Хабар телеарнасы

Жеті күн 25.02.2017

Сюжеттер
1. Қазақ Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 70 жыл 2. Экономиканы дамыту 3. Қауіпсіздік кеңесінің отырысы
4. Астана процесінің пайдасы 5. Салиқалы сыртқы саясат 6. Конституциялық реформа
7. Конституциялық реформаны талқылау кезеңі аяқталды 8. Бюджет қаржысы ұлғайтылды 9. Цифрлы Қазақстан
   
10. Әкімдер халыққа есеп берді    

1. Қазақ Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 70 жыл

Аз уақыт емес, әрине. Яғни шалалық қылар балалық кезең артта қалды. Оның үстіне жаңалық атаулыны орталыққа тартатын кеңестік дәуірдің де дәурені аяқталғалы 25 жылдың жүзі болды.

Бірақ Қаныш Сәтбаев салған сара жолды бүгінде самарқаулық жеңген сыңайлы. Осы тұста академиктің орамдары ойға оралады: «Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді. Өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады». Міне, бүгінгі кемдік осында.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Программа которая мы называли «Нұрлы жол» это касается инфраструктурных проектов. Мы хотим создать сеть автомобильных дорог, мы близкий к этому. Железных дорог мы создали. Как никогда за эти году, за последние десять лет построено 2700 км железных дорог которые соединили Казахстан вот так горизонтально, у нас все дороги шли на север. Между собой области не общались даже. Сейчас мы это закончили. И там везде требуется включение науки. Производительность труда идет, опираясь на какие-то открытия науки, останавливается и здесь без подключение науки дальше производительность не может расти. Я думаю здесь как раз есть момент подключение науки вместе с предприятиями.

Ғылым дамымай, техникаға тіл бітпейді. Техника алға баспай, өндіріс өркендемейді. Мұны ғалымдар өзгелерден гөрі әлдеқайда жете түсінуі тиіс емес пе? Ендеше олардың ойын тежеп, қолын байлап тұрған не нәрсе?

Әдеттегідей әдетке басып, қаржы қысады деп айтуға да ауыз бармайды. Өйткені жыл сайын берілетін ақша артпаса, азаймапты. Мәселен, соңғы үш жылда 100 миллиард теңге бөлінген. Айта кеткен жөн, ғылымды қоректендіруші негізінен – мемлекет. Ал жекелеген секторлардан тапсырыс түсіп, табыс тапқандар әзірге саусақпен санарлық. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Кейде Томирис, Шыңғыс хан қазақ екен деп жатады. Біздің басқа айтатын сөзіміз жоқ па? Басымызды артқа қарай бұрып, алға қарай қалай жүреміз? Алға қарайтын кез келді. Тони Блэр: «Великобритания имеет великую историю но мы же не можем жить в музее, надо людей посадить за компьютер» Парламентте айтқан сөзі бар еді. Сол сияқтыны біз де ойлауымыз керек. Сіздерден зиялы қауым, білімді, дуалы ауыздардан шығатын сөздер болу керек, болашақты ойлауымыз керек.

Әрине, білім іздеп, ілім қуғандар күн санап көбеюде. Жылына мыңдаған ғалым өз жобасын қорғап, патент алады. Бірақ Қазақстандағы әрбір оныншы ғылыми жұмыс плагиат. Бұл – Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы таратқан мәлімет. Мұны жоққа шығарайын десең, бір туындыға екі автордың таласқан сәттері еміс-еміс еске түседі.

Қазақ: «Көрпеңе қарай көсіл», – дейді. Сондағы көсілгеніміз көшіру мен көпіру ме? Қашан отандық ғылым өткеннің өрмегінен шығып, бүгінгінің өндірісін өркендетуге үлес қосады? Қаумалаған көп сұрақ қауым алдында сараланды. Анығы, Қазақ Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығына арналған жалпы жиылыста Елбасы осындай олқылықтардың барын ескертті. 

21 ғасыр – ғылым мен инновацияның дәуірі. Озық технологиясы бар мемлекет қана жүзден жүйрік. Үшінші модернизация да технологиялық серпілісті көздейді. Бұл мақсатқа жетуде отандық ғылымның жүгі жеңіл емес. Демек, экономиканың келешегі осы залға жиналғандарға байланысты. Заңғар ғалым, алып академик дені. Қазақ ғылымының арғы атасы әл-Фараби десек, бертіңгі буын Қаныш, Мұхтар, Әлкейлердің ізбасарлары. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мен ылғи академиктерге айтып жүруші едім. Жарайды енді сонда дүниеде болмағанды ашу деген дұрыс қой, революция болар еді. Бірақ дүниеде бар нәрсені Қазақстанға әкелу – ол да ғылым. Ол үшін көптеген ғылыми ізденістер талап етіледі. Ғалымдарымыз осы іске белсенді атсалысуы қажет. Сондықтан дәуір сұраныстарына сай олар өз дүниетанымы мен ғылыми көзқарастарын қайта қарауы керек. Біз өнеркәсіптегі ғылымның қажеттілігін ескере отырып, гуманитарлық салаларды да ұмытпауымыз қажет. Бұның барлығына тиісті кадр керек, тиісті компентеция керек. Мемлекет те, мен де қазір осы шаруаға белсене кірісіп жатырмыз.

70 жылда Ұлттық ғылым академиясы ірі зияткерлік орталыққа айналды. Америка, Францияның ғылым ордаларымен терезесі тең. Бұл елдерде ғылымды жоғары оқу орындары, зерттеу орталықтары, кәсіпорындар мен ғалымдар алға сүйрейді. Бізге бұл тәжірибе енді-енді еніп келеді. Дегенмен мәселенің көбі қаржыландыруға келіп тіреледі. Мысалы, дамыған мемлекеттерде ғылыми зерттеулерді жеке сектор қаржыландырады. Ал бізде ақша көбіне бюджеттен бөлінеді. Соңғы үш жылда бұл саланы дамытуға 100 млрд теңге жұмсалған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы децентрализовали науку. Большую часть передали в ВУЗы, но они все еще не стали инновационными центрами. Опытно-конструкторские разработки составляют у нас менее четверти от всех научных работ. Казахстанские ученые активно патентуют свои результаты. Однако подавляющее большинство патентов не востребовано. Финансирование науки осуществляется в основном за счет государства. Практически не привлекаются заказы реального сектора. При этом, в научных работах нередко содержится плагиат. Считаю, что пришло время кардинально изменить подходы по развитию отечественной науки.

Мемлекет білім, ғылым мен экономиканы етене интеграциялауға күш салып келеді. Жеке сектордың да үлесі артуы тиіс. Ғылым билікпен бірге, бизнестің де қаржыландыруын қажет етіп отыр. «Есесіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын отандық кәсіпорындардың қажетіне бағыттайтын тетіктер әзірлеу керек», – деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Например, в Сингапуре есть правило: Правительство выделяет ученому ровно столько же денег, сколько он смог привлечь от бизнеса. Здесь надо правительству помогать. Только таким способом можно повысить долю внедряемых патентов и разработок, и существенно увеличить поток частных инвестиций в науку. Инициатором прикладных разработок, прежде всего, должен быть реальный сектор. Перед нами стоит задача по импортозамещению и развитию экспортного производства. То есть когда академик, ученый работает над конкретным делом, не просто бумагу пишет, статьи и защищает диссертации.

