Марат Игіліков

Марат Игіліков
  • 6234
  • 20.12.2014, 15:31

Менің бұрынғы мамандығым “теледидар жөндейтін шебер” еді. Сосын өзім сол көк жәшіктің ішіне қалай еніп кеткенімді сезбей де қалдым. Алғашында тікелей эфир арқылы елдің назарын аударған ''Ертіс-ТВ '' арнасында жұмыс істедім. Жаңалықтар мен бағдарламалар онлайн-тәртіпте жұмыс істейтін.

Бұл әсіресе операторлар үшін үлкен жауапкершілікті талап ететін тәжірибе болды. “Хабар” агенттігінде 2000 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Содан бері қаншама бейнематериалдар өмірге келді. “Хабар” мен үшін – бренд. Нағыз кәсіби мамандар шоғырланған арнада қызмет ету өте қызық әрі көңілді.

Соңымнан ерген екі ұлым бар. Үлкен балам Жеңіс ''Луч '' деп аталатын балалар телестудиясында операторлық шеберліктен өтіп жүр. Болашақта кино түсіріп, режиссер атанғысы келеді. Маған өз жұмысым ұнайды. Кейде қатты шаршасам да, сүйікті ісім болғаннан кейін барлық қиындығын ұмытып кетемін.