КЕМЕЛБЕК БАҚТЫҒҰЛҰЛЫ ОЙШЫБАЕВ
«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы
1977 жылы 13 шілдеде туған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Geneva Business School (Швейцария) MBA дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі:
1998-1999 жж. – «Столичное обозрение» газетінің тілшісі;
1999-2000 жж. – Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің (ҚР Мемлекеттік стандарты) баспасөз хатшысы;
2000-2001 жж. – «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС тілшісі;
2001-2007 – «Қазақтелеком» АҚ «Корпоративтік сату дирекциясы» Президентінің кеңесшісі, Атқарушы директоры, Бас директоры;
2007-2011 жж. – «TNS- Plus» ЖШС бас директоры ;
2011-2014 жж. – «Altyntau Resources» АҚ Басқарушы директоры;
2014-2016 жж. – «Қазмедиаорталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС стратегиялық және коммерциялық қызмет бойынша бас директорының орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары;
07.2016-09.2016 жж. – «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК директоры;
09.2016-02.2017 жж. – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы;
2017-2019 жж. – «Smartway Systems» ЖШС Байқау кеңесінің Төрағасы;
2019-2020 жж. – «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы»;
2020-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.
2022 жылдың наурыз айында «Ұлттық медиа қауымдастығы» ЗТБ Төрағасы болып сайланды;
2023 жылғы 13 қыркүйекте «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. «Хабар» Агенттігі» АҚ қызметіне жалпы басшылықты үйлестіреді және жүзеге асырады.
Мемлекеттік және ведомстволық наградалар:
«Құрмет» ордені – 2021 ж.
«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.