Хабар телеарнасы

Жаңа салық кодексі талқылауға ұсынылды

Келер жылдан бастап салықтың басым бөлігі қысқарады. Мәселен, ескі көлікке салынатын салық екі есеге азаяды. Бұл туралы брифингте қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты. Одан бөлек, 2 миллионға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден босатылады. Ал табысы бойынша 4 пайыздық алым ғана төлейді. Бұрын салыққа 3 па­йыз төлеген кәсіпкер енді 8 па­йыз төлеуге міндеттелген болатын. Сондықтан жаңа кодексте, жаңа өзгерістер көп. Шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлер мемлекетке есеп беруді ұмытып кетсе, әкімші­лік жазаға тартылмайды, айыппұл арқаламайды. Қажет болса, бизнес есебін түзетіп алуына болады. Тіпті елдегі есеп беру нысандары 30 пайызға азаяды.  Ойын бизнесі үшін салық мөлшері 15 пайызға өседі. Шетелден құны 75 миллион теңге тұратын көлік әкелгендер, 7 миллион 500 мың теңге салық төлеуге міндетті. Бұл жылжымайтын мүлікке де қатысты. Демек, ауқатты адамдар­дағы мүліктің құны жоғары болса, салық та көтеріледі.

Ержан Біржанов, ҚР қаржы вице-министрі:

- Егер салықты уақытында төлемесе, бизнес өкілдерінің шоттары жабылады. Өңірлерде осы сұрақтарды жиі көтереді. Соны біз қайта қарап жатырмыз. Дифференциалды тәсілдер қолданылатын болады. 20АЕК  бүгінгі таңда 74 мың шамасында. Ол кезде біз шара қолданбаймыз. Банк шоттарын бұғаттамаймыз. АЕК дейін ұлғаятын болса, 166 мың теңгені құрайды. Сонда шараны қолдана бастаймыз.