Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық артады

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымын 5 млрд долларға дейін және орта мерзімді перспективада 10 млрд долларға дейін ұлғайту көзделуде.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Құдратовтың кездесуінде айтылды. Өзбекстан Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі саналады. Себебі Қазақстанның Орталық Азиямен тауар айналымының 57% -дан астамын құрайды. Ал тараптар қыркүйек айында «Халыққа қызмет көрсету орталығы - Орталық Азия» индустриялдық аймағында жобалардың тұсаукесерін ұйымдастырмақ.