Ерлік елге мұра, ұрпаққа мирас. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетуді қолға алған «Хабар» агенттігінің ұжымы майдангер Шәріп Рақымжаровты құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Ерлікті бағалау деген осы да.
Қазақстан Жаңалықтары бойынша барлық жаңалықтар
Солтүстік Қазақстандағы түсіру тобымыз «Жеңіске құрмет!» шарасы аясында «Хабар» агенттігінің атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтан Мұхамеджановты құттықтап қайтты. Қарт майдангер сұрапыл жылдары жаяу әскер қатарында Украина, Молдова, Румыния, Болгария, Югославия елдерін азат ету ұрыстарына қатысқан.

Павлодарда Ұлы отан соғысына қатысып, іс-түссіз жоғалып кеткен Жұмабай Бектұрсыновтың әскери медальоны табылды. Құнды жәдігерде жауынгердің қай жерде, қашан дүниеге келгені және басқа да мәліметтер толық жазылған.
Ақтөбе заң институты ғимаратының алдына Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Бөкенбаевтың ескерткіш бейнесі орнатылды. Өткен жылдың аяғында оқу орнына батырдың аты берілген болатын.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» шарасы аясында елдің әр аумағындағы майдангерлерге сый-сияпаттар жасалып, құрмет көрсетілуде. Агенттік қызметкерлері 1 күндік жалақыларын ардагерлерді қуанту үшін аударған болатын.
Жеңіс үшін жанын аямаған жауынгердің бірі – Иван Слинько. Екі бірдей «Ерлігі үшін» медалін кеудесіне қадаған Ұлы Отан соғысының ардагері Орал қаласында тұрады.
Жеңіс үшін жанын аямаған жауынгердің бірі – Иван Слинько. Екі бірдей «Ерлігі үшін» медалін кеудесіне қадаған Ұлы Отан соғысының ардагері Орал қаласында тұрады.
9 сәуір күні бастама алған «Жеңіске құрмет!» акциясы республиканың түкпір-түкпірінде, тек облыс орталықтары, Алматы мен Астана ғана емес, шалғай ауылдарда, аудандардағы ардагерлерге ерекше сый-құрмет көрсетті.
Петропавлда тұратын соғыс ардагері Алексей Ситников қан майданда «Полуторка» деп аталатын жүк көлігімен Мәскеуден Берлинге жеткен. Ол ұрыс алаңдарына қару-жарақ, оқ-дәрі жеткізіп отырған.
«Хабар» агенттігінің «Жеңіске құрмет!» шарасы Ақтөбеде жалғасты. Бұл жолы осы өңірдегі тілшілеріміз Ұлы Отан соғысының ардагері Вера Лоткованың үйіне барып, қарт жауынгерге теледидар сыйлады.