Отандық ғылымды дамытудың тәсілдерін түбегейлі өзгертетін кез келді. Бұл ғалымдармен бірге бизнеске де қатысты. «Серпіліс беру үшін жеке инвестициямен бірге инновациялық жүйе керек», – дейді ресейлік ғалымдар. 

Владимир Фортов, Ресей Федерациясы Ұлттық Ғылым Академиясының президенті:

-Серпіліс жасап, дамып кеткен мемлекеттерде инновациялық жүйе бар. Ондай елдердің экономикасының 80 пайызы жеке бизнестің үлесінде, қалған. 20-сы ғана мемлекеттікі. Ал біздің елдерде керісінше. Бизнес ынталанбаған. Сондықтан инновациялық жүйе құру керек. Түбі барлық мемлекеттер бірігіп, бір жүйемен жұмыс жасауы тиіс. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы хотим такой закон принять, что бы все компании из своей прибыли какой-то процент предусматривали на науку. Совершенно верно!

Жаңа технологиялар мен инновациялар. Ғылымға қойылып отырған басты талап. Технологиялық жаңғыртуға тың серпін беретін де заманауи салалар. Президенттің айтуынша, шетелдік үздік технологияларды біздің жағдайларға бейімдеу керек. Елбасы Ұлттық ғылым академиясының жанынан әдеп жөніндегі алқалы орган құруды ұсынды. Сөйтіп ғалым кодексі әзірленеді. Бұдан бөлек, Президент әлемдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін үздік зерттеушілерге қосымша гранттар тағайындауды тапсырды. Орталық Азия елдерінің жас ғалымдарына Қазақстанда ғылыми зерттеу жүргізу үшін грант бөлу мәселесі де қаралмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Так же нужно решить вопрос участия Академии наук на договорной основе в проведении конкурсов по присуждению именных премий в области науки. Министерству образования совместно с Академией и ВУЗами необходимо продвигать свои научные издания в международные рейтинговые базы. Надо не менее половины научных статей публиковать на английском языке. Они должны быть доступны в электронном формате и включены в мировые базы данных. Это нужно для вхождения в глобальное научное пространство!

Ғылымның экономиканың драйверіне айналуға қауқары жеткілікті. Қазақстанда соңғы жылдары жүзеге асып жатқан бағдарламалардың барлығы ғылымның етене араласуын қажет етіп отыр. Нарық тұрақсыздығынан  баға төмендеп кетті. Сондықтан отандық ғалымдар шикізатқа тәуелділіктен арылудың да айласын тапса игі. Есесіне өндірісте еңбек өнімділігін арттыру керек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Проводиться индустриально-инновационная политика которая должна нас увести от зависимости нефти и других полезных ископаемых которые меняются биржевые цены. Это – раз. Тысячи предприятии строем, новые рабочие места создаем. Это совершенно другая компетенция. Производительность на одного человека там 100 тысяч долларов. Например, завод построенный по производству электровозов и тепловозов. Когда в обычном производстве  не достигает и четверти этого. И там нужна соответствующая компетенция.

Қазақстан ғылымын паш етуге жазда тағы бір мүмкіндік туады. «ЭКСПО» көрмесінде соңғы жетістіктерді көрсетеміз. Айтпақшы, шарадан соң онда халықаралық IT технопаркі құрылмақ. Ол дүниежүзінен IT стартаптар мен инвесторлар тарту алаңына айналады.

Ғалымқайыр Мұтанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры:

-Мемлекет, мемлекеттік саясат, екіншіден бұл – бизнес. Қазір ол ғылым мен білімге қарау керек. Себебі бәсекелестіктен қалып қалады. Оның екеуінің ортасын қосатын университеттер. Зерттеулер, жаңа жобалар, бизнеске ұсынып, мемлекеттің қолдауымен енгізіп отырса, экономика жақсы дамиды.

Әли Әбішев, Атырау мұнай және газ институтының ректоры:

-Қаржыландыру мәселелері ол тек қана Үкімет тарапынан емес, әрбір оқу орны өз бағытынан ізденістерге қаражат жасап, осы ғылыми орталықтарды дамыту керек. Ол тек қана мемлекеттік қаржыландыру болмай, оған өндірісті тарту, мемлекеттік-жекеменшік жобаларды көтеру керек.

Мұхтар Ыбырайым, тілші:

-Келешектің кілті ғылымда. Дамыған отыздықтың аламанына қосатын да осы инновация. Мұны академик-ғалымдар жақсы біледі. Осы жолда бар күш-жігерін сарп етеміз деп сертін берді. Әуезовше айтсақ, халықты халықпен, адам мен адамды теңестіретін білім. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаев, Дулат Ентебеков 

2. Экономиканы дамыту

Мемлекет басшысының ғалымдар алдында айтқан ойларын осыдан 5 жыл бұрын кәсіпкерлермен болған кездесудегі сөзімен сабақтастырсақ. Президент: «Мұнай мен газдың, металл қорының көптігі, әрине, жақсы. Бірақ екінші тараптан, бұл бизнестің дамуына жол бермейді», – деп айтқан.

Мұның сырын жапондар мысалында ашсақ. Оларда ешқандай қазба байлық жоқ. Бірақ дамуда ешкімге есе жіберген емес. Себебі олар екі қол мен бастың бағасын біледі. Сондықтан бізге астамсудан арылған дұрыс шығар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Когда академик, ученый работает на конкретном деле, не просто бумагу пишет в статье и защищает диссертацию, начинает на земле. Я небольшой пример хочу привести. Хозяйство среднее аграрное «Байсерке», который был маленьким предприятием, теперь стало солидной компанией. Возглавляет его Темирхан Досмухамбетов. Там работают академики Сагитов, Измуханбетов, Камбулин, и не земледелие растениеводство. Академик Иванов Николай Петрович, Садыкулов с институтом овцеводства, академик Рахимбаев они там своими руками, внедряя собственные знания, чудо сотворяют. Пшеница 50 центнеров с гектара. Мы, когда 13 центнеров получаем, радуемся, что это наш успех.

Президент биылғы Жолдауында: «Ауыл шаруашылығы саласын экономиканың жаңа драйверіне айналдыру керек», – деп Үкіметке міндет жүктеген. Ал оны жүзеге асыру үшін өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зерттеулерге құйылатын инвестицияның көлемін арттыру көзделіп отыр. Ғалымдар бұл ғаламаттан да ғапыл қалмас.

3. Қауіпсіздік кеңесінің отырысы

Өткен аптаның бір оқиғасы өзекті өртеді. Жамбыл облысында жеті жауынгер көз жұмды. Қайғылы оқиға жоспарлы әскери оқу-жаттығу кезінде болған. Таулы аймақта шыныққан оғландар ойламаған сәтте қар көшкінінің құрсауында қалады.

Осы жайт Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында талқыланды. Жиын басында Елбасы марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жауынгерлік борыштарын атқару кезінде қазаға ұшыраған жауынгерлердің ата-анасы мен туған-туысқандарына өзімнің және қазақстандықтардың атынан көңіл айтып, қайғысына ортақ екенімізді білдіремін. Сіздердің ұлдарыңыз әскери борышын абыроймен өтеген нағыз отаншыл еліміздің азаматтары болды. Менің тапсырмам бойынша Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия жағдайдың мән-жайын қарайтын болады және Қорғаныс министрлігі тиісті көмектерді уақытысында ата-аналарға жеткізеді.

Президент тапсырмасымен Қорғаныс министрлігі қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуде. Анығы, әр жанұяға 5 жылдық көлемдегі бір реттік өтемақы төленеді. Қаржының көлемі әскери қызметкердің соңғы атқарған лауазымына сәйкес есептеледі.

Ал түрлі дене жарақатын алған 8 жауынгер Тараздағы әскери госпитальда ем алып жатыр. Оқиға бойынша Қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия мән-жайды анықтауға кіріскен.

Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:

-Олар аталған шатқалда қысы-жазы жаттығу өткізетін. Жалпы бұл бөлім таулы жағдайда әрекет етуге машықтанған. Төтенше жағдайлар және «Қазгидромет» тарапынан қалың жауын-шашын түсетіндігі айтылды. Бірақ көшкін қаупі жайында ескерту болған жоқ. Қазір тергеу органдары мән-жайды анықтайды деп ойлаймын.

Президент алдағы уақытта мұндай оқыс оқиғалар қайталанбас үшін тиісті шаралар қолға алынатынын жеткізді.

Сондай-ақ отырыс барысында 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қорытындыланып, атқарылар жұмыстар тағы бір пысықталды. Әсіресе, әскери-техникалық саясат пен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне айрықша мән берілді. Мемлекет басшысы халықаралық экстремизм мен терроризмге қарсы тұру басты міндет екенін айтып, мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма жүктеді.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Благодаря усилиям компетентных государственных органов в Казахстане обеспечены внешняя безопасность и внутриполитическая стабильность. Несмотря на кризисные явления в мировой экономике и трудности в отечественной экономике, макроэкономические показатели удалось удержать на приемлемом уровне. Проведенный анализ внутренних, региональных и глобальных процессов позволил выявить наиболее вероятные риски, вызовы национальной безопасности страны на предстоящий период. В настоящее время в стране обсуждаются цели и задачи, обозначенные в Послании народу Казахстана, предложенные политические и конституционные реформы, которые в целом, находят поддержку среди населения республики. За что я благодарен.

Елбасының тапсырмасымен елде «2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет» жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірленуде. Бұл құжатта улы уағыздың өзіне у себудің амалдары қарастырылмақ. Әсіресе интернет пен әлеуметтік желідегі насихаттың жолын кесу –  кезек күтпейтін мәселе.

4. Астана процесінің пайдасы

Қазақ елінің қауіпсіздік ісінде қара үзіп тұрғанын халықаралық сарапшылар талай мәрте айтқан, әлі де айтар. Оған Сирия сергелдеңін шешуге септесіп жүргеніміз де себеп болар. Астана төрінде үш мәрте Шамдағы шиеленіс майшаммен қаралған еді. Сарыарқаның аязы қаһарлы болғанымен, арағайындық қылуда біздің елдің салқындық танытпағанына тараптардың Женевада жиылуы дәлел.

Марат Шибұтов, саясаттанушы:

-Женевадағы жиынды Астана процесінің жалғасы деп айтамыз. Өйткені қаңтар және ақпан айында қол жеткізген келісімдер кеңеске оң ықпал етеді. Олар осы уақытқа дейін болған кездесулерді саралап, бір байламмен барды. Бұл алауыздықтың азайуына әкеледі.

Астана процесінде Сирия аумағында атысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүрсе, ал Женевадағы жиында саяси және гуманитарлық мәселелер қаралды. Нақтырақ айтсақ, тараптар жаңа Үкімет құру, жаңа Конституция жобасын әзірлеу, елде сайлау өткізу жайын талқылады.

Тартыстардың табысар-табыспасы әлі белгісіз. Дегенмен Женевадағы бұл жолғы басқосу бұрынғыларына қарағанда сәл белсендірек өткен сыңайлы. Себебі оппозиция өкілдерінің бірі Үкімет мүшелерімен бетпе-бет кездесуді қалайтындарын айтты. Мұны халықаралық сарапшылар Астана процесінің нәтижелі болғанымен байланыстырады.

Стаффан Де Мистура, БҰҰ Сирия жөніндегі арнайы өкілі:

-Астана процесінде оқ атуды доғаруға басымдық берілді. Сириялықтардан сұрасаңыздар айтады, ол отырыстардың маңызы зор болғанын. Белгілісі сол текетірес тоқтаса, 2-3 ай, тіпті 2 жыл бойы соғыссыз келіссөздер өткізуге болады.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

-Астана алаңы соңғы бірнеше апта бойы Сирия қақтығысын реттеу үшін қолданылды. Негізі елорданы халықаралық саясаттағы басқа да мәселелерді шешуге арналған бітімгерлік алаңына айналдыруға болады. Бүгінде Қазақстанның осы іспеттес бастамалары халықаралық деңгейде қолдау тауып жатыр. Сирияда бейбітшілік орнатуда біздің елдің жасап жатқан ісі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қызығушылығын арттырды.

Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Сомали-Эритрея комитетіне төрағалық етеді. Қазір біздің тарап Таяу Шығыстағы шиеленісті шешумен қатар, Африка аймағындағы жағдайды реттеу ісіне де кіріскен.

Антонио Тете, БҰҰ жанындағы Африка одағы өкілдігінің басшысы:

-Қазақстан мен Африка арасындағы қарым-қатынас тек қана БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясында қарастырылмауы керек. Африка аумағындағы барлық елдердің ынтымақтастық орнатудағы мүмкіндіктері бірдей. Қазақстан тарапы Африка құрлығындағы жағдайды жақсы түсінеді деп үміттенеміз. Бұл өте маңызды процесс. Сондықтан да біз Қазақстанның тұрақты даму жөніндегі барлық бастамаларын қолдаймыз.

5. Салиқалы сыртқы саясат

Осы аптада Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Əңгімелесуде екі ел басшылары ынтымақтастықтың ең өзекті тақырыптарын саралаған. Соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен оның болашақ дамуы жөнінде пікір алысты.

Сондай-ақ Елбасы Александр Лукашенконы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне жəне Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына шақырды.

Осы әңгімелер алдағы аптада Алатау баурайында тереңірек талқылануы мүмкін. Олай дейтініміз, 27 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі. Келіссөз барысында екіжақты қарым-қатынастың қазіргі ахуалы қаралады және күн тәртібіндегі өңірлік әрі халықаралық мәселелер ой сүзгісіне салынады.

6. Конституциялық реформа

Ендігі айтарымыз да ел өміріндегі елеулі оқиға. Анығы, реформа. Жыл басында Мемлекет басшысы өз құзырындағы біраз құзіретті Парламент пен Үкіметке беру жөнінде бастама көтерген еді. 

11 қаңтар күні осы  мақсатты іске асырумен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылды. Он екі адамнан тұратын топ қолданыстағы заңнамаларға талдау жасап, басқару ісіндегі отандық және шетелдік тәжірибенің тиімді тұстарын түгендеді. 24 қаңтарда Елбасы осы мәселеге қатысты жиын өткізіп, тараптардың талап-тілектерін тыңдады. Сөйтіп келесі күні Президент халыққа Үндеу жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Құрметті, қазақстандықтар! Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын. Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым.

Әрине, билік деген қылаңдықты қаламайтын өте нәзік дүние. Батыр Баукең айтқандай: «Билік кімде болса, сұрау да сонда». Сондықтан бұл мәселе тездетуді емес, күллі халықты күлтөбеге жиып, таразы табағына салуды қажетсінді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Предлагаемая нами реформа опирается, прежде всего, на собственный наш казахстанский опыт и потребности нашей страны. Программа реформ это – наш ответ на вопрос, в каком направлении пойдет Казахстан. Ответ ясный и последовательный – в сторону демократического развития. Учитывая важность предлагаемых мер, я решил вынести на всенародное обсуждение проект сказанных конституционных реформ. И весь проект в полном составе, я сейчас говорю о некоторых вещах будет опубликовано, чтобы все могли и высказать свое мнение.

Міне, бір айлық қызу пікірталастан ой қорытып, пайым қылар күн де жақын. 26 ақпанда Конституциялық реформаны талқылау науқаны аяқталады.

Сонымен қоғам тарапынан неңдей ұсыныстар жасалды? Ата Заңымызға қандай өзгерістер енгізілуі мүмкін? Ол өзгерістердің ел өміріне тигізер тиімді тұсы қайсы? Биліктің ашықтығы биікке шығара ма? Бұл сауалдарға жауап іздемес бұрын, әуелі Конституциялық реформаның түп мәнін бір түгендеп алсақ. 

Жансая Қожахметова, шолушы:

-Конституциялық реформа. Елдегі басты тақырыпқа айналып, жер-жерде қызу талқыланып жатыр. Терең әрі өзекті жаңа бастама жүзеге асса, Президент 40-қа жуық өкілеттігін Парламент пен Үкіметке бөліп бермек.

Сонымен Президенттің қай өкілеттігі Үкіметке, ал қайсысы Парламентке көшеді? Жіліктейік. Енді мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды Үкімет бекітеді. Бекітіп қана қоймай, орындалуын қамтамасыз етеді. Оған қоса, Үкімет орталық атқарушы органдарды құруға, қысқартуға, қайта құруға және олардың басшыларын қызметке тағайындау мен босату құқығын иеленеді. Ал Парламенттің рөлі қандай болмақ? 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Важно усилить роль Парламента в формировании Правительства, повысить ответственность кабинета министров перед депутатским корпусом. Победившая на парламентских выборах партия будет решающим образом влиять на формирование Правительства. Исходя из этого, будет закономерным, если Правительство станет слагать полномочия перед вновь избранным Мажилисом, а не Президентом, как это было раньше.

Оған қоса Парламент тарапынан Үкімет мүшелеріне сенімсіздік білдіру тәртібі жеңілдетіледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Президент сайланғанда ел Үкіметінің өкілеттігі доғарылады. Ал ұсынылған жоба бойынша, Үкіметтің отставкасы енді жаңадан сайланған Мәжілістің алдында жүзеге асады. Бұл дегеніміз іске кіріскен Парламент атқарушы биліктің құрамын жасақтауға да ат салысады деген сөз. Қарап тұрсаңыз, жаңалық көп. Өкілеттікті өткізу қалай жүзеге асады?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Делегирование полномочий можно обеспечить за счет изменения соответствующих законов. Эти поправки Правительство в приоритетном порядке внесет в Парламент для принятия до конца текущей сессии.

Сондай-ақ бүгінгі күні Президент Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет және Қорғаныс министрлерін өзі тағайындайды. Ал Конституциялық реформа бойынша осы төртеудің екеуі ғана қалады. Олар – Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктерінің басшылары. Қалған ведомстволардың жетекшілерін Премьер-Министр Мемлекет басшысымен кеңесе отырып, Парламентке ұсынады.

Осы тұста «Президенттің құзырында қандай билік болады?»  деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Назар аударыңыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Для Президента в новых условиях приоритетами станут стратегические функции, роль верховного арбитра в отношениях между ветвями власти. Глава государства сконцентрируется также на внешней политике, национальной безопасности и обороноспособности страны.

Конституциялық реформалардың мақсаты – билік тармақтарының өзара үйлесімді жұмыс істеуіне жол ашып, күрделі мәселелерді бірге шешу үшін жасалған қадам. 

7. Конституциялық реформаны талқылау кезеңі аяқталды

Айта кеткен жөн, Президенттік басқару формасы сақталады. Мемлекет басшысы билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасқа келгенде Төбе би боп, төрелік айтады. Ал сыртқы және ішкі саясаттың бағытын анықтау, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелерін нығайту сынды стратегиялық функциялар Президенттің басқаруында қалады. 

Бұл өзгерістер еліміздегі тұрақтылыққа тірек, одан ары өсіп-өркендеуге өзек бола алады ма? Көпшіліктің көкейіндегі басты сұрақтың жауабын басқадан емес, Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Төлеш Қаудыров мырзадан сұрап білуді жөн көрдік.

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

-Бір айға жалғасқан Конституциялық реформаны талқылау кезеңі де аяқталды. Осы уақыт аралығында қандай маңызды ұсыныстар келіп түсті, кімдер пікір білдірді? Жазбаша келген ұсыныстарды қалай талдап, таразылар едіңіз?

Төлеш Қаудыров, Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі:

-Осы Конституциялық реформаны жүргізген уақыттың ішінде кем дегенде 2,5 мың ұсыныс келді. Аудандардан, мектептерден, университеттерден, ғылыми қоғамдардан, басқа да Үкіметтік емес мекемелерден жалпы қоғамымыздың қатыспаған бөлшегі болмады десек, қателеспейміз. Оның ішінде әртүрлі ұсыныстар келді. Реформаның тақырыбына сай, реформаның шегінен шығып кеткендер де болды. Ең қызық пікірлер мынандай: не үшін бастап жатсыздар, мұның керегі жоқ, Президентіміз дұрыс басқарып отыр ғой, оның құзіретін азайтпай, көбейту керек деген ұсыныс келді, содан кейін президенттік республика емес, парламенттік республика құрайық дегендер де болды. Содан кейін Конституциялық кеңес емес, сот болуы керек деген,әртүрлі ұсыныстар келді. Әрине, біз Конституциялық реформаның шеңберінде, соның тақырыбында жасалған ұсыныстарды еске алдық. Ол ұсыныстардың көбі есепке алынып, келешек заңның бәріне әсер етеді.

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

-Заң жобасын жалпыхалықтық талқылау 26 ақпан күні аяқталады. Одан кейінгі сіздердің жұмыс тобының алғашқы қадамдары қандай болмақ?

Төлеш Қаудыров, Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі:

-Бір жағынан ұсыныстар, екінші жағынан жобамыз бар дайындаған. Енді осы екеуін сәйкестендіріп, жобаны пысықтап, өзгертетін жерін өзгертіп, біз президенттік комиссияның есебін беріп, Елбасының алдында есеп береміз. Содан кейін бұл заң түрінде Парламентке ұсынылуы керек. Келешек жақындағы қадамдар осындай.

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

-Билік өкілеттігін қайта бөлу кезінде қандай шет мемлектетердің тәжірибелерін ескердіңіздер?

Төлеш Қаудыров, Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі:

-Әртүрлі мемлекеттердің тәжірибесін ескердік. Әсіресе бізге ұқсас, тәжірибесі жақын ол – Франция. Қазір біз Конституцияның негізін қозғамай, Президенттік билік формасын қалдырып, енді Конституцияның тек қана пысықтау кезеңі болып отыр деп айтуға болады.

Ринат Думанұлы, жүргізуші

-Әңгімені осы жерден үзе тұрып, «Жеті күн» тілшілері арнайы әзірлеген сюжетті көрсек.

Конституциялық реформа – уақыт талабы. Біреуден көшірген тәжірибе емес. 25 жыл біреуге қас-қағым сәт болып көрінуі мүмкін. Алайда осы уақыт аралығында атқарылған шаруа аз емес. Бұл – Президенттік басқару институтының жемісі. Аумалы-төкпелі кезеңде тегеурінді билік ауадай қажет болды. Елде қылмыс өршіген, тұралаған экономика, жаппай жұмыссыздық, сеңдей соғысып кезекке тұрған халық, дүкен сөрелері бос. Сол шақта шешім бір ғана қолдан шықты. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алды. Президенттік басқарудың тиімділігі сол түбі қиындықты жеңдік. Қазақ елі қысқа мерзімде аяғынан нық тұрды.

Унзила Шапақ, ҚР Конституциялық Кеңестің мүшесі:

-Конституцияға кіргізілетін өзгерістер мен толықтырулардың барлығы мемлекеттегі адамдардың өміріне қызмет атқаруы керек. Әлемдік практиканы алып қарайтын болсақ, Премьер-Министрді қай мемлекеттерде болсын Парламентке ұсынатын Президент.

Конституция – қоғам мен мемлекет арасындағы келісімшарт. Уақыт бір орнында тұрмайды. Заман талабына сай басқаруды жетілдіру қажет. Бұдан шығатын тұжырым Конституция мен заңдарға өзгеріс керек. Рас, Президенттік басқаруға етіміз әбден үйренген. Біріншіден, өкілеттікті Парламент пен Үкіметке беру – батыл қадам.

Оразалы Сәбден, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

-Биліктің үш тармағы тепе-тең болу керек. Өз құқығымды керек болса, берейін алыңдар. Бірақ тиімді басқарыңдар деп отыр.

Өкілеттіктерді қайта бөлуге байланысты Ата заңға өзгерістер енгізіледі. Елде Президенттік басқару жүйесі үстемдік ете бермек. 

Ғарифолла Есім, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы:

-2007 жылы естеріңізде бар ма? Конституцияға өзгерістер еніп, соның нәтижесінде қоғамды басқаруда партиялық жүйе енген болатын. Енді осы жүйені ары қарай жетілдіру керек. Осы партиялық жүйе енді Үкіметпен қандай қарым-қатынаста болады?

Осы кезге дейін Үкімет Президенттің Жарлығын орындаумен шектелді. Үкіметтің ендігі тағдыры Парламент қолында. Министрлер кабинеті өзі қабылдаған заңға және орындауға да жауапты. Депутаттар алдында есеп береді. Аталған қадам елдің әл-ауқатын арттыруға сеп. Құзіреттің кеңеюі демократияға бастайды. Ал қоғамды басқару үшін Конституция сол талапқа сай болуы тиіс. 

Алуа Жолдыбалина, «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының бас сарапшысы:

-Яғни екіжақты ықпалдасу болады. Парламенттің рөлі Үкіметке қатысты. Үкіметтің де Парламентке қатысты өзара жауапкершіліктері артады. 

Ауысып жатқан өкілеттілік жедел әрі тез жұмыс істеуге көмектеседі. Тараптар шешім қабылдауда уақыт үнемдейді. Қос палаталы Парламенттің жұмысына талай сын айтылғаны белгілі. Алдағы уақытта заң шығарушы органының пәрмені артпақ. Саяси партиялар арасында бәсеке қызады. Парламент тараса, Үкімет құрамы отставкаға кетеді.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» ХДП партиясының төрағасы:

-Парламенттің өкілеттігі ертең Парламенттің сайлау қорытындысы бойынша, жеңімпаз партиялардың қатысуымен Үкіметтің құрылымы құрылатын болады.

Еліміздегі саяси партиялардың конституциялық реформаға қатысты айтары бар. Ақжолдықтар Елбасының 40-тан астам құзыретін билік тармақтарына бөлуін құптайды. Фракция өкілдері Жолдауда айтылған орта және шағын бизнестің дамытуға мүдделі.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі:

-«Ақ жол» партиясы сол Конституциялық реформаны екі қолмен қолдайтынын біз ресми түрде айттық. Тіпті арнайы Үндеуін қабылдадық.

Реформаға сай атқарушы және заң шығарушы биліктің жұмысы ширайды. Әсіресе министрлер кабинетінің иығына артылған жүк бұрынғыдан да ауыр. Себебі мемлекеттік бағдарламалар мен экономикалық реформаларды дербес жүзеге асыру міндеті Үкіметтің мойнына жүктелмек. 

Марат Бәшімов, Заң ғылымдарының докторы:

-Қазір жауапкершілікті таба алмайсың. Үкіметтің өткізіп жатқан бағдарламаларының барлығы кейде орындалмайды. Парламент тағайындағаннан кейін ол өзінің орнында Үкіметтің жауапкершілігін жоғары деңгейге көтереді. Ертең халық та, бәрі де сұрай алады. Кім осының бәрін орындады?

Президент бөліп беретін билікті Сенат пен Мәжіліс бұлжытпай орындауға дайын. Үкімет мүшелері де қалысар емес.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Әрине, дайынбыз. Қазіргі ең маңызды мақсат – Елбасының тапсырмаларын міндетті түрде орындау. Осыған жұмыс жоспарларымыз бар.

Осы күнге дейін министрлер жауапкершіліктің орнына «Елбасының тапсырмасы» деген сөзді жиі айтты. Енді әркім өз ісіне өзі жауап береді. Әдеттегідей барлық жүкті Президентке ысырмайды. Бұған аймақтардан Елбасының атына жазылған домалақ арыздарды қосыңыз.

Қазір қоғамда Президенттік-парламенттік басқару мен конституциялық реформаға қатысты пайым көп. 

Убайдулла Мәмбетов, экономика ғылымдарының кандидаты:

-Конституциялық реформаны жүзеге асыру барысында алғашқы кезеңде қажет деп есептеймін. Бірақ бақылаудың үстіне бір бақылауды орната берудің қажеті жоқ.

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Әнуар Түгел: «Қорғаушылардың мәртебесі Ата заңда тайға таңба басқандай бекітілсе», – дейді. Сот төрелігін жүзеге асыру мен азаматтық қоғамды қалыптастыруда адвокаттардың рөлі маңызды.

Әнуар Түгел, ҚР Адвокаттар алқасының төрағасы:

-Бізде адвокаттар мүлдем аз. Бір адвокатқа шамамен 5 мың адамнан келеді. Ал АҚШ-та 1 маман 500 адамға көмек береді. Қазақстанда құқықтық мәдениет қалыптасса деймін. Ол үшін заң халыққа қызмет етуі тиіс.

Тұтастай қоғамды демократияландыру, басқарудың барынша тиімді, жаңа жүйесін құру үшін құқықтық саланың да заманға сай болмағы керек.

Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан тұста Қазақстан Парламенттік басқару жүйесінде болғаны белгілі. Бірақ сол кездегі қиындықтар Президентті жедел шешім қабылдауға итермеледі. Осы кезге дейін Елбасы орталық басқару органдарының штатына дейінгі мәселелерді қарады. Бұл құзірет енді Үкімет қарауына өтпек.

Тарихқа көз жүгіртсек, Францияда Шарль де Гол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін елдегі билік тармақтарын өз қолына алды. Барлығын аяққа тұрғызған соң, араға 10 жыл салып, өкілеттіктерді қайта таратты.

Ерлан Сайыров, саясаттанушы:

-Мемлекеттік құрылыс осындай болуы керек деген бір модель жоқ. Әрбір мемлекет мынау қоғам алдында немесе сыртқы саяси күштерге, процестерге жауап беруі үшін өзінің ырқымен шешіп отырады.

Президенттің үндеуі – іргелі бастама. Билік өкілеттіктерін тарату демократиялық үдерістерге бастайды. Саяси, тұрақты, экономикасы дамыған мемлекет үшін жаңғырудың берері көп. Пәрменді Парламент, есепті Үкімет – саяси жүйенің негізгі тұжырымдамасы осы. Президент оларға төрелік етпек. Саяси жүйені реформалауға Қазақстанның әлеуеті зор. Себебі әр ел өзінің даму жолын өзі таңдауға құқылы.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Зарина Ахметжанова, Ернар Сайлаубаев 

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

-Конституциялық реформаны талқылауға атсалысқандардың қарасы қалың. Дегенмен осындай маңызды мәселені талқылауда біздің қоғам айтарлықтай белсенді болды деп айта аламыз ба? Сіздің пікіріңіз қандай?

Төлеш Қаудыров, Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі:

-Меніңше белсенді болды. 2,5 мыңнан аса пікір келді деп айтып жатырмыз. Ол тек қана жазба түрде, қаншама ақпарат радиодан, телевизиядан сөйлеп жатыр. Сол себепті басқа жылдарға қарағанда белсенділік өсті деп айтуға болады. Оған мүмкін интернеттің де себебі болған шығар. Бәрі түсінеді. Бәрі ұсыныстарын жеткізуге тырысады.

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

-Осы талқылау өткен бір айдың ішінде кейбір азаматтар тарапынан 26-шы бапқа қатысты сұрақтар туындап жатты. Сіз енді бұған дейін заңгер ретінде ойыңызды айтқаныңызды білеміз. Тағы да бір мәрте пікіріңізді айтып өтсеңіз, алаңдауға негіз бар ма, жоқ па?

Төлеш Қаудыров, Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі:

-Ешқандай алаңдауға, осы біз бұрын қабылдаған жер туралы шешім өзгереді дегенге ешқандай негіз жоқ. Ең бірінші, 26-шы бап ол мүлікті бөлетін бап емес, ол белгілі бір мүлікке арналған бап емес, ол заңды түрде мүлікке ие болған адамға кепілдік беретін бап. Ал керісінше мүлікті бөлуге арналған 6-шы бап. 6-шы бап жалпы мүлік иесінің міндеттерін көрсетеді және 3-ші тарауы жерге бейімделген. Жер Үкіметтің де, жекеменшіктің де қолында болады, бірақ заң негізінде. 26-шы бапты қай кезде шетелдіктерге қолдануға болады? 6-шы бап өзгерсе, жер туралы заң өзгерсе, мараторий өзгерсе, сонда ғана төртінші ретте 26-шы бапты біреудің құқықтарын қорғауда пайдалануға болар еді. Соған қарағанда оның мазмұны алыс. Мүлде ол жерге арналған емес. Жалпы шетелдіксің ба, оралмансың ба, не болмаса азаматтығың жоқ па, бірақ Қазақстан жерінде жүріп, осы мемлекетте адал еңбекпен таптың ба мүлігіңді, сол мүлікке ешкім қол сұға алмайды деген. Сол мағынасы. Оның мәнін ұмытып, басқа жаққа бұратын азаматтардың әрекетіне таң қаламын тіпті. 

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

-Сұхбат барысында айтып өттіңіз, бір айдың ішінде 2,5 мыңнан астам түрлі ұсыныстар, пікірлер келіп түсті деп. Сол ұсыныстарды талдап, таразылауға отандық мамандар мен бірге халықаралық сарапшыларда араласыпты. Сарапшылардың пікірі қандай болып отыр?

Төлеш Қаудыров, Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі:

-Біздің осы жасап жатқан Конституциялық реформамыз әлемде көп мемлекеттердің мамандарының назарын аударды десек, біз қателеспейміз. Осы жақын арада ғана Венециялық комиссия, Европаның ОЭСР деген ұйымының бір бөлшегі әлемге әйгілі ғалымдар жиналып, сол Конституциялық реформаларға баға береді. Олардың мақсаттары осы реформа келешекте өзге де мемлекетке зиян келтірмесін, олардың тыныштықтарын бұзбасын деген әрекетпен жасалады. Комиссияның алдында жұмыс тобы жиналып, біз олардың пікірлерін тыңдадық. Осы 26-шы бапты бір дауыстан қолдады. Өзгерістердің бәрін қолдап, әрбір сарапшы пікір білдірді. Бірақ біз наурыз айында олардың комиссия ретінде шығаратын шешімін күтудеміз. Соған қарағанда әлемнің ғалымдарының бәрі осы біздің реформаға қазір үңіліп қарап, нәтижелерін күтіп отыр деп айтуға болады. 

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

-Төлеш Ерденұлы, бізде бірқатар шетелдік мамандардың, халықаралық сарапшылардың пікірлерін біліп, жазып алған болатынбыз. Соны көрсек, одан кейін сұхбатымызды ары қарай жалғастырамыз.

Аксель Фишер, Бундестаг депутаты:

-Менің ойымша, Конституциялық реформаны өткізген дұрыс. Бұдан әсіресе Парламенттің пәрмені күшейеді. Бастама депутаттарға көптеген мәселені қабылдауға көмектеседі. Жұмыс нәтижесі халықтың әл-ауқатын одан әрі арттырмақ.

Томас Кормак, Ұлыбритания Парламенті Лордтар Палатасының мүшесі:

-Демократияландыру үрдісін қалыптастыру ісінде Президент Назарбаевтың осындай қадамға барып жатқаны қуантады. Бұдан Қазақстан Парламентінің конструктивті рөл атқаратынын ұғуға болады. Бұл, әрине, шабыттандырады.

Шаһид Куреши, The London Post газетінің бас редакторы:

-Егер бұл өзгерістер мен реттеу шараларын қазір қолға алмағанда, болашақта қиын болар еді. Президент алдағы ондаған жылға арналған жоспар құра білді. 

Дэниел Витт, Халықаралық салық және инвестиция орталығының президенті:

-Конституциялық реформаға қатысты үндеуді демократияны жаңғырту жолындағы бастама деп білемін. Президент Үкімет пен Парламент және халық арасындағы қарым-қатынасты жаңартады. Осыдан 10 жыл бұрынғы Қазақстан мен қазіргі мемлекетті салыстыру қиын. Реформа – жаңғыруға бастайтын қадам.

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

-Өкілеттіктер билік тармақтары арасында бөлінген жағдайда Үкімет пен Парламент жаңа жүйеде жұмыс істеуге қаншалықты дайын деп ойлайсыз?

Төлеш Қаудыров, Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі:

-Конституциялық реформадан кейін екінші жолмен келе жатқан заңнаманы өзгертіп жатырмыз. Меніңше, әлі де Парламент, Үкімет туралы заңдарда өзгерістер болады. Конституция ара қатынас механизмінің бәрін көрсете алмайды, ол оған бейімделген заң емес, сол себептен қазір көшті бастауға Парламенттің де, Үкіметтің де түсінігі бар әрі олардың ара қатынастары басқа заңдарда көрсетіле ме деп ойлаймын. 

Ринат Думанұлы, жүргізуші:

-Конституциялық реформалар ауқымында айтылып жатқан барлық ұсыныстардан, барлық пікірлерден халық құлағдар. Әңгімеміздің қорытындысы ретінде сұрақ қойғым келеді, осы Конституциялық реформа халыққа не береді? 

Төлеш Қаудыров, Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі:

-Биліктің бір тармағының өкілеттігі әжептәуір көбейді, енді ол тармағы өз еркімен басқа тармақтарға өзінің билігін беріп жатыр. Ол, әрине, тарихи жағдай, әлемде өте кездеспейтін жағдай. Ол дамып жатқан бағытымыздың дұрыстығын көрсетіп жатыр. Меніңше, бұл өзгерістердің бәрі демократияның деңгейін көтереді, экономикалық саяси өміріміздің тек қана жақсаруына ғана әрі дамуына ғана себеп болады деп ойлаймын.

Конституциялық реформа болады дегенде түрлі сала мамандары бұл өзгерістерден соң, төрт нақты нәтижеге қол жеткізетіндігімізді айтқан.

Біріншіден, Президент маңызды деген стратегиялық, саяси жұмыстарды атқаруға ден қояды. Екіншіден, Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық салалардағы өкілеттіктері кеңейеді. Яғни шұғыл әрі жауапты шешімдер қабылдауға мүмкіндік беріліп отыр. Үшіншіден, Парламент алдындағы Үкіметтің жауапкершілігі артады. Төртіншіден, мемлекеттік басқару дейтін тұтас жүйе тиімді жұмыс істейді. Осылайша, демократияға дем беріледі. Мамандар болжамы шынайылыққа айналса, ел ертеңі бүгінгіден де еңселі болар.

8. Бюджет қаржысы ұлғайтылды

Осыдан санаулы күн бұрын Үкімет «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетке» өзгерістер енгізуді ұсынған. Яғни биылғының бюджетін тағы 2 триллион 615 миллиард теңгеге арттыруды сұрады. Себебі Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асыру қажет. Құжатқа осы аптада Мемлекет басшысы қол қойды.

Сөйтіп Министрлер кабинеті жобаны қайта қарап, алдағы жоспарды тағы бір пысықтады. Биыл жергілікті атқарушы органдарға трансферт түрінде 377,3 миллиард теңге аударылмақ. Сонымен бірге 250 миллиард теңге көлемінде инвестиция бөлінеді деген де болжам жасалыпты. Жалпы 2017 жылы 147 мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру көзделген. Ал оның құны 438,6 млрд теңгені құрайды.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Сонымен қатар 1,5 млрд теңге сомасындағы 2016 жылдың республикалық бюджетінен қаражат қалдықтарының есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлық міндеттерін ұлғайту ескерілген. Сондай-ақ қаулы жобасы 4,2 млрд теңге көлеміндегі 2016 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген дамуға жұмсалатын мақсатты трансферт сомасын жергілікті атқарушы органдарға 2017 жылы толығымен пайдалануға рұқсат беріледі.

9. Цифрлы Қазақстан

Биылғы Жолдаудың Үкіметке жүктеген бір міндеті – «Цифрлық Қазақстан» жобасын әзірлеу. Ал мұндағы бір мақсат – интернеттің игілігін көрмек түгілі, естімеген елді мекендерді ел қатарына қосу. 

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі: «Тұрғындар бұл игі өзгерістерді жыл соңына дейін сезінеді», – деп уәде берді. Шалғай аудандарды интернетпен қамту екі кезеңде жүзеге аспақ. 2017-ден 2020 жылға дейінгі аралықта 1291 ауылға 28 500 шақырым оптикалық-талшықты желі тартылса, ал 2025 жылға дейін 4 мыңға жуық елді мекен ғаламторға қосылады. Интернеттің жылдамдығы – секундына 20 мегабит. Елде 3 және 4G технологиялары да дамиды. Қазір жауапты ведомство бұл шараларға қажет қаражатты есептеуде. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

-Елбасы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдауды тапсырғанын білесіздер. Осы арқылы цифрлық индустрияны, ІТ саланы дамыту жолға қойылуы керек. Біздің министрлік қазір бұл бағытта көп жұмыс атқаруда. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Үкіметке мамыр айында ұсынбақпыз.

10. Әкімдер халыққа есеп берді

Цифрландыру дегеннен шығады, осы аптада ауыл-аймақтағы ағайын өңір әкімдерінің есебіне онлайн жүйе арқылы көзайым болып, көкейде кептелген мәселені әлеуметтік желімен жолдады.

Шығыстың жолы шұрық тесік. Батыстың көшесі батпақ. Орталықтың балабақшасында орын жоқ. Солтүстіктің үйі суық. Оңтүстіктің тарифі қымбат. Бұл түйіткілдердің түйінін тарқату мүмкін бе?.

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Өрлеу ауылының тұрғыны Мергенбай Сапарұлы көпке ортақ мәселені көтерді. Ауылда ауыз су жоқ. Әлі күнге құдықтың ащы суын ішіп отыр. 500-ге жуық түтіні бар елді мекендегі тұрғындары қалаға қатынап жұмыс істейді. «Тозығы жеткен жол титықтатып жіберді», – дейді. Екі араға қатынайтын автобус та жиі бұзылатын көрінеді.

Мергенбай Сапарұлы, Өрлеу ауылының тұрғыны:

-Ауылға қатынас қиын, автобус ескі. Сұрасаң, жол қиын дейді, жол жақсы емес дейді. Осы мәселе әлі күнге шешімін таппай келе жатыр. 

Кірпішті ауылының тұрғындары да жол азабын тартып келеді. Ал Ақжар-2 ауылының тұрғындары қоғамдық көлік қызметін жақсартуды сұрайды. Көптің көкейіндегі осы тектес көп мәселенің шешімін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа берген есебінде айтты. Биыл 280 су жаңа автобус алынады. Ел қазынасынан бөлінген 7,8 млрд теңгеге 300 шақырымға жуық жол жөнделеді. Ол өткен жылғымен салыстырғанда 2,7 есеге көп.

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі:

-Енді салынатын жолдар жөнінде, Ақтөбе мен Атырау арасы ол мына Алға, Мұғалжар, Байғанин аудандарынан өтеді. Одан кейін екінші жолға кеше республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Ақтөбе мен Орск арасындағы жол. Қазіргі таңда Азия Даму банкімен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының берген тапсырмасы бар. Орталық-Батыс жолын салу.

Атырау облысы өткен жылы республика бойынша мұнайдың 45 пайыз, ал ілеспе газдың 34 пайызы осы өңірде өндірілген. Көгілдір отын көлемі 15,8 млрд текше метрді құрады. «Қашаған» мен «Теңіз» кенішінің жаңа жобалар көрсеткішті еселей түседі.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

-2016 жылдың қорытындысы бойынша, 33 млн 700 мың тонна мұнай өндірілді. Өткен жылдың аяғында әлемдегі ең ірі мұнай кен орны «Қашаған» іске қосылды. Қашағандағы өндірілетін мұнайды есептегенде биыл 37 млн тонна өндіру ескеріліп отыр.

Мұнайлы өңір тек қара алтынға иек артпайды. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына бетбұрыс бар.

Қостанай облысында автоөндірістің қарқын алуы өңір экономикасына айтарлықтай оң ықпалын тигізді. Жүк көліктерін құрастыру 44, комбайн құрастыру 39 пайызға өскен. Келешекте «Жак» көлігін экспорттауға баса назар аударылмақ. Ауыл шаруашылығы мен тау-кен салаларында өсім бар. Облыс әкімінің айтуынша, биыл айтулы мәдени шаралар өтеді. Азаттық жолында шаһид кешкен Кейкі батырдың бассүйегі араға ғасырға жуық уақыт салып елге әкелінгені мәлім. Қостанайда батыр кесенесі салынады. Арқалық қаласында той өткізілмек.

Шығыс Қазақстан облысында жалпы ішкі өнім 2,6 триллион теңгені құраған. Дегенмен әлі шешімін күткен мәселе көп. Өңірде 12 мың шақырым жол болса, тең жартысын шұғыл жөндеу қажет. Кейбір мектептерде оқушылар әлі үш ауысымда оқып жүр.

Саят Ыбыраев, Аягөз қаласының тұрғыны:

-Аягөз қаласында 4-ші және Кешірімхан Бозтаев атындағы орта мектептердегі 194 бала үш ауысымда білім алуда. Аягөз қаласында жаңа мектеп қашан салынады?

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

-Қазіргі кезде 600 орындық мектепті бастадық. Ол үлкен мәселе. Ал енді 2 айдан кейін тағы бір мектеп бастаймыз. Ол да 600 орындық болады. 

Тараздықтар үшін биылғы жыл табысты болады. Тарихы терең көне қала енді «Тараз ситиге» айналады. Шаһарда екі бірдей шағын ауданның құрылысы басталады. 800-ге жуық жеке үй «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынады. 

Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі:

-360 гектар жерге жаңа «Тараз Сити» деген қалаға қазір ЖСҚ дайындап жатырмыз. Сондай-ақ автовокзал жанында 100 гектар жерге инфрақұрылым тартылды.

Жамбыл облысында ауыз су мәселесі әлі де өзекті. Өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев: «Көп ауылдағы түйіткілді тарқатудың тиімді жолы Балқаштан су тарту», – дейді.

Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі:

-Биыл топтық су құбырын Балқаштан тартуға 500 млн теңге қарастырылды. Жалпы 1,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Қияқты, Мирный, Борыбайтал, Шолпан осы ауылдарға бұрын темір жол арқылы цистернамен су таситын. Енді Балқаштан су тартуға, қаржы бөлініп қойды.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында тоқырау жылдары тұралап қалған кәсіпорындар жұмысы қайта жанданады. Былтыр осындай 15 зауыт қайта іске қосылған. Нәтижесінде 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың айтуынша, енді биыл «Биохим» кешені өз жұмысын бастайды.

Алматы облысында демографиялық өсім байқалады. Халық саны екі миллионға жуықтап қалды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Алматы – Талдықорған» автомагистралі мен «Жетіген – Қорғас» темір жолы салынды. Қытаймен шекарада «Қорғас – Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аймағы құрылуда. Бұл өндіріс пен экономиканың қарқын дамыуына септігін тигізді.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

-Алматыдан Талдықорғанға дейінгі жол салынды. Енді Талдықорғаннан Өскеменге дейін жол жасалады. Біз соны арнайы «Нұрлы жолға» кіргіздік. Ол Алакөл жағалауын жаңғырту үшін жасалып жатыр. 

Облыс әкімінің Алакөлге баса мән беретін жөні бар. Былтыр мұнда демалушылардың қатары 500 мыңға жуықтаған. Инфрақұрылымды жаңартып, қызмет көрсету сапасын арттырмақ керек. Үшаралдан әуежай мен теміржол вокзалын салу жұмыстары қолға алынды. Лепсіге апаратын тас жол жөнделсе, болашақта Балқаштың жағасы да көркі көз тартатын курортты аймаққа айналмақ.

Алматы қаласындағы қордаланған мәселе биыл шешіледі. Көлік кептелісін азайтып, жолаушылар тасымалын жақсарту үшін үлкен айналмалы жол құрылысы басталады. «Алтын Орда» базарының төңірегінен 6 жолақты жол салынады. Тұрғындарды алаңдататын ендігі мәселе – трамвайдың келешегі. 

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Қалада енді трамвай жүрмейді, қайта жүргізу экономикалық тиімсіз. Тек жолдардың өзін жаңартуға 16 млрд теңге қажет. Ол орасан зор шығын. Орнына Кореядан келетін жеңіл рельсті вагонды көлікті іске қосамыз.

Өткен жылы жауын молынан жауды. Көктемгі нөсерден өзен арнасынан асып,  көптеген үй ауласын су шайып кеткен. Бұл жағдайдың биыл да қайталанбасына кім кепіл?

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Дұрыс емес орналасқан үйлер көп. Кезінде азаматтар келіп, үйді қоя берген. Оның жері де, суы да көтеріледі. Дегенмен біз бұл мәселені шешеміз.

Қала әкімі бұл мәселеге тұрғындардың өздері де жауапкершілікпен қарауы тиіс екендігін еске салды. Шаһарда 2 млн астам халық бар. Соның тек 800 мыңы ғана қоқыс тазалығы үшін ақша төлейді екен. Тұрмыстық қалдықтарды көрінген жерде қалдырмау үшін биыл қоқыс өңдейтін зауыт салынады.

Автор: Бағдат Бектұрғанқызы