Хабар телеарнасы

Жеті күн 29.04.2017

Сюжеттер
1. Қазақ-өзбек қатынастары нығаюда 2. Тұрақтылық. Бірлік. Келісім 3. Бірлік болса, тірлік болады
4. Миллиондар мекені 5. Миллиондар мекені 6. Елбасы Астанадағы бірқатар нысанды аралады
7. Келісім мен тұрақтылық мекені 8. Ақордадағы қабылдаулар 9. Рухани жаңғыру
10. Елбасы өмірбаяны араб тілінде жарық көрді 11. Жетісудағы жетістіктер 12. Берекеміз – бірлікте

1. Қазақ-өзбек қатынастары нығаюда

Оңтүстік Қазақстан облысында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёвпен кездесті. Бұл – қос ел басшыларының екінші мәрте жеке жүздесуі. Бұл жолы өзбек көшбасшысының Астанаға жасаған алғашқы сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы талқыланды. Елбасы биылғы жылдың алғашқы тоқсанында тараптар арасындағы іскерлік белсенділіктің ілгері басқанын атап өтті. Нақтырақ айтсақ, соңғы үш айда тауар айналымы 37 процентке өскен.

Ал Шавкат Мирзиеёвтің айтуынша, екі жақты кездесулер көршілер арасындағы қатынастың қарымын арттыруда айтарлықтай мәнге ие болып отыр. Ұлыстың ұлы күніне орайлас келген қазақтың бас қаласындағы тарихи басқосудан соң бірлескен жұмыстардың барлық бағыты бойынша жол картасы қабылданған.

Шындығында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеёвтің Астанадағы кездесуінен кейін біраз мәселеде сең сөгілді. Өзбекстан басшысы Ресей Федерациясынан мұнай тасымалдауға байланысты қолдау көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Сөз соңында Президенттер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық байланыстың беріктігі сақталып, одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Баяғыдан бері айтып өткен Өзбекстан мен Қазақстанның арасындағы достық қарым-қатынастарды, сауда-саттық қатынастарды, екі елдегі сауданы 5 млрд долларға жеткіземіз деп, мақсат қойдық. Енді сол басталып кетті. Өзбекстан Президентінің жасалған бірінші сапарынан кейін жұмыстың өзі көрсетіп тұр. Біздің болашағымыз зор. Ең негізгі мәселе осы оңтүстік өңірде бірге жүрген халықпыз. Бауыр халықпыз. Туған халықпыз. Біздің қатынасымызға қарап, басқалар да жұмыстарын түзеп жатыр. Түрікменстан Президенті бізге сапармен келді. Мен Қырғызстанға бардым. Тәжіктің Президентімен барлық мәселені келісіп, өз өңірімізде шешуге болады. Ол сауда-саттығымызды көтеруге көмегін тигізеді. Екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастарын жоғары деңгейге көтереді. Оның барлығы халықтың жағдайына қарау деген сөз.

Шавкат Мирзиеёв, Өзбекстан Республикасының Президенті:

-Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, мен тағы кездескенімізге қуаныштымын. Екі жақты байланыс менің Астанаға жасаған сапарымнан кейін нығая түсті. Барлығы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін сізге алғыс айтамын. Өзбекстанға Ресей Федерациясынан мұнай тасымалдау мәселесіне байланысты қолдау көрсеткеніңізге зор алғыс айтамын. Наурыздағы кездесуден кейін біз барлық бағытта бірлескен жол картасын қабылдадық. Министрлер, өңір басшылары деңгейіндегі кездесулер жиіледі.

Сондай-ақ екі елдің басшылары «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеёвке кәсіпорынның жүзім шаруашылығы мен шарап өндіру қызметі, нақтырақ айтсақ, жүзімді қабылдаудың технологиялық желісі, ферментация циклі көрсетілді. Бұдан бөлек жаңғақ егілетін аумақтар мен жүзім алқаптары таныстырылды.

2. Тұрақтылық. Бірлік. Келісім

«Ұйқысынан оятылған күш өзінің адами әуестікті тояттандыратын дүниенің құйтымдай бөлшегін құрайтын жай ғана нәрсе емес, әлдеқайда үлкен нәрсе екенін танытты. Өзінің дүниеден жоғары, тыс тұрғанын, оның тағдырын адам айқындамайтын, керісінше оның шексіз энергиясы адамзат тағдырын айқындайтынын дәлелдеді».

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабындағы алғысөз осылай жалғасады. Шындығында адам қиялынан туған атом қаруы күллі адамзат қауымының тағдырын тезге салып қойды. Оның әбігері әлі де біткен емес. «Жақын болашақта бітеді» деп байлам жасау да қиын. Себебі алпауыттар бұл қаруға сенеді. Бүгінде «қара тетікті» «қара сөмкеге» салып алып, бір-бірін қорқытып отыр.

Оларға айтарымыз: «қазақ қолында да болған ондай аждаһа». Бірақ егемендігімізді еншілеген күні одан бас тарттық. Артынша «онымен түбегейлі күресеміз» деп, білек сыбандық. Себебі қастық қылу қанымызда болмаған, жанымызға жат. Біз үшін бейбітшіліктен асқан байлық жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазіргі әлемдегі ахуал ел тыныштығы, тұрақты дамудың ең маңызды шарты екеніне көз жеткізіп отырмыз. Қиын кезеңде бірлігіміздің ұйытқысы, берекеміздің бастауы ретінде құрылған Ассамблеямыз өзіне жүктелген қастерлі миссияны мүлтіксіз атқарып келе жатқаны белгілі. Бүгінгі Ассамблея тарихы тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі болып саналады.

«Жігерлі болса, ер болар. Бірлікті болса, ел болар». Жыр алыбы Жамбылдың жалынды сөзінде жан бар.

Расында да 130-қа жуық этностың басы бір болмаса, береке де қонбас еді, мереке де болмас еді. Осыны озық ойлай білген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздігімізді алған сәтте, яғни 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы бастама көтерді. Сөйтіп, 1995 жылдың 1-наурызында игілігі мол институт құрылды.

Ассамблея құтты мекенге тұрақтылық тамырын жайғызып, тыныштықтың орнауына мүмкіндік тудырды. Міне, осылайша Қазақстан артқа қарамай, алға басты. Ширек ғасырда жоғымызды түгендеп, бағытымызды түзуледік. Қазір қарыштап дамудың қамындамыз. Яғни «озық отыздықтан ойып тұрып орын алсақ» деген ойымыз бар. Сол мақсатта саяси, экономикалық, рухани жаңғыруларды жүзеге асырудамыз. Ал бұл ретте Ассамблеяның алар орны айрықша, атқарар міндеті ауыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Что такое сдерживать развитие? Нам нельзя идти, двигаться вперед, при этом голову повернув назад. Можно споткнуться о любой камень и голову разбить, правильно? То есть нам надо отказаться от того, что не подходит для сегодняшнего дня, отказаться от стереотипов, которые у нас есть. И поэтому неслучайно мы смотрим, допустим, развитие различных стран, исламский мир, вот этот терроризм. И так далее. То есть тянуть назад в средневековье. И поэтому молодёжь предупреждаю о том, что накрываться черными платками не присуще вообще и казахам, и вообще всем нам. И другие какие-то атрибуты, чужого привносить сюда. Как можно двигаться вперед? Поэтому идентичность означает, что мы должны все придерживаться одной цели и двигаться к этой цели вместе, вот так делает Ассамблея.

130-ға жуық этностың бірлігін сақтау, тең ұстау, құндылық екені сөзсіз. Соның құнын құнттай білсек жақсы. Міне, сол үшін қоғамдық санада сілкініс жасалмақ.

Енді өткеннің өкінішіне әл бермей, керісінше әлемнің әрін келтіру үшін әрекет қылатын болашақ қазақстандықтардың портреті қандай болуы керек? Оны Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Президент суреттеп берді. 

Еліміз тәуелсіздік алғалы талай асуды бағындырды. Жағдай жақсарып, тұрмыс түзелді. Алайда жетістік жеңіл жолмен келмеді. Заманның түрлі сыны соққы жасап, тура жолдан тайдыруға тырысты. Дағдарыстың дауылы есік қақты. Бірақ қазақтың қалқаны қуатты болып шықты. Дер кезінде қабылданған бағдарламалар мемлекетті алға жетеледі. Халықты қам жасауға үйретіп, еңбек бәрін жеңетінін көрсетті. Қазір де төрткүл дүние тұрақты күйде емес. Құбылып тұр. Сондықтан осы сара жол жалғасын табады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Биыл еліміз кешенді жаңғыруға кірісті. Ошақтың үш тағанындай болатын экономикалық, саяси, рухани бағыттардың қай-қайсысы да маңызды. Қазақстанның үшінші жаңғыруы деген экономикалық өрлеудің басым бағыттарын өзім айттым. Конституциялық реформалар – саяси жаңғырудың негізі. Ал енді «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала – рухани кемелденудің бастауы. Экономикалық реформаны дайындадық. Конституцияның құзырын кеңейттік. Енді бізге рухани жаңғыру керек. Сол үшін рухани тұтастығымыздың өзегіне айналған Ассамблея істің бел ортасында жүруі тиіс.

Президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында білімнің салтанат құруына басымдық берілген. Осы саланы биік қойған ұлттың табысқа жететіні жазылған. Бұл жолда атқарылып жатқан жұмыс ауқымды. Жастардың өрелі болуына мүмкіндік жасалды. Мысалы, бір «Болашақ» бағдарламасының өзіне өзімізбен қатар, өзгелер таңданыс білдіреді. Әрине 60 мың азаматты шет елде оқытып жатқан елге кім де болсын қызығып қарары анық. Бұл мақтаныш сөздің салмағы басым. Өйткені болашақ ұрпақтың парасат-пайымы жоғары болса, алынбайтын қамал болмайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мир настолько меняется, через пару десятилетий примерно 50% профессий, которые мы знаем, они исчезнут. Они не нужны будут, придут роботы. Прибудут 3Д принтеры, еще что-то изменится. Даже дома хозяйка освободится от работы, готовить, убирать, стирать, это будут делать роботы. А что делать людям, которые работают на этом? Вот если у него есть соответствующее образование, он имеет возможность изучить другую профессию и перейти, и работать дальше. Правильно? Поэтому образованность для молодежи сегодняшней, а людям 21 века, а может и 22-го очень важно, и Казахстан одно из немногих государств, которые тратят на образование больше всего от объема ВВП страны.

Мүмкіндік барша қазақстандық жасқа жасалып отыр. Барлық ұлт пен ұлысқа бірдей. Өзге этнос өкілдерін біз бұрыннан бауыр санаймыз. Тағдырдың тепкісін көрген талайға қиын кезде пана болып, қамқорлық көрсеттік. Оған тарих куә.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Приезжаю я в Тель-Авив, в гостинице, куда я должен был заселиться, собралась целая толпа людей. Я говорю: «Что там такое? Какой-то митинг против меня?». А мне говорят: «Нет, это евреи, уехавшие из Казахстана» Оказалось, что они стояли там, чтобы сказать мне «спасибо». Что в лихие годы войны и преследования они приехали в Казахстан, они сохранились как люди и свободно уехали, куда захотели. Вот что такое малая родина.

Қамқорлық көрсеткен қазақ жерінде қалған, жылы орнын суытпағандардың бірі – Сергей Руссу. 1990 жылдары мазасы қашқан Молдовадан келген ол, бізге бауыр басқан. Оның айтуынша , қаны бөлек болса да, қазақпен жаны бір екен.

Сергей Руссу, «Еуропа-Азия Энергетикалық Корпорациясы» АҚ бөлімінің басшысы:

-Өткен ғасырдың 90-жылдарындағы Молдовадағы ұлтаралық қақтығысты қазақстандықтардың кейбірі біледі. Ал мен ол шиеленісті өз көзіммен көрдім. Маған сеніңіздер, ұлтаралық жанжал – бүкіл адамзатқа жасалған қастық. Соның кесірінен Молдова халқы әлі күнге дейін өз-өздеріне келе алмай отыр. Сол кезде тұрғындар жерұйық іздеп, босып кетті. Бұл – ұлт қасіреті. Мен әйелім Аурелианы 1998 жылы Қазақстанға алып келдім. Ол қазір осы елді «туған үйім» деп біледі. Молдовадан және Румыниядан келген мыңдаған адамның ойы осы. Өйткені Қазақстанда адамдар соғыспайды, өмір сүреді. Қиратпайды, көркейтеді. Сол үшін біз осы күннің қадірін білуіміз қажет.

Дәл осы Сергей секілді туып, өскен жерінде қалып қойғандар отанның өркендеуіне үлес қосып жүр. Олардың еңбегі ескерусіз қалған емес. Алдағы уақытта да елене береді. Елбасы мақаласында «100 жаңа есім» жобасына мән берген. Яғни еңбектің ерен үлгісін көрсеткендер, ел алдында насихатталады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Поэтому вот новые лица Казахстана. Сколько наших замечательных современников, активистов Ассамблеи трудится на благо страны. Таких людей надо показывать независимо от этнической, региональной, гендерной, религиозной принадлежности. Критерий здесь один: вклад в развитие Казахстана. Люди добиваются успехов в новых условиях независимости. Наши аграрии, возглавляющие замечательные хозяйства. Вот вспоминается рядом «Родина», где хозяйство Сауэр. Итак таких много по Казахстану мы отмечаем. Спортсмены прославили нас на весь мир. Гимн Казахстана играл на Олимпийских играх. Наши композиторы и наши исполнители ездят по всему миру. Есть писатели. И вообще есть люди, которые делают добро и заслужили любовь народа.

Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген бірден бір азамат деп, Димаш Құдайбергеновты айтуға болады. Миллиард адамды таңдай қақтырған ол, әлі де қазақтың атын аспандататынын айтты.

Димаш Құдайбергенов, әнші, халықаралық байқаулардың жеңімпазы:

-Өнерім арқылы, әнім арқылы қазақтың болмысын, табиғатын ата-бабаларымыз әуелетіп кеткен әнін, қазақтың болмысын, тарихын әлем сахналарында орындау, шарықтату басты мақсатым болды, болады, болып қала береді. Қазіргі таңда әлемнің қай түкпірінде жүрсем де «қазақ деген өр тұлғасы келіскен елден келдім» деп, мақтанып айтамын.

Қазақтың атын тек әншілер емес, еңбеккерлер де шығарады. Сондықтан Президент үнемі бизнеске мүмкіндік жасап, олардың өркендеуіне мән береді. 

Владимир Розметов, «Атырау Агро Өнімдері» Шаруа қожалығының жетекшісі:

-Құрметті Елбасы, мен қарапайым еңбек адамымын. Қазақстанда еңбек адамына барлық жағдай жасалған. Сізге, осы жағдайға жеткізген қазақ халқына алғыс айтамын. Гүлдей бер, Қазақстан!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Это не самая аграрная область – Атырауская. Земля не приспособлена для этого. Видите как он выращивает.

Әлем елдері қазір террористерден теперіш көріп отыр. Сондықтан ондай күн тумас үшін жұмылған жұдырық болуымыз керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы все привыкли, что в Казахстане 25 лет нет никаких этно-конфессиональных или других конфликтов. В результате в отдельных государственных органах, а может быть, и у нас с вами возникает чувство самоуспокоения, что все это будет так. Я, например, всегда нахожусь в состоянии тревоги. И мы должны быть очень внимательными в этом плане, то есть от нас с вами, от нашего единства многое зависит, и важно замечать ростки экстремизма и гасить его внутри Казахстана – это наша с вами задача.

Рас, елде жат ағымды жариялап, тура жолдан тайдыруға талпынатындар бар. Олардың тұзағына түскендер де жоқ емес. Солардың бірі – Әсел Базарбаева. Президент алдында сөз сөйлеген ол, көзіне жас алып, адасудың алды жар екенін айтты. Бұрыс жолдағыларды жөнге шақыруға арналған арнайы орталық ашу керектігін сұрады. 

Әсел Базарбаева, Ақмола облысы Іскер әйелдер қауымдастығының гендерлік саясат жөніндегі маманы:

-Құрметті қауым, бізде «әрбір қазақ – жалғызым» деген сөз бар. Оларға да «жалғызым» деп қарайық. Ортамызға қайтуға көмектесейік. Ол үшін арнайы орталықтар ашу қажет деп санаймын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Ондай орталықтар көп болу керек. Әр өңірде қолдау керек. Әкімдер, министрліктер қолдауы керек. Бүгін қарап отырсам, әрбір сөйлеген сөз – қазіргі бағдарламаның тақырыбы. Ақпарат құралдарына, біздің министрліктерге, барлығына әрбір сөйлеген сөз, әрбір адамның өмірі – қазақ үшін өнеге.

Татулығымыз тұрақты, бірлігіміз бекем болу жолында жүйелі жұмыстар жасалды. Оның бір парағы деп, Президент мерекелерді атады. Мәселен, мейрамдар арқылы халық бір-біріне жақын бола түседі. Достасып, көңіл жарастырады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Много хорошего мы сделали. Вот День благодарности, день семьи, вот сейчас будем отмечать день дружбы – 1-мая. Эти праздники мы объявили для чего? Чтобы эти праздники, эти дни дополнительно объединяли нас друг с другом. Или Наурыз, когда люди должны прийти друг к другу, попросить прощение и простить все, что было до этого. Начать новую жизнь. То есть много методов, и без устали мы должны над этим работать. Граждане должны знать, что стабильность складывается непросто сама по себе. Это великий труд. Да еще какой труд. Здесь мелочей нет.

Ұлтқа қатысты ұсақ шаруа болмайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қамқорлық жасауды мықтап қолға алды. Тек өткен жылы жағдайы нашар отбасыларға 900 миллион теңгенің жәрдемін жасаған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Советы общественного согласия сейчас работают. Они стали площадкой для беседы с обществом, с людьми. В 2016 году Советами было разрешено более 2 тысяч конкретных вопросов. То есть Ассамблея вопросы простых людей решает, которые они не могут разрешить. По моему поручению Советы участвуют в развитии местного самоуправления. Это надо делать вместе с нашей политической партией «Нур Отан». Поручаю Министерству по делам религий и гражданского общества совместно с акимами областей подготовить план Советов общественного согласия Ассамблеи всех уровней по противодействию религиозному экстремизму на 2017-2018 годы.

Тапсырманы мұқият тыңдаған көпшілік артынша мінбеге шыққандарға құлақ түрді. Бірі Елбасы мақаласының мазмұны терең екенін айтса, енді бірі бастан өткерген оқиғасын баяндады.

Жүрсін Ерман, Қазақстанның мәдениет қайраткері:

-Рухани жаңғыру үшін сіз «ұлттық кодыңызды сақтай біл» деп отырсыз. Бұл ұлт жанашырларының жүрегіне жететін, сүйегінен өтетін сөз. Ұрпақтан ұрпаққа үзілмей келе жатқан тектілігімізге табыну. Намысымызды ояту, ұлттық қадір-қасиетімізге жүгіну деген сөз.

Руслан Ыдырысов, «Хабар» Агенттігі» АҚ журналисі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі:

-Осы жылдың басында таспагер Қанат Әбілдин екеуміз Сирияның Тартус қаласына бардық. Онда Дамаск, Алеппо, Пальмирадан келген адамдар болды. Олардың қайғысына қарап, өз еліңдегі бейбіт күннің қадірін білесің. Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін сол халықтың сізге деген алғысын айтуға мүмкіндік туды. Олар Қазақстан жіберген гуманитарлық көмек үшін ризашалықтарын білдірді.

Сириядағы сергелдең мыңдаған халықты қан жылатты. Жазықсыз жандардың көз жасы жырақтағы бізге ауыр. Сондықтан сырттың сырқаты бізге жұқпас үшін бастағы бірлікті сақтай білген жөн. Сонда татулығымыз тұрақты, елдігіміз мәңгі болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Уважаемые соотечественники, друзья! Наш Казахстан это единая земля, единый народ, единый путь и наша единая модернизация. На этом стояли, будем стоять. Я поздравляю всех казахстанцев с наступающим светлым праздником Днем единства народа Казахстана. Желаю добра и благополучия!

Жиын соңында Президент алдағы халықаралық ЭКСПО көрмесін бір үйдің баласындай өткеру керектігін қаперге салды. Өзге елдер осы шара арқылы қазақтың келбетін көретінін жеткізді. Бұл да біздің бірлігіміз сыналатын тұс.

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

3. Бірлік болса, тірлік болады

Бүгінгідей бәсекелескен заманда кез келген азаматтың бәсі төмен болмауы тиіс. Сонда ғана жаһандануда жұтылмайды. Бірақ бұл – «құлқыңды құдықтай ет» деген сөз емес. «Қабілетіңді шыңдап, халыққа қызмет қыл» деген ұран. Яғни әркім өз мамандығы бойынша дамуға ден қоюы қажет. Бір орында қалып, ізденбестен қанағатпен қарын тойдыру түбінде тоңдырады. Өйткені ХХІ ғасырдағы өмір сағат, минут емес, секунд сайын өзгеретін жылдамдыққа ие. Сондықтан адымды алшақ еткен абзал.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Вот человеческая модернизация сознания есть самая сложная. В этот процесс должны быть вовлечены все государства, гражданское общество, социальная сфера, частный бизнес и масс-медиа. Хочу подчеркнуть, успеха добьется лишь та нация, которая повысит конкурентоспособность всего народа, а не отдельных людей. Мы двигаемся. Я же на пульсе всей страны держу руку, как мы двигаемся. Но его не возьмёшь, не пощупаешь, не скажешь. Но у нас идет такая модернизация. Индустриализация идет. Каждый год по 100–200 новых предприятий мы строим. Они совсем другие, не те что были. Инфраструктура развивается. Только за прошлый год 900 км автомобильных дорог построено. В этом году еще 600 итак за 5 лет 5 тысяч км по всему Казахстану, автобаны. Представляете? Будем ездить. Люди будут общаться, товары будут быстро передвигаться. И это тоже идет. Поэтому вся эта мысль относится и к Ассамблее. Я всегда говорил, Ассамблея это все 18 млн казахстанцев.

4. Миллиондар мекені

18 миллион адамның алтыдан бір бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Осының өзі өңірдің өзектілігінен хабар берсе керек. Оған қоса, «қазақылықтың қаймағы бұзылмаған аймