Қызылордада маусым айында 21 адам қарбыздан уланған
Қызылордада 21 адам маусым айы басталғалы жеміс-жидек пен қауын-қарбыздан уланған. Ал жыл басынан бері облыс көлемінде жедел ішек инфекциясына 371 адам шалдыққан. Эпидемиологтар: «Ауру белгілері байқалған жағдайда салғырттық танытпай, бірден дәрігерге қаралу керек», - дейді. Өйткені жаз айларында нитраттан улану қауіпі жоғары. Сантиарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі арнайы акция аясында бірқатар сауда орындарындағы көкөністердің нитрат деңгейін арнайы құрылғымен тексерген. Сынамаға алынған 587 өнімнің 16-сы тиісті талапқа сай болмай шықты.
Динара Жаңабергенова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
- 16 жағдай бойынша кәсіпкерлерге ұйғарымдар берілді. Яғни бұл сауда сөрелерінен алып тастау туралы. 16 жағдайда да бұл нитраттың мөлшері жоғары болғанның өзінде оны пайдалануға болады. Бірақ дегенмен оның өзінің ересектерге 500 грамм ғана күніне және салқындатып қана пайдалану қажет.