21:30Эфирде:Документальный фильм «Человек – Эпоха: дальше и выше мечты»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» арнасы «Жыл таңдауы» байқауында үздік атанды

Khabar
Khabar

Жалпы бұл байқау 2000-шы жылдан бері өткізіліп келеді.

«Жыл таңдауы» сыйлығы өз саласындағы үздік компаниялар мен білікті мамандарға беріледі. Бүгінгі таңда «Хабар» – төрт арнаны біріктірген алып агенттік. Күн сайын 5 тілде хабар таратады. Келесі жылы құрылғанына 25 жыл толғалы отырған агенттік қоғам үшін өзекті мәселелер туралы мыңдаған сюжет, көптеген бағдарлама мен түрлі тақырыпта телехикаялар көрсетті. Жаңа жобаларды қолға алып, халықаралық деңгейдегі ірі саяси, мәдени, спорттық шараларды тікелей эфирден көрсетті. Агенттіктің алдағы жылға жоспары да орасан.

Қымбат Хангелдина, «Хабар» Агенттігі» АҚ Алматы филиалының директоры:

- Біз үшін халықтың ықыласы мен қоғамдық пікір маңызды. Сол арқылы біз тың бастамаларды қолға алып, шабыттанамыз. Алдағы уақытта арнамызда ойын-сауық бағдарламалар және деректі фильмдер, телехикаялар көбейетін болады. Сөйтіп көрерменнің жаңа буынын қалыптастырамыз.

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары

Загрузка...