ЕРЛАН НҰРБАЙҰЛЫ АТАМБАЙ

ЕРЛАН НҰРБАЙҰЛЫ АТАМБАЙ

«Хабар» телеарнасының директоры

1974 жылғы 19 қарашада туған.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі:
Жоғары, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Журналистика» мамандығы.

Магистратура, «Туран-Астана» университеті,  «Құқықтану» мамандығы.

Жұмыс тәжірибесі:

2001 - 2007 жж. – «31 канал» телерадиокомпаниясы» ЖШС қазақ редакциясында журналист, тілші. 

2007 - 2012 жж. – «Астана қ. теледидары» ЖШС жаңалықтар қызметінің тілшісі, ақпараттық бағдарламалардың жауапты шығарушы редакторы, қазақ редакциясының меңгерушісі, аға редактор.

2012-2013 жж. – «Еуразия+ОРТ» ЖШС редактор, аға шеф-редактор. 

2013-2015 жж. – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ бас редактор, конвергентті редакциясының жетекшісі. 

2016-2020 жж. – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры.

2020-2022 жж. -  «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры.

2022-2024 жж. – «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Баспасөз қызметінің басшысы. 

2024 - 2025 жж. – «Хабар» Агенттігі» АҚ  «Хабар» телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің басшысы – директордың орынбасары.

2025 жылғы 17 қарашада «Хабар» Агенттігі» АҚ «Хабар» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. 

Мемлекеттік және ведомстволық наградалары:

«Ерен еңбегі үшін» медалі - 2024 ж., 

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі -  2020 ж., 

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі – 2019 ж., 

ҚР Президентінің алғыс хаты – 2019 ж., 2016 ж.