім жетілдіреді

Елімізде маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні.

Отандық медицинаға үздік технология мен инновациялық емдеу тәсілдерін енгізу мақсатында қызылордалық неонатолог және онкологтар Оңтүстік Кореяда білім алу үшін әлемнің озық клиникаларында біліктілік арттырады. Жалпы соңғы 2 жыл ішінде жергілікті 24 маман шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып үлгерді. Сыр өңірінің дәрігерлерін оқыту жобасы облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Биыл 20 медицина қызметкері Оңтүстік Кореяға аттанады. Соның бірі – Әсет Жалмағанбетов. Жас хирург, бариатриялық хирургия төңірегінде тереңдетілген курстан өтеді.

Әсет Жалмағанбетов, дәрігер-хирург:

- Қызылорда облысында бариатриялық хирургия әлі жасалмайды. Бұл – асқазанның, семіздік және қант диабетін емдеу әдісі болып келеді. Бірақ Қазақстанның кейбір қалаларында жасалады. Ал Кореяда жасалып жүрген оперативті емдеу әдісі болып саналады. Біз баратын оқу орнында осы оперативті әдіспен жасайды. Сол тәсілді меңгеріп, осы жаққа енгізсек дейміз.