Үкімет шаруалардан астық сатып алуға 10 млрд теңге бөледі
Бүгін Мәжілістің комитет отырысында Ауыл шаруашылық министрі осылай деп мәлімдеді. Қазіргі бағамен ол 155 мың тоннаға жетеді. Депутаттар биылғыдай мол өнім кезінде бұл өте аз көрсеткіш, - деп сала мамандарын сынға алды. Астықты қоймалараға жеткізу мәселесіде әлі толық шешілмеген. Сондай-ақ күріш пен қант қызылшасын өткізуде де қиындықтар бар екен.
Петров – еліміздегі жүк вагондарын бөлу-үйлестірумен айналысатын жауапты адамның бірі. Депутаттардың пайымынша, астықтың қоймаға толық түспеуі, сыртқа жарытып сатылмауы тап соның кесірінен болуы мүмкін. Нақтырақ айтқанда, вагондар жеткілікті бөлінбейді. Дегенмен Үкімет мүшелері жағдай тұрақты, - деп сендірді. Бүгінгі дейін 2 млн тонна астық сыртқа сатылыпты. Тағы 10 млн тоннаны экспорттаймыз, - дейді.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Қазір бізден көбіне Орталық Азия мен Ауғанстан алады, 5-6 млн тонна. Өзбекстан 3,5 млн, Тәжікстан 1 млн, Қырғызстан 500 мың тонна алады. Мына 3 мемлекет 5 млн алады. Иранға шықтық.
Бұл алдағы күннің еншісіндегі шаруа. Қазір астықты қоймаға тапсыру ісін тағы бір пысықтап алу қажет. Шаруалардың бәрі оны өткізе алмай отыр. Жолы болып, қоймаға тапсырғандары да өкпелі.
Нұржан Әшімбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Элеваторлар қабылдаған кезде астықтың сапасын төмендетеді. Бұрында инспекторлар болған кезде бізде механизмдер болушы еді. Оны әкімдіктер алып тастады. Мұны қалай шешесіздер?
Астықтың сапасы төмен деп көрсетілген сайын шаруаның қалтасы қағылады. Яғни өнімнің бағасы төмендейді.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Біз әкімдерге хат жазып, астық инспекторы қызметін атқаратын тұлғаларды нақтылауды сұрадық. Олар сол бойынша жұмыс істейді. Егер шамасы келмейтін болса, біз ол қызметті өзіміздің қарамағымызға қайтару мәселесін көтереміз. Сонда астық сапасын анықтаумен біздің мамандар айналысады. Ол инспекторлар министрліктің облыстық басқармаларына бағынышты түрде жұмыс істетйін болады.
Биыл астыққа қоса күріштің де бағасы төмен, - дейді депутаттар. Сыр шаруалары өнімін былтыр орташа есеппен 400 теңгеден сатыпты. Биыл бір келісі 250 теңгеден бағалануда. Ал қант қызылшасының жағдайы тіптен қиын. Оны өзге емес шаруалардың тікелей өкілі арнайы келіп баяндады.
Қызылша далада қалмай ма?
Саха Манатов, Жамбыл облысы қызылша өсірушілер қауымдастығының төрағасы:
- Қазан, қараша айларында зауыт Жамбыл облысынан он күннен үш рет тоқтатылды. Қазіргі уақытта Жамбыл облысынан қабылдауды 1 айға тоқтатылды. Сонда біздер Ақсуға қалған 71 мың тоннанны қашан жеткіземіз? Үкімет өзі бізге уәде берген, сендер Ақсуға жеткізесіңдер, - деп.
Бұл жердегі мәселе тек қабылдаудың ұзаққа созылуында емес. Өнімді шалғайда орналасқан зауыттарға жеткізуге кететін жол шығынын субсидилаудың толық жүргізілмеуінде. Егінді егетін кезде министрлік биыл 25 теңгенінің орнына 45 теңгеден төлейміз, - деп уәде еткен екен. Жыл аяқталуға жақын. Қаржы мәселеі әлі шешімін таппаған.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Бізге Қаржы министрлігі ақша беретін болса, бірінші қанттыкін береміз деп отырмыз. 3,5 млрд бастай берейік, қалғанын қаңтар-желтоқсан айында береміз. Солай деп ойлағанбыз. Оның өзін шешілетін болса, Қаржы министрлігі жауап берер.
Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы вице-министрі:
- Мемлекет тарапынан 194 млрд берешек бар. Оны жыл соңына дейін жаба алмаймыз. Бюджеттің мүмкіндігіне қарай Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, бұл сұрақты шешетін боламыз.
Санаулы күнде Жамбыл облысында күн суытуы мүмкін. Қант қызылшасын үсік шалса, онсызда қиын күйде отырған шаруалардың жағдайы не болады? Айта кетейік, биыл өңір диқандары рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. 11 мың гектер алқаптан 600 мың тоннадан астам өнім жиналды.
Ердәулет Ыбырайұлы, Самат Оспанов