«Мерейлі отбасы 2021». Займолда әулеті /Ақтөбе облысы
Ғазиз Займолда мен Екатерина Қалиеваның отбасы Ойыл ауданының орталығы Ойыл ауылында тұрады. Олар – алты бала тәрбиелеп, қиындыққа мойымай, бесіктегі берекесін сақтай білген жандар. Отағасы Ғазиз – ауданға ғана емес, облысқа танымал азамат. Жұбайы Екатерина Қалиева – күміс алқа иегері. Ол – жолдасы сынды өз балаларымен қатар ел баласына да білім нәрін сусындатып, тәрбие берген ардагер ұстаз.