Хабар телеарнасы

Шымкентте «Сасық-1» су арнасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкентте «Сасық-1» су арнасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны жүзеге асыруға 1 миллиард 179 миллион теңге бөлінген. Алайда шаруалар тартылған құбырлардың диаметрі тым кішкентай. «Тұтынылатын су мөлшері мен аумақ көлемі есепке алынбаған, жобада шикілік көп»,— дейді. Соның салдарынан егінді суару ұзақ уақыт алмақ. Ал жауаптылар жобаның әлі толық аяқталмағанын, кемшіліктердің жойылатынын алға тартып отыр. Келесі жылы тағы 4 каналға күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлінеді деп жоспарланған.

Абай Ахметов, шаруа:
-Шлюз дұрыс емес. Труба дұрыс емес. Бір адамға жететін труба қойған, неге жетеді ол? 3 адамға керек. Екінші орыннан 250-ақ пресс алдым, 1000 пресс алудың орнына. Не болды ал сонда?

Ерсұлтан Қапашев, қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының маманы:
-Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды, 99% аяқталды. Бізде қазір технадзор бір-екі кемшілікті берген соң қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.