Қарлығаш Қасетова

Қарлығаш Қасетова
  • 6925
  • 20.12.2014, 15:30

Телевидениеде бірталай жыл жұмыс істеп, ақпарат майданында арпалысып жүрген мен үшін журналист - ең мәртебелі мамандық. Бұл салада біртіндеп қалыптастым. Үш жыл облыстық радиода диктор, 5 жыл облыстық телеарнаның жаңалықтар тізгінін ұстап барып тілшілікке ауыстым. Осы кезең мен үшін үлкен мектеп болды.

Ақпаратты боямасыз, қысқа да нұсқа жазуға, үнемі ізденіс үстінде жүруге, айналада болып жатқан барлық жағдайға сергек қарауды үйрендім. Мен қазір өзімнің сүйікті кәсібім, тележурналистиканы бәрінен биік қоямын. Ал, өз ісін құлай сүйген адам ғана жетістіктерге жетеді. Менің бұған анық көзім жетті. Жетістік демекші республикалық бірнеше байқауда үздік танылып, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталдым.