Хабар телеарнасы

«Өмір жолы». Жазушы Ақселеу Сейдімбек

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек 1942 жылы 12 желтоқсанда Атасу ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысында дүниеге келген. Жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор.
Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен.
1961 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1968 жылы журналистика факультетін бітіріп шықты.
Қызметтері:
• «Лениншіл жас» газетінің тілшісі (1968-1975)
• Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан»газетінің жауапты хатшысы (1975-1976)
• 1976-1983 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі.
• 1983-1987 ж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы.
• 1987-1988 ж. «Әлем» альманағының бас редакторы.
• 1988-1997 ж. ҚазКСР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
• 1997-1998 ж. Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры.
• 1999 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі.
Алғашқы әңгімелер жинағы «Ақиық» 1972 жылы жарық көрген.
Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесіндегі Қарауылтөбеге жерленді.