Хабар телеарнасы

Жеті күн 17.09.2016

Сюжеттер
1. Кадрлық тағайындаулар 2. Үкіметтің алғашқы отырысы 3. Елбасының Ақмола облысына жұмыс сапары
4. Қазақстан мен Гонконг қарым-қатынасы 5. Елбасы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті 6. Елбасы Қазақстан халқын Құрбан айтпен құттықтады
7. Елбасы Ислам Каримовтің бейітінің басына барып, рухына тағзым етті 8. Өзбекстан Президенттігіне алғашқы үміткердің есімі белгілі болды 9. ТМД елдері басшыларының саммиті
10. Жергілікті өзін-өзі басқару 11. Мәжілісте бюджет талқыланды 12. Шикізаттық базаны кеңейту керек
 
13. Машина жасаушылар форумы 14. Алматы қаласы 1000 жылдық тойын тойлауда  

1. Кадрлық тағайындаулар

Мемлекеттік басқару жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Үкімет қайта жасақталды. Елбасы Конституция талаптарына сәйкес өткен жұмада Үкіметті таратқан. Осы аптада жаңа министрлермен толықтырып бекітті. Және бұл өзгерістердің қандай қажеттіліктен туындағанын түсіндіріп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Перед Правительством стоят новые задачи, нужны новые люди, в связи с этим произошли перестановки. Премьер-министром назначен Бакытжан Сагинтаев, который работал последние четыре года первым заместителем Премьер-министра. Имеет опыт работы в южных регионах, северных регионах, акиматах и прошел школу в партии «Нұр Отан».

Сонымен Үкіметтің жаңа төрағасы Бақытжан Сағынтаев басқаратын Министрлер кабинеті қайта құрылды. Премьер-министрдің орынбасарлары да жаңарды. Бірінші орынбасары болып Асқар Мамин тағайындалды. Бұған дейін ол «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын басқарып, Астана қаласының әкімі болған. Асқар Мырзахметов Премьер-министрдің орынбасары әрі Ауыл шаруашылығы министрі міндеттерін қатар атқаратын болды. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында тәжірибелі маманға жүктелетін міндет зор. Үкімет басшысының тағы бір жаңа орынбасары - Иманғали Тасмағамбетов. Бұған дейін әскери қорғаныс саласына басшылық етіп келген. Енді әлеуметтік қорғау, білім беру мен денсаулық сақтау, ақпарат мен дін істеріне жауапты болады. Қазірге дейін осы салалар бойынша Үкімет басшысының орынбасары міндетін атқарып келген Дариға Назарбаева Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. Жоғарғы палатаның Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жетекшілік етеді.

Ал Қорғаныс министрі лауазымына соңғы жеті жылдан бері осы министрлікте бірінші орынбасар және бас штабтың бастығы міндеттерін атқарып келген Сәкен Жасұзақов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға таныстыру барысында Елбасы Иманғали Тасмағамбетовке табысты еңбегі үшін ризашылығын білдірді. Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Ал Қорғаныс министрлігіне жаңа міндеттер жүктеді. Қазіргідей халықаралық терроризм өршіп тұрған кезеңде ел қауіпсіздігіне баса көңіл бөлінеді. Әскерилердің жаңа буынын қалыптастырып, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру да басты назарда. Отандық әскери-техникалық өнеркәсіпті қалыптастыру жұмыстары қарқын алады. Бұл үшін тиісті құрылым арнайы корпорация немесе әскери-өнеркәсіптік кешен жөніндегі министрлік болып қайта құрылуы бек мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы должны постараться, Во-первых, создать нашу военно-техническую промышленность. Я думаю, нам надо выделить эту организацию в специальную корпорацию или министерство по военно-промышленному комплексу. Передать туда космос, технологии и другие вопросы. Вопросы мобилизации, материальных резервов и формирования новой генерации военнослужащих тоже у нас стоит острый вопрос. Мы для этого создали университеты, надо поднять их качество подготовки.

Қауіпсіздікпен қоса елдің ішкі тұрақтылығын қамту да басты назарда. Елбасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлығына сәйкес елдегі діни ахуалды зерделеу ісімен арнайы министрлік айналысатын болды.

Нұрлан Ермекбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-қауіпсіздік кеңесінің хатшысы міндетін атқарған. Енді бұл жауапты қызмет жаңа тағайындауға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып келген Владимир Жұмақановқа жүктелді. Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің құрылымы қайта өзгертілді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып құрылды. Бұл мекемені Қайрат Қожамжаров басқарады. Осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері министрі міндетін атқарған Талғат Донақов Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып келген Марат Бекетаевқа Әділет министрлігіне жетекшілік ету тапсырылды. Бұрынғы Әділет министрі Берік Имашев енді Орталық сайлау комиссиясына төрағалық етеді. Бұдан өзге салалардың басшылары бұрынғы орындарында қалды. Атап айтқанда, елдің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, Энергетика министрі болып Қанат Бозымбаев тағайындалды.

2. Үкіметтің алғашқы отырысы

Елбасы Жарлығымен жаңарған Үкіметтің алғашқы отырысы өтіп үлгерді. Жиын басталмас бұрын қызметкерлер Мәжіліс залында кімнің қайда отыратынын реттеді. Сонымен жаңа басшының мәслихатына асығып Арыстанбек Мұхамедиұлы келді. Артынша бір бума есеп-қисабын көтеріп Асқар Мырзахметов, Ерлан Сағадиев көрінді. Ізін ала министрлер кабинетіндегі жалғыз ханым Тамара Дүйсенова мен 6 жыл әлеуметтік саланы басқарған, қазіргі мәжілісайым Гүлжан Қарақұсова жетті. Сөйтіп, жоғары нотадағы көңіл-күймен бас қосқан әр салаға жауаптылар бір-бірін құттықтап, қауқылдасып жатты. Қорғаныстың қауіпсіздігін мойнына алған жап-жаңа Жасұзақов Сәкен мырзаны жатырқамай басты дипломат Ерлан Ыдырысов емен-жарқын әңгімелесіп тұрды. Бәрі жайғасқан соң, қос орынбасарын ертіп, Бақытжан Сағынтаев кірді. Премьр-министр тағайындалған тұлғаларға сәттілік тілеп, жиынды бастады. Жұмыспен қамтуға, бизнесті дамытуға қатысты жол карталарының жақсы жүзеге асып жатқанын жеткізді. «Нұрлы жол» аясындағы бюджет қаражатын ұқыпты, тиімді жұмсау қажеттігін нығарлай айтты. Елдің әл-ауқатын көтеру – басты мақсат. Бұл ретте құрғақ сөз, бос әрекетке жол берілмейді деп, Үкімет мүшелеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі

-Құрметті әріптестер, көріп отырсыздар! Президенттің бізге берген тапсырмалары өте нақты әрі айқын. Оның барлығы тез арада шешілуі тиіс. Барлығымызды қауырт жұмыс күтіп тұр. Елбасымен бірге сапарлар болмаса, бүкіл іс сапарларды жылдың соңына дейін тоқтата тұру керек. Аса бір қажеттілік туындай қалса, онда менің жеке үкімім бойынша, еліміздің өңірлеріне де келісім бойынша шығасыздар.

3. Елбасы Ақмола облысына жұмыс сапармен барды

Қазақстандық астықтың 90 пайызы Орталық Азия елдеріне экспортталады. Биыл еліміз шамамен 9 млн тонна бидайды шетел нарығына шығаруды жоспарлап отыр. Жыл басынан бері соның тең жартысынан астамы сатылған. Ал қазақстандық астық экспортының былтырғы көрсеткіші 7 млн тонна болған. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, республика бойынша қырдағы ырыстың бүгінде 64 пайызы орылды. Түскен астық көлемі – 14,6 млн тонна. Өнімділік гектарына шамамен 15 центнерден. Елдегі мол өнімнің үштен бірі Ақмола облысына тиесілі. Диқан қауымы егін бітік шықты. Өнім де жаман емес деп отыр. Енді күн райы кедергі келтірмесе ел ырзығын төкпей-шашпай жинап алу – міндет. Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы өңірдегі Шортанды ауданына арнайы барып, егінжайды аралады. Егіс басындағы еңбеккерлермен жүздесті. Агроөндірісті дамытуға қатысты жағымды жаңалықтарды жеткізді. 

Қамбасы астыққа толы аграрлық аймақ. Елдегі мол өнімнің үштен бір бөлігі осы Ақмола облысына тиесілі. Шөбі шұрайлы, топырағы құнарлы мекен. Жылда мол ырысқа кенелетіні сондықтан. Биыл да диқандардың ас та төк астықтан үмітті екендігі қыран қалықтар биіктен көрініп тұр. 

Бұл Ақмола облысының Шортанды ауданы. Мұнда егін алқаптары көп. Елбасы солардың біріне барып, орақ науқанымен танысты. Биыл ақмолалық диқандар 4,7 млн га жерге түрлі дақылдар еккен. Оның басым бөлігі астық. 220 мың гектарға майлы дақылдар себілді. Бүгінде жартысынан көбі жиналыпты. Қазір комбайыншылардың жұмысы қызған шақ. Елбасы олармен тілдесіп, естелік суретке түсті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я хорошо осведомлен, что выращен хороший урожай. К прошлому году на 4 центнера выше. Качество неплохое. Погода нужна. Вот приехал, чтобы попросить вместе с вами погоду. Но эти комбайны хорошие, не привередливые, лишь бы не вязли в земле. Главное нам сейчас реализовать эту пшеницу.

Мұнда жергілікті ауа райына бейімделген сұрыптар да бар. Өңірде өсетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесінде елбасыға астықтың жаңа түрлері таныстырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Нам наука нужна. Качество сортов, устойчивых для наших условий. Это 30% успеха. Ты в Канаде, в Бразилии со сменами работают, прививают жаростойкие, против вредителей. Надо заниматься этим делом. Можем? 

- У них 34 сорта есть.

- Новые сорта есть? 

- Есть «Тәуелсіздік». 

Президенттің жұмыс кестесі тығыз. Соған қарамастан уақыт тауып, егін жайды аралады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жүздесті. Бұл салаға деген қамқорлықтың белгісі. 

- Во всех делах заботах время проходит, осень проходит. Не успеваю встретиться. Сегодня взял, выскочил просто, все бросил.

- А Вы же на месте не бываете, все время в полете?

- Ну, бываю. Ты тоже скажешь. Там тоже решаются большие задачи. Везде вас не забываю.

Биыл солтүстік өңірлерде егін егу кеш басталды. Жазда жауын-шашын да көп жауды. Соған қарамастан, диқандар: «Жақсы, әрі сапалы өнім аламыз», - дейді. 

Мұхтар Ыбырайым, тілші

-Ақмола облысында астық жинау 1 қыркүйекте басталды. Егіс алқаптарының жартысынан көбі бастырылып үлгерген. Шамамен 3 млн тонна жиналды. Астықты аймақтың диқандары бұл көрсеткішті 5,5 млн тоннаға дейін жеткізбек.

Бұл межеге жету үшін 10 күндей уақыт бар. Диқандар: «Осы аралықта науқанды аяқтаймыз», - деп отыр. Бастысы, өнімділік былтырмен салыстырғанда жоғары.

Қанат Әділбеков, Шаруа қожалығының жетекшісі

-Былтыр біз 16 цн алғанбыз егістіктен. Биыл сол 23-25 деп күтеміз. Мынау жаңбыр жаумаса, егер де ештеңе кедіргі болмаса, 10-12 күнде аламыз.

Биыл өңірде мал азығы дақылдары да көбейді. 2 ірі кооперация құрылып, 900 мың га жерді тиімді игеруге мүмкіндік артты. Егін жинау машиналары да жаңғыртылды. Бүгінде науқанға 8 жарым мың комбайн жұмылдырылған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында егін егумен бірге, өнімді экспорттаудың өрісі кеңейіп жатыр. Мемлекет басшысының жуырда Қытай мен Өзбекстанға сапары кезінде бірқатар келісімдер жасалды. Осылайша, қазақстандық өнімдерге шетелдерде қызығушылық артып отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Ну цены как будут посмотрим, и в России урожай неплохой. Так что конкуренция у нас есть. Но у нас лучше наверное. Куда положить пшеницу у нас есть. Недавно я говорил о новом подходе помощи сельскому хозяйству, какие субсидии будем давать АПК. Но больше нам перерабатывать надо, поднимать стоимость цены, как зерновые, так и мясо-молочные, продавать по выгодной цене для нас, субсидировать будем производительность труда. Мы договорились с вами, конечную продукцию. Государство мощную поддержку оказывает.

Науқан кезінде жеңілдетілген бағамен отын беріледі. 

Елбасының қамқорлығын диқандар ерекше бағалады. Ауыл шаруашылығына субсидия бөлініп, науқан кезінде жеңілдетілген бағамен отын беріледі. Бұл мемлекеттік қолдаудың бір парасы ғана. 

-На сегодняшний день такой хлеб! У нас такого хлеба за 30 лет работы я не помню. Это конечно, наш труд понятно, мы работали. Но ваша поддержка, гербициды, удобрения. У нас техническая мощь, мы парк обновили, вот сегодня все вот такие комбайны. 

-Мало это еще, по сравнению. Мы удобрения не ложем сколько надо. Специально сейчас в Южном Казахстане развиваем предприятие по увеличению фосфоритных руд, больше вкладывать надо, больше денег надо расходовать. По борьбе с вредителями надо работать, сорта надо улучшать. Будет поддержка, мы их догоним. 

Ауыл шаруашылығының даму көші ілгері. Биыл астықты үш аймақ Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары 5,5 млн тоннадан егін жинап бермек. Демек, Ас атасының ырысы мол жыл болайын деп тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Биылғы жылы жалпы жағдай жақсы деп айтуға болады. Біз 20 млн тоннадан артық астық жинаймыз деп отырмыз. Сапасы жақсы, шығуы да жақсы. Енді уақытында жинап алу керек. Қазіргі күннің өзінде 65 проценттен артық егін жиналды. Оның сапасы жаман емес. Қалған кездерде күн жақсы болатын болса астықты жинап үлгереміз деп ойлаймын. Қазірдің өзінде 14 млн тонна астық жиналды. Сондықтан биыл жағдай жақсы.

Журналистерге берген сұхбат барысында экономикалық мәселелер де қозғалды. Шартарапты шарпыған дағдарыстан сәтін салса, келер жылы шыға бастаймыз. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Мы находимся сейчас в кризисе. Я надеюсь, что мы начинаем из него выходить со следующего года - 2017, 2018, 2019 годы. С 2020 года, даст Бог, очень у нас будет хорошо. Во-первых, цены не будут низкими, как сейчас. Во-вторых, мы новые объекты вводим по индустриализации, по всем делам. Аграрный комплекс поднимается. Будет лучше.

Астық жинау науқаны аяқталуға жақын. Бұл орайда бидай сақтау қоймалары ел ризығын қабылдауға дайын. Бастысы, мол өнімнің ысырап болмауы маңызды. Қорыта айтқанда, Елбасы қазіргі науқан кезінде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Айдос Меделбеков

4. Қазақстан мен Гонконг қарым-қатынасы

Осы аптада Елбасы Ақордада бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев Гонконг арнайы әкімшілік ауданының қаржы министрі Джон Цангты қабылдады. Жүздесу барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру барысындағы өзара іс-қимыл мәселелері жан-жақты талқыланды. Мемлекет басшысы сапардың жоғары маңыздылығына тоқталды. Гонконгтың қаржы, инновация және технология салаларында тәжірибесі мол. Джон Цанг Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсеткен қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, бұған дейінгі келіссөздер табысты болғанын айтты. Назарбаев Университетінде студенттермен жүздесіп, қазақстандық білім беру саласындағы озық тәжірибелерге көз жеткізгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Джон Цанг Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықтың бұдан әрі қарай да табысты боларына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я приветствую Ваш визит в Казахстан. Нам очень важно сотрудничество с Гонконгом. Ваше желание участвовать в Международном финансовом центре – это особо важно, особо почетно, потому что Гонконг один из важных мировых финансовых центров, а мы только им становимся и нам нужен ваш опыт. И вообще, инвестиции вашей страны, и наше сотрудничество в общем объеме наших добрых отношений с КНР, это идет в русле.

Джон Цанг, Гонконг арнайы әкімшілік ауданының қаржы министрі

-Қазақстан мен Қытай арасындағы берік серіктестік байланыстар ынтымақтастығымыздың негізі болып саналады. Делегациямыздың құрамында 20-ға жуық іскер топ өкілі бар. Біз Қазақстан тарапымен жемісті келіссөздер жүргізіп, оның барысында талқыланған күн тәртібіндегі барлық мәселелер жөнінде өзара түсіністікке қол жеткізе білдік.

5. Елбасы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге түрік тарапы бастамашы болды.

6. Елбасы Қазақстан халқын Құрбан айтпен құттықтады

Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті мереке күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан халқын Құрбан айтпен құттықтады. Президент Құрбан айт шын мәнінде ел бірлігі мен қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайта түсуге ықпал еткен айтулы мейрамға айналғанын атап өтті. Ислам – бірлікке, адамгершілікке үндейтін дін. Осы орайда Елбасы елді татулыққа, имандылыққа шақырды. Барша қазақстандықтардың шаңырақтарына жақсылық тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Құрбан Айт күні қазақ жұрты мейірбандық, туыстық, таныстық, бір-бірімен көрісіп, кешірісіп, бүкіл жұртқа, xалыққа жақсылық тілейді. Отбасының берекесіне, елдің тыныштығы үшін құрбан шалып, намаз оқиды. Соның бәрі Алланың құлағына шалынып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Біз биыл еліміздің 25 жылдық Тәуелсіздігін атап өтіп жатырмыз. Сол 25 жылдыққа береке-бірліктің арқасында жеттік. Құранда жазылған: «Мұсылман жұрты елді ұлысқа, ұлтқа ешқашан бөлмейді. Барлығы дінді бірдей көреді». Сол бірлік бізді алға қарай алып келе жатыр. Әр уақытта да Алла жар болып, қолдап, еліміздің, қазағымыздың болашағын баянды қылсын.

7. Елбасы Ислам Каримовтің бейітінің басына барып, рухына тағзым етті

Ұзақ жылдар бойы берік достық пен өзара тілеулестік. Қасиетті Құрбан айт күні Ислам Каримовтің бейітінің басына гүл шоқтарын қойып, құран бағыштаған Елбасы көрші елдің бұрынғы басшысымен арадағы қарым қатынасын осылай бағалады. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ елінің атынан бауырлас өзбек ағайынға көңіл айтып, «Өзбекстанның келер ұрпағы Ислам Каримовты әрдайым есте сақтайды деп сенемін. Оның мемлекеттік қызметтегі жетістіктерін қазіргі ұрпақ зерттеп, атқарған істерін өзбек халқының тарихына алтын әріптермен жазады», – деді. 

«Қазақтан досың болса, жолдан адаспайсың»! Бұл – өзбек даналығы. Ал біздің жұрт өзбекті өз ағам дейді. Қуанышты бөлісіп, қиындықты бірге көрген жұрт екеуі де. Нұрсұлтан Назарбаев сол қиындықта ала шапанды бауырларға сүйеу болып барды. Қазақ елі қара жамылған ағайынның қайғысына ортақ.

Нұрсұлтан Назарбаевты Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеев әуежайда қарсы алды. Елбасының қолдап келгенін жоғары бағалап жатыр мұндағылар. Достықтың һәм бауырластықтың белгісі. Ұшақтан түсе сала Қазақстан Президенті  ұзақ жылғы үзеңгілесі Ислам Каримовтың бейітіне бет бұрды. Гүл қойып, өзбек елінің тұңғыш президентінің рухына тағзым етті. Сапардың негізгі мақсаты да сол. 

Елбасы: «Іргесі бірге жатқан екі елдің өркендеуі жолында Ислам Каримовтың орны бөлек», – деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Бүкіл қазақ халқына қиналған жүрегін жеткізу үшін мен бүгін Құрбан айт күні әдейі осы жерге келіп тұрмын. Ислам Әбдуғаниұлының істеген ісі, оның мемлекеттік қызметі әлі болашақта талай рет зерттелетін болады. Талай ғасырларға кететін болады. Біз істеген жұмысының барлығы ел үшін, халық үшін екенін білеміз. Өзбекстанды көтеру үшін, өзбек халқын көтеру үшін аянбай күндіз-түні жұмыс істеп, барлық өмірін, барлық білімін елге берді. Соңғы күнге дейін жұмысын тастамады. Өзбекстанның халқына жақсылық жасады. Өзбекстанды бүкіл дүниеге паш етті, көрсетті. Оның барлығын өзіміз көріп отырмыз. 

Ислам Каримов 1989 жылдан бері өзбек елін басқарып келді. Нұрсұлтан Назарбаевпен бір заманның көшін бастады. Екеуі 30 жыл бойы сыйласты, мызғымас дос болды. 

МҰРАҒАТ:

-Әрдайым қазақ еліне, қазақ топырағына келгенімде өзімнің қандас, бауырлас халыққа келгендеймін. Мен көп мәрте айтқанмын: мен үшін ең әзиз, ең қадірлі достым Нұрсұлтан Назарбаевты көргеніме бақыттымын. 

- Біз бір ананың сүтін ішіп, өскен халықпыз. Өзбек, қазақ, қырғыз, түркімен. Қуанышта халықтар бірге болса, қуана білсе, бір-бірінің қайғысына күйіне білсе, сонда ғана нағыз дос. Нағыз достар қазір біздің қасымызда.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримовтың достығы осы кадрларда көрініп тұр. Екеуі екі елді басқарғанмен, мұрат-мүддесі ортақ еді. Ауылы аралас қазақ пен өзбек халықтарын жарқын болашаққа бастау. Бұл мақсатқа екеуі бірдей жетті деуге негіз бар.

Алайда өзбек басшысы қадірлі достардың ортасын ойсыратып, о дүниеге аттанды. Нұрсұлтан Назарбаев қара жамылған отбасыға көңіл айтып, қолдау көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Орны толмайтын қайғы, әрине. Әсіресе мен үшін, жақын досымнан айырылдым. Екеуіміз бір заманда тудық, бірге өстік. Бір күннен бастап ел басқардық. Ол Өзбекстанды, мен Қазақстанды. 25-30 жылдың ішінде әр уақытта сырлас болдық, бірге болдық. Сондықтан айтып кеткен сөздерінің барлығы менің есімде.

Екі елдің сабақтастығы тереңде. Бағзыдан бастау алады. Тілі мен тарихы ұқсас. Тәуелсіздікті де қатар алды. 1991 жылы бірінен соң бірі дербес ел атанып, серіктес болды. Бұл достық бүгін де жалғасын табуда.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті  

-Мы с Исламом Абдуганиевичем подписали договор о вечной дружбе у мавзолея Ходжи Ахмеда Ясави в 1998 году и наши взаимоотношения всегда основывались на этом соглашении. Казахстан всегда будет рядом  с узбекским народом. Всегда будет в радости и неприятности мы будем вместе переживать.

Бауырлас елдердің алыс-берісі азаймақ емес. Көзі тірісі кезінде Ислам Каримовтың ізгі армандарының бірі осы болатын. Көшбасшының салиқалы саясатын бүгінгі ізбасарлар да жалғастырмақ. 

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін атқарушы

-Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, тағы да Сізге өз ризашылығымды білдіргім келеді. Осынау қасиетті Құрбан айт күні Ислам Каримовтың рухына тағзым етуге келгеніңіз үшін шексіз алғыс білдіремін. Бұл Сіздің Ислам Әбдуғаниұлымен достығыңыз бен кезекті рет қазақ-өзбек халқының ерекше қарым-қатынасын аңғартады. Ислам Әбдуғаниұлы ылғи Қазақстан біздің сенімді серіктесіміз екенін үнемі айтатын. Сондықтан Өзбекстан үкіметі мен халқы сіздер бастаған саясатты жалғастыратын болады. Қазақстан мен Өзбекстан халқы екі ұлы көшбасшылардың ерен еңбегін жақсы біледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я понимаю что переживает ваш народ. Я приехал выразить скорбь свою, великое уважение этому выдающемуся сыну узбекского народа. Что бы скорбь свою выразить от себя лично и казахского народа. Мы должны укреплять отношения. Мы должны укреплять дружбу. Потому что мы фактически единый народ. У нас одна история, у нас один язык, у нас одна религия. У нас одна культура. И сохранить это важно. 

Иісі мұсылман үшін ізгі мереке Құрбан айттың бірінші күні Нұрсұлтан Назарбаев осылайша ағайынның көңілін аулап қайтты. Өзбек бауырлар ризашылық білдіруде. Демек, екі елдің достығы мәңгілік!

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев 

8. Өзбекстан Президенттігіне алғашқы үміткердің есімі белгілі болды

Айта кетейік, Өзбекстан Президенттігіне алғашқы үміткердің есімі белгілі болды. Осы елдің либералдық-демократиялық партиясы саяси кеңесінің отырысында Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынды. Бұл туралы кеше Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. Президент сайлауы биыл 4 желтоқсанға жоспарланған.

9. ТМД елдері басшыларының саммиті

Осыдан 25 жыл бұрын қазақ жерінде іргелі ұйымның негізі қаланған. Алматы декларациясына сәйкес Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылған. Бүгінде бұл ұйым елдерді жақындастыра түсетін бірегей алаңға айналды. Достастық тәжірибесі Еуразиялық экономикалық одақ пен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы секілді интеграциялық ұйымдарға септігін тигізді. Ұйымның мерейтойлық саммиті қырғыз елінде өтті. Айтулы шараға тек жеті елдің Президенті қатысты. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ынтымақтастықтың жұмыс жүйесін модификациялауды ұсынды. Елбасы бастамасымен ТМД-ның 25 жылдығы жөнінде мәлімдеме қабылданды. 

Елдар Бақпаев, тілші

-Бұл үлкен жиынға ресми Бішкек бір жыл дайындалды. Көптен бері жөндеу көрмеген «Манас» халықаралық əуежайына апарар жол қайта төселіпті. Жол бойына мынадай қоршаулар да тұрғызылыпты. Мұны мәртебелі меймандарға барынша қолайлық тудыру үшін жасаған болып көрінеді. Алайда тапқыр билік қала келбетіне нұқсан келтіретін ескі үйлерді осылайша жасырғанға ұқсайды.

Ал қонақтардың көңілінен шығу үшін қырғыздар қаржы үнемдемепті. Мәртебелі меймандар үшін арнайы қабылдау үйі тұрғызылған. «Ала-Арша» мемлекеттік резиденциясында бой көтерген екі қабатты киіз үйдің құрылымы да өзгеше. Аумағы 1,5 мың шаршы метр, шамамен 300 адамға шақталған. Резиденциядағы қауіпсіздікті 3 мыңға жуық тəртіп сақшысы қадағалады. Тазалыққа да жіті көңіл бөлінген. Ресми деректерге сүйенсек,мұның барлығына үкімет 18 млн сом жұмсаған. Əлбетте, бұл шараның шарапаты соммен өлшенбейді. Аузы дуалы саясаткерлердің қырғыз жеріне келіп кеңесуі ресми Бішкек үшін үлкен ұпай.

Манас халықаралық əуежайындағы ұшақтардың қатарын Қазақстанның нөмірі бірінші борты да  толықтырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш шараға арнайы келді. Манас әуежайына табан тіреген Қазақстан Президентін бауырлас қырғыз халқы ерекше құрметпен қарсы алды. 

Мерейтойлық  саммит меймандарын Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың өзі қарсы алды. Бекітілген тəртібі солай. Мемлекет басшылары резиденцияға жеке дара келулері шарт. Алайда қазақ басшысы мен Беларусь Президенттері бұл қағиданы сəл бұзып, қызыл кілемде бірге жүріп өтті. Алмазбек Атамбаев бұл ретте Түркі Мемлекеттерінің ақсақалына ерекше ілтипат білдірді. Ал алты жылда Қырғызстанға алғаш келген Лукашенкоға демеу қажет болған сыңайлы. Атап өтерлігі, достастық құрамындағы мемлекеттердің басшылары бұл жолы толық құрамда кездесе алмады. Саммитте тек алты елдің президенті бас қосты. Ресей Президенті Владимир Путин де бәз баяғы қалпынан танбады. Молдова бұл жиынға үкімет басшысын жіберсе, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі арнайы келген. Өйткені бұл екі елде де жуырда өтетін президенттік сайлауалды науқаны жүріп жатыр.   

Қол алысу, естелік суретке түсу. Ресми шаралардың ізін ала шағын құрамдағы кездесу өтті.

Президенттер бақилық болған үзеңгілестері Ислам Каримовты еске алды.

Алғаш болып сөз алғандардың бірі – Нұрсұлтан Назарбаев. Кезінде аталған ұйымның құрылуына пәрмен берген Елбасы, əр жиында маңызды ұсыныстарымен ерекшеленеді. Бұл жолы да солай болды. ТМД экономикалық дамуын жандандыру қажет. Достастықтың 2008-де қабылдаған даму стратегиясы уақыт талабына сəйкес келмейді. Сондықтан ұйым құрамындағы елдердің экономикалық дамуына серпін беретін шаралар жиынтығын жандандыру керек. Бұл мәселе жуырда өткен G20 саммитінде де сөз болған еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Речь идет о смене устарелого  консенсуса. На саммите обсуждались вопросы смены устаревшей модели развития и переход к новой цифровой экономике, сопровождаемой глобальной индустриальной революцией. Это сигнал к открытию и началу освоения нового способа общественного производства, основанного на новых видах энергии, новых классах валют и новых формах общественных отношений. Перед лицом этих проблем нам в рамках СНГ также следует теснее взаимодействовать, активизировать совместные проекты.

Яғни Қазақстанның ұсынысы бойынша Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымының тиімділігін арттыру маңызды. Заманауи жағдайға бейімделу қажет. Мұндай уағдаластық бар. Енді тек бірлескен əрекетке кірісу керек. Мұнымен қоса, ТМД елдерін дамытуда көлік-транзиттік әлеуетті барынша тиімді пайдаланған ләзім.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Казахстан предлагает актуализировать пакет мер по стимулированию экономического развития стран СНГ. Если специалисты подумают, можно этот вопрос решить, создавая условия взаимопроникновения экономики, создавая условия для свободной торговли. Второе, важную роль в развитии стран СНГ в современных условиях играет эффективные условия пользования транспортно транзитного. Мы – все государство СНГ являемся очень важной территорией, частью транзитного потенциала между Азией и Европой, и с севера на юг тоже. Но каждая страна решает этот вопрос сама. Наблюдается дублирование, несогласованность между странами по релизам крупных транспортных проектов. По-моему, если мы договоримся, то я бы мог взяться за это, чтобы координировать нашу политику в этой области на пользу всем нам. Необходима постоянная работа по совершенствованию деятельности нашей организации, обеспечению его функциональной гибкости.  

Қазіргі экономикалық һəм саяси жағдайларды ескерсек, мемлекет басшыларының əңгімесіне арқау болған тақырыптар жетіп артылады. Тараптар халықаралық терроризм мен экстремизмді ауыздықтаудың күрделініп бара жатқанын тілге тиек етті. Дөңгелек үстел басына жиналғандардың барлығы əлемнің құтын қашырған бұл қауіпке тек бірлесе әрекет ету арқылы тойтарыс беруге болатындығын жақсы біледі. Ресми мəлімдемелерден кейін Президенттер бақилық болған үзеңгілестері Ислам Каримовтың рухына тағзым етті. Қара жамылған Өзбекстанның ендігі келешегіне алаңдайтындарын да жасырмады. Қазақ көшбасшысы басына іс түскен ала тақиялы ағайынға қашанда қолдау көрсетуден аянып қалмайтынын жеткізді. Тараптар кеңейтілген құрамдағы кездесуді бастамас бұрын орны ойсырап бос тұрған Ислам Әбдуғаниұлын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Алмазбек Атамбаев, Қырғыз Республикасының Президенті 

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысы бойынша мемлекет басшылары біз бауырлас Өзбек халқына тұрақтылық аясында сайлау өткізу жөнінде мәлімдеме жасау туралы шешім қабылдадық. Ислам Әбдуғаниұлының ерен еңбек жолын жалғастыра отырып, берекелі өмір сүрулеріне ұйымға мүше елдердің барлығы тілеулестік білдіреді.

«ТМД: терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастық» бағдарламасы бекіді.

Мерейтойлық саммитті қорытындылай Мемлекеттердің басшылары оннан астам құжатқа қол қойды. Соған сәйкес 2020 жылы ТМД елдері шеңберінде санақ жүргізіледі. Ал 2017 отбасы жылы деп жарияланбақ. Оған қоса халықаралық терроризмге қарсы күрес жүргізуде Ынтымақтастық бағдарламасы бекіді.  

Сергей Лебедев, ТМД Атқару Комитетінің төрағасы

-2017-2019 жылдарға арналған терроризммен және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресте ТМД мемлекеттерінің Ынтымақтастық бағдарламасы туралы келісімге қол қойылды. Сондай ақ 2016-2020 жылдарға арналған ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарға қарсы күресуге басымдық бердік. Мерейтойлық саммите көтерілген мәселелердің барлығын жүйелі жүзеге асыруымыз тиіс.

Мұндай саммиттерде қабылданған шешімдер достастық құрамындағы елдердің қашанда мақсаты бір, мүддесі ортақ екенін байқатады. Рас, ширек ғасырда ұйым шеңберінде түйіні тарқатылған мәселелер жетіп артылады. «Ауызбіршілікті қалай бекемдейміз? Алыс берісті қайтсек арттырамыз?» деген сауалдарға əркім өзінше жауап іздемеді. Бірігіп бас қосты, дөңгелек үстел басына жиналып, сұхбат құрды. Өйткені кез келген ұйым аясындағы келіспеушіліктер тек бір біріне құлақ асқан жағдайда ғана шешіледі.

Жолборс Жоробеков, Қырғыз Республикасы Парламентінің экс-депутаты

-Тарихта жиырма бес жыл деген теңізге тамған тамшымен бірдей. ТМД бірлестігі бұл жылдар ішінде қыруар шаруа тындырды. Бірақ ол проблема енді жоқ дегенді білдірмейді. ТМД ұйымы саяси одақ екенін түсінуіміз керек. Әр бірлестіктің өз міндеті, басты тапсырмасы болады. Сондықтанда бұл отырыста айтылатын келелі пікірлер ескеріледі деп ойлаймыз. Ауылы аралас, қойы қоралас біздің елдер үшін бұл жиындардың маңызы зор.

Сондай-ақ жиын барысында Әзербайжанның көне шаһары Гянджа ТМД мәдени астанасы мәртебесіне ие болды. Əріптестерінің құттықтауын тек Ильхам Əлиев қана емес, саммит қожайыны Алмазбек Атамбаев та қабылдады. Мерейтойлық шарадан соң қырғыз басшысының жеке мерейтойы да осы құраммен аталып өтпек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-В заключение хочу поздравить уважаемого Алмазбека Атамбаева, уже приблежается время с юбилеем 60 летием со дня рождение. Надо было с этого начинать. Пожелать крепкого ему здоровье и благо кыргызскому народу.

Ал ТМД Мемлекеттері басшыларының кезекті отырысы 2017 жылдың күзінде Мәскеуде өтетін болды.

Авторлары: Елдар Бақпаев Ержан Қанапияұлы, Жанұзақ Боранбаев, Алмас Омарғалиев

10. Жергілікті өзін-өзі басқару

Осы аптада Мәжілісте жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру жолдары қарастырылды. Жалпы жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғындардың өзі шешуі Конституцияның 89 бабында айтылған. 

2013 жылы халық саны 2 мыңнан асатын елді мекендер өзін-өзі басқаруды бастаған. Яғни сайланған әкім ауылдың жеке бюджетіндегі қаражатты жергілікті қоғамдастық мүшелерімен ақылдасып, жұмсайды. Жергілікті қоғамдастық өмір көрген, тәжірибесі мол 10-15 ауыл белсендісінен жасақталады. Олар екі айда 2-3 рет болатын жиналыста түрлі түйткілдерді тізіп, әкімге жеткізеді. Бұрын қаржыны ауылдарға аудан бөліп беретін.

Ендігәрі алты түрлі салық ауыл бюджетіне тікелей түседі. Олар – мүлік және жер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын жер салықтары, көлік пен табыс және заңды тұлғаларға салынатын көлік салықтары. Сондай-ақ сыртқы жарнаманың табысы, әкімшілік құқық бұзушылықтан түскен айыппұлдар да ауыл шотына беріледі. 

Мысалы, жергілікті өзін-өзі басқаруды қолға алған бір аймақ – Қызылорда облысындағы Нағи Ілиясов ауылы. 2 мың 300-дей тұрғыны бар. Аймақтағы бар мәселені қоғамдастыққа мүше ардагерлер ауыл әкімімен бірге талқылайды. Келісіп, шешім қабылдайды.

Төребек Жұманбекұлы, Жергілікті қоғамдастық мүшесі

-Бірінші кезекте бізге не керек осы ауылға. Жарық керек пе? Аяқ су мәселесін шешу керек пе? Құрылысқа қажетті дүниелерді талқылаймыз. Өзіміздің пікіріміз бір жүйеге келгеннен кейін қараймыз. Жоғарыға әкімшілікке ұсыныс береміз. Оған қоғамдық кеңестің мүшелері 13 адам қол қоямыз.

Керейтбай Мамытов, Жергілікті қоғамдастық мүшесі

-Келесі жылғы жоспарды былай жоспарлап отырмыз.

Өзін-өзі басқару әкім мен халықтың бірлесіп жұмыс істеуіне жол ашады. Ретімен, жүйелі жүзеге асса, азаматтардың белсенділігі һәм қызығушылығы, ал басшылардың іскерлігі артпақ.

11. Мәжілісте бюджет талқыланды

Мәжіліс тағы бір маңызды заң жобасын талқылауға кірісті. Үш жылдық бюджет жобасын депутаттарға Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев түсіндіріп берді. Жоспар бойынша қазынадан бөлінетін қаржының 41 пайызы әлеуметтік салаға жұмсалады. Жұмыс орындары сақталып, зейнетақы екі есеге артады. Яғни қараша халыққа берері көп. Үкімет мүшелері шығынды үнемдеудің нәтижесінде 400 млрд теңгенің құралғанын жеткізді. Ол Ұлттық қорға қайтарылады. Тарта жесе тай қалады. Келесі жылы да 300 млрд-қа жуық ақшаны үнемдемек ойда.

Сонымен басым бағыттар қатарына әлеуметтік төлемдер, медициналық көмек, кадр даярлау, денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу мен «Жол картасы-2020» бағдарламасы еніп отыр.  

«Бұл есептеулердің барлығы қара алтын мен көк қағаздың айналасынан шықты», – дейді министрлер. Олар алдағы үш жылдың есеп-қисабын мұнай бағасының баррелін 35 доллармен түйіндеген. Заң жобасының алғашқы таныстырылымы депутаттардың көңілінен шықты деп айту қиын. Халық қалаулылары мемлекет қаржысын игеруде ысырапшылдыққа жол беретіндерді жауапқа тарту жайын көтерді. Оған қоса әлеуметтік түйткілдерді шешу жолдарын нақтылады.  

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Осы бюджетте «Ақбұлақ» бағдарламасына 30 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Жалпы Қазақстанның барлық өңірлері бойынша қанша елді мекен ауылдар ауызсу мәселесі шешіледі?

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық Экономика министрі

-2017 жылға біздің министрлік бойынша ауыз суға 19 млрд теңге қарастырылған. Ол бүкіл жаңа жобаларға. Өткен жылмен салыстырсақ ол 3 есеге өсті. Өйткені өткен жылдары жаңа жобаларға 6,1 млрд.теңге қарастырылған еді. Жаңа жобаларды тағы да жинап жатырмыз аймақтардан. Сол цифраларды қарап, зерттеп, мүмкін келесі жылы уточнение болған кезде қайтадан қарастырамыз.

12. Шикізаттық базаны кеңейту керек

Күн сайынғы трансформация. Қазір қазақстандық тау-кен өндірісі осы бағытта жұмыс жасап отыр. Әлемдік қаржы дағдарысын еңсерудегі басты талап та осы. «Тау-кен Самұрық» компаниясы қаржылық, басқарушылық және өнеркәсіптік даму бағыттарын жаңартты. Нәтижесінде алтын, кремний, мырыш өндіру қарқын алды. Қызылорда облысында Шалқия кеніші кешенді түрде игеріле бастады. Қарағандыдағы кремний зауыты жыл соңына қарай толық қуатына көшеді.

Ал Қазақстан алтыны шикізат күйінде бұрынғыдай шетелге жөнелтілмейді. Өз елімізде тазартылады. Алынған өнім валюталық қорымызды ұлғайтуда. 

Металлургияның даму қарқыны әлемдік нарықта сан құбылды. Түсті және қара металлдар бағасы да тұрақсыз. Соған қарамастан «Тау-кен Самұрық» компаниясы құлдырауға ерік бермеді.

Мәжит Тұрмағамбетов, «Тау-Кен Самұрық» АҚ басқарма төрағасы

-Дағдарыстың әсерінен біз кен барлау жұмыстарына қыруар қаржы бөле алмаймыз. Демек шикізаттық базаны кеңейтеміз. Біз дамуға бет алған компаниямыз. Бізде күн сайын трансформация. Бизнес құрылым қандай міндеттің туындауына байланысты өзгеріп отырады.

Дәл осы бағытты ұстанған компания бірнеше кәсіпорынды сатып алып, қайта құрды. Озық технологияларды енгізді. Тоқтап тұрған өндіріс орындарын қайта жандандырды.

Қаратаудың етегіндегі Шалқия кеніші. Дүние жүзі бойынша зерттелген мырыш қоры жағынан 4-ші орында. 2008 жылғы әлемдік дағдарыста алып өндіріс тоқтатылған-ды. 6 жылдан кейін «Самұрық-Қазына» қорының құзырына өтіп, кен игеру ісі қайта жанданды.

Нәжмадин Мұсабаев, «Шалқия Цинк» ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі

-Бұрын Шалқиядан шығарылған руда Кентау кен байыту фабрикасына жіберілген болса, қазіргі мақсат – жаңадан кен байыту фабрикасын салу. Бірінші кезеңі кен байыту фабрикасының 19 жылы пайдалануға беріледі деп отырмыз. Ол кезде Шалқия кенішінде 2 млн тонна руда байытылатын болады. Сөйтіп мырыш және қорғасын концентраты алынады. 20-шы жылдары кен байыту фабрикасы толық қуатында 4 млн тонна руда байытылатын болады.

Кеніштегі апаттық жағдайда тұрған тау-кен қазбалары қайта қалпына келтірілді. Еңбеккерлер үшін жатақхана, спорттық сауықтыру кешендері салынды. Қазір мұнда 500-ге жуық адам еңбек етуде. Кен байыту фабрикасы толық қуатына көшкен кезде 2 жарым мыңға жуық адам жұмысқа тартылады.

Ал мынау Ұлытау жеріндегі кремний зауыты. «Тау-кен Самұрық» компаниясы қыруар қаржы бөліп, бірнеше жыл тоқтап қалған өндірісті қайта іске қосты.  

Марғұлан Оспанов, кремний зауытының жұмысшысы

-Зауыттың қайта келуі туралы мүлде ойлаған жоқпыз. Зауытымыз қайта орнына келіп, қаншама халық жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып кремний өндірісін жолға қойды. Ғарыш, электроника, құрылыс саласында кеңінен қолданылатын бағалы металл әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие. Сондықтан өнімнің 90 пайызы экспортқа жөнелтіледі.

Мұрат Жүкенов, «Тau-ken temir» ЖШС басқарма төрағасы

-«Тау кен темір»-«Тау кен Самұрық» компаниясының қосалқы мекемесі ретінде трансформациялау бағдарламасына қатысуда. Серіктестік өндірістік жұмыстарды басқару және дайын өнімді әлемдік нарыққа шығару бағытында өзгерістер енгізді. Оған қоса сапа менеджментін көтеру жұмыстары қарқын алды.

Зауыттың техникалық және қосалқы жабдықтарына аудит жүргізілді. Қазір өндірісті әртараптандыру шаралары пысықталуда. Биыл жыл соңына қарай жобаның толық қуатын еңсеру жоспарда. Сол кезде жылына 23 мың тонна кремний шығарылады. 2020 жылға дейін зауыттың орталық зертханасы және кенді тасымалдап, сақтау жабдықтары жаңартылмақ. Бұл серіктестіктің қаржылық ахуалын жақсартып, әлемдік нарықтағы әлеуетін арттыруға сеп. «Трансформацияның түпкі нәтижесі де осы», – дейді компания басшылары. 

Мәжит Тұрмағамбетов, «Тау-кен Самұрық» АҚ басқарма төрағасы

-Мемлекетке не бере алатынымызды, мемлекеттен не көмек күтетінімізді түсінуіміз керек. Біз айқындадық. Шағын және орта бизнеске, кен өндірісіндегі «Казақмыс», «Қазцинк», «ENRC» секілді компаниялардың жолына кедергі болмаймыз. Керісінше дамуына ықпал етеміз.

Биыл 12 тонна алтын шығарылады.

Құрамында алтыны бар шикізатымыз бұрынғыдай шетелге жөнелтілмейді. Биыл үшінші жыл бағалы металл өз елімізде алынуда. Қазірге дейін 24 тонна алтын өндіріліп, еліміздің валюта қорына жолданған. Зауыт ерекше қатаң тәртіппен қорғалып, бақыланады.

Бағдат Бектұрғанқызы, тілші

-Қазақстанның алтын-күмісі осы «Тау кен алтын аффинаждау» зауытында өндірілуде. Мұнда бағалы металдарды аффинаждау яғни тазалау жоғары үлгідегі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін әдіспен жасалады. Өндірістің ең соңғы нүктесі. Мұнда алтын 1 граммнан бастап 12 килограммға дейінгі көлемде шығарылады екен. Сәлеметсіз бе?! Жұмыстарыңыз қалай жүріп жатыр?

-Жақсы. 

-Күніне қанша шығарып жатырсыздар?

-Әрқалай, бүгінге 100 кг.

Руслан Сүлемханұлы, алтын балқытушы

-Алтынды мен 1 300 градуста балқытамын да, осындай алтын бұршақтар аламыз. Осындай алтын бұршақ жасаймыз. Бұл алтын бұршақтан кейін стандартты құйма құямыз. Суытылып шығады. Содан кейін мына кептіргішке салып кептіреміз.

Қымбат бағалы металл электрохимиялық әдіспен тазартылады. Барлық өндірістік процестер автоматтандырылған. Зауыт іске қосылған алғашқы жылы 7 тонна, 2015 жылы 10 тонна алтын өндірілді. Биылғы жоспарда 12 тонна өнім алу бар.

Мейрамғали Тілеужанов, «Тау-кен Алтын» ЖШС директоры

-Президент бізге мақсат қойып жатыр. 2017 жылы Қазақстанның алтыны 70 тоннаға дейін жету керек. Сол 70 тонна алтын шықса, біздің зауыт соның бәрін игереді. Оған мүмкіндігі толық жетеді. Мынадай инвестициялық алтындарды да шығара аламыз. Мынау 100 граммдық. Мынау 1 кг.

Инвестициялық алтындар – отандық зергерлер үшін таптырмайтын мүмкіндік. Қазір ірі компаниялар қызығушылық білдіре бастапты. 

Мейрамғали Тілеужанов, «Тау-Кен Алтын» ЖШС директоры

-Бүгінгі бағаға қарағанда мына құйманың өзі 560 мың АҚШ доллары тұрады. Әр күні өзгереді. Лондон биржасымен. Аффинаждың бағасы бүгінгі күні Ресейдің аффинаждық бағасыменен теңесті. Ресейдің бірнеше компаниясы бізге келіп алтынды беретін түрі бар.

Отандық мұнай-химияны дамыту үшін елімізде біріккен химия кәсіпорны құрылған. Бұл компания екі кластерлік өндірісті жолға қоймақ. Қазір құны 870 млрд. теңге болатын мұнай және агрохимиялық түрлі өнімдер шығаратын үш зауыттың құрылысы жүріп жатыр.  

Жеңіс Өсербай, «Біріккен химия компаниясы» ЖШС басқарма төрағасы

-Нарықтағы қазіргі жағдайға қарамастан біздің кәсіпорындар өз қарыздарын өтеп отыр. Бірде-бір жұмыс орны қысқартылған жоқ. Біздіңше, дағдарыс – уақытша құбылыс. Бұл саланың ұзақ мерзімдік даму бағыты айқын.   

Атырауда полимер өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылды. Әзірге 20-25 пайыз қуатында жұмыс жасауда. Ал Степногорск қаласындағы күкірт қышқылын өндіру ісі қарқын алды.

Каспий аймағынан әкелінген шикізат осы жерде өңделеді. Экологиялық қауіпсіздік қатаң сақталады. Мамандар күкірт қышқылын алу процестерінің барлығы автоматты түрде атқарылатынын айтады.

Төлеужан Жексембаев, «БК КҚЗ ҚазАтомӨнеркәсіп» ЖШС директоры

-Зауыт қосылғаннан бері 119 мың тонна күкірт қышқылын өндірдік. Бүгінгі күні зауытымыз 80 пайыздық қуаттылықпен жұмыс жасауда. Және зауытымызда 231 адам жұмыс жасайды. Бүгінгі күні еңбекақы уақтылы төленеді. Биылғы маусым айында еңбекақы 6,6 пайызға өсті. Барлық кадрлар – жергілікті жердің адамдары.

Зауыт былтыр қазан айында қайта жабдықталып іске қосылды. Қазір тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Жылына 180 мың тонна күкірт қышқылын шығаруға қауқарлы. Алынған шикізат еліміздің солтүстік өңірлердегі уран өндіруші кәсіпорындарына жеткізіледі. Осындай жобалардың нәтижесінде химия өнеркәсібі алға жылжып, отандық экономика өркендей бермек. 

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Нұрлан Жақыпбек, Ардақ Асылханұлы, Қанат Әбілдин

13. Машина жасаушылар форумы

Тау-кен өндірісі ғана емес, отандық машина жасау саласында да өсім бар. Қазақстан енді автокөлік нарығында шетел нарығын бағындырмақ. Былтыр бұл салада өндіріс көлемі 30 пайызға кеміген еді. Бірақ, зауыттар өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Ішкі нарықты сапалы өніммен қамтыды. Елімізде құрастырылған автокөліктер Ресей, Армения мен Қырғызстанға экспортталды. Ендігі меже – Қытай және Иран.

Мейрам Пішембаев, Қазақстанның машина жасау одағы басқармасының төрағасы

-Қазақстанның машина жасау саласында экспортқа арналған тауарлар ол мұнай-газ машина жасау саласы, электротехника шығаратын машина шығаратын саласы дамып, экспорттары 139 пайызға дейін өсіп жатыр. Былтырғымен салыстырғанда. Сол секілді ай сайын жалпы өндіріс, машинажасау саласында 2 пайызға қосылып жатыр. Сондықтан кризиске кірердің алдында 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылдың қорытындысымен біздің ойымыз, 90 пайызға дейін өндірісті көтеруге мүмкіншілік болады.

Астанада өткен машина жасаушылардың төртінші форумы табысты болды. 20 елдің 100-ден астам өкілі қатысқан шара барысында қазақстандық өндірушілер іскерлік келісімдерге қол жеткізді. Германия, Түркия және Татарстан автоконцерндерімен әріптестік меморандумына қол қойылды. Енді өнеркәсіптің сан түрлі саласына қажетті көліктер біздің елде құрастырыла бастайды. Бұған индустрияландыру картасының айтарлықтай ықпалы болғанын айта кетейік. Қазірге дейін машинажасау саласында 88 жоба жүзеге асырылып, 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Мұнай-газ және теміржол көліктерін шығаруға басымдық берілген. Алдағы бес жылда Шығыс Қазақстан облысында «Азия авто» жобасының екінші кезеңі басталады. Нәтижесінде жылына 120 мың көлік құрастырылады. Көп ұзамай елімізде электромобильдерді шығару ісі қолға алынады. Естеріңізде болса, Еуроодақтың шешімімен 2050 жылдан бастап ішкі жану қозғалтқыштары бар көліктерді пайдалануға шектеу қойылады. Яғни бұған дейін пайдаланылған темір тұлпарлардың қолданыс аясы шектеледі.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және Даму министрі

-Қазақстанда алғашқы электромобильдер сынақтар өтуде. Алдағы уақытта бұл өндіріске қажет инфрақұрылым салу жоспарлануда. Сонымен қатар бұл бағытта Алматы және Астана қалаларының жанар-жағармай құю станцияларын дамыту жобасы жасалмақ.

14. Алматы қаласы 1000 жылдық тойын тойлауда

Іле Алатауының бөктеріндегі сұлу қала он ғасырлық тарихында еліміздегі ең ірі мегаполиске айналды. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи һәм экономикалық және индустриялық орталығы саналады.Шаһардың мыңжылдығы ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешіміне сәйкес халықаралық деңгейде аталып өтуде. 

Ұлан Нарынбек, тілші

-Кейбір деректерге сенсек, бүгінгі Алматы қаласының аумағында ортағасырлық ондаған қоныс пен бірнеше ірі қала болған. Өкініштісі, солардың ешқайсысы сақталмаған. Бізге дейін жеткені тек мынадай көне шаһардың орны ғана.

Алматы – тарихы ғасырлар қойнауында жатқан қала. Археолог Арнабай Нұржанов ықылым заманда бір емес үш Алматы қаласының болғанын айтады. 

Арнабай Нұржанов, археолог

-Моңғол-қытай естеліктерінде «Гурибан-Алмату» деген сөз бар. Гурибан деген сөз 3 деген мағынаны білдіреді. Үш Алматы дегенді. Алматының маңындағы 3 көл бар, үш өзенді санайды. Ал енді соңғы деректер бойынша, бұл үш өзен де, үш көл де емес, Алматының аумағындағы үш қаланың өзі сол үш өзеннің бойында болған.

Сол көне шаһарлардың бірі қазір Шекара академиясының, екіншісі Атакенттің астында қалған. Ал мынау үшінші қаланың орны. Бұл Алмаарасанға барар жолдың бойында жатыр. Тарихи мұраның үстіне кәсіпкерлер алма бақ салған.  

Арнабай Нұржанов, археолог

-Аэрогеофизика деген мамандық бар. Сол арқылы зерттеген кезде бұл қаланың аумағы  4 гектар. Орталық бөлігі. Ал енді ары жағындағы жалпы аумағы бұл 22 гектарды құрайды. Төрт гектар жерде бұл қаланың цитадель дейміз, орталық бөлімі осында орналасқан.

1979 жылы қазіргі Шекара академиясының аумағынан бірнеше күміс теңге табылады. Сол ақшаларды зерттеген нумизмат-ғалым Настич «Теңгелер Алматуда соғылған» деген жазуды оқиды. Қала ретінде құлап, маңызын жоғалтса да, «Алматы» топонимі осы күнге дейін сақталған.

Нұрлан Атығаев, тарихшы

-Алматы деген атау осы 19-20 ғасырларға дейін сақталып келді. Осы аймақта Верный бекінісін құрған майор Перемышельскийдің өзі осы бекіністі Алматы деген жерде салып жатқанын өз жазбаларында жазып кетті.

Ел астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілген соң, қаланың тыныс-тіршілігі жандана түседі. Мына фотосуреттер –соның дәлелі. Университет, театр, ғылым академиясы және басқа да маңызды ғимараттар бой көтере бастайды.   

Гауһар Бекішева, ҚР Президенті архивінің басқарма басшысы

-1937 жылғы қала көшесінде трамвай мен түйенің қатар келе жатқандығы. Бұл трамвайдың ең алғашқысы осы Алматы қаласында пайда болған. Сонымен қатар қазіргі Райымбек даңғылы, бұрынғы Ташкент аллеясы. Жол салу сәті. Алматыдағы ең бірінші отарбаның пайда болғанын мына суретте көріп отырғандармыз. 

Мыңжылдыққа арналған мерекелер айдың соңына дейін жалғасады.    

Атақты әнші Нұрғали Нүсіпжанов Алматының орталығындағы «Аққу» субұрқағына келіп, бір серуендеп кетуді студенттік кезден дәстүрге айналдырған. Өнер иесі – Алматының 60 жылдан бергі тұрғыны. Сүйікті қаланың адам танымастай жаңарып, өзгергенін айтады. 

Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның халық артисі

-Алматымызды аялап сақтап, тазалығын ұстап, кейінгі немере, шөберелерімізге Алматыны жарқыратып, табыс етіп жүрсек, тамаша болар еді.

Тәуелсіздіктің алтын бесігі Алматы бүгінгі таңда Еуразиядағы ірі мегаполиске айналған. Мәдениет пен өнердің тамырын терең жайған жері. Еліміздің ғылым, өнеркәсіп, қаржы және сауда орталығы саналады.

Рахман Алшанов, Алматы қалалық мәслихатының депутаты

-Көшбасында келе жатқан, өзінің тәжірибесін жан-жаққа таратып отырған қала деп айтуға болады. Республиканың бюджетіне Алматы қаласының үлесі үштен бірге жетті. Ол енді үлкен көрсеткіш.

Алматыдағы мерекелік іс-шаралар қыркүйек айының алғашқы күндерінен басталды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін әртүрлі музыкалық фестивальдар өтуде. Жәрмеңкелер мен көрмелер де мерекенің шырайын келтіре түсті. 

БЛИЦ

-Біраз қалаларды көргем Қазақстанның, енді Алматы Қазақстанның жүрегі деп айтуға да болады.

-Алматым, елім, халқым көркейе берсін. Соның арқасында Алла тыныштық беріп, бейбітшілік орнауда.

-Бұл жалпыға ортақ мереке. Тек қана алматылықтардың мерекесі емес, барлық қазақстандықтардың мерекесі деп ойлаймын.

Ал ертең дәстүрлі «Алма фест» алма фестивалі ашылады. Кешке қарай «Алматы Арена» мұз айдынында «Алматының 25 шыңы» атты гала-концерт өтеді. Мерекелік концерт бағдарламаларының басым бөлігі тәуелсіздік жылдар шежіресіндегі Алматының рөлін айшықтауға арналған. Қала қонақтары мен тұрғындар «Apple Fire» отшашуын да тамашалай алады. Жалпы мыңжылдыққа арналған мерекелік шаралар осы айдың соңына дейін жалғасады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Мұхтар Ыбырайым, Айдар Әбдешев