Шымкент шаһары Қазақстандағы ең ірі мегаполистердің қатарында. Бүгінде қала қарыштап дамып, жан-жақтан жоғары білікті мамандар шақырылып жатыр. Солардың бірі – Астанада тұратын PR саласының мықты маманы Дина. Оны Шымкент қаласының туристік имиджін дамыту үшін жергілікті компания жұмысқа шақырады. Компания басшысы Асқар кездесу ұйымдастырып, жаңа маманды серіктесі Абылаймен жолықтырмақ болады. Абылай мен Асқар компанияны бірге құрған, бірақ Асқар құжаттарға пысық менеджер, ал Абылай – шығармашылық адам. Абылай жаңа маманның басқа қаладан келгенін ұнатпай қалады. Танысқанда жақтырмағанын бірден көрсетуге тырысады, Дина мұның себебін түсінбей қалады. Екеуі бірден жауласып, неше түрлі әрекет жасайды. Бірақ жек көру мен махаббаттың арасы бір қадам дегендей, Абылай Динаны ұнатып қалады, екеуі бірлесіп жобаларды жүзеге асыра бастайды. Алайда Динаның бұрынғы жігіті келіп, Динаны өзіне қайтармақ болады. Дина бұрынғы жігітімен елордаға кете ме, әлде Шымкент оның мәңгілік махаббатына айнала ма? Бірге тамашалайық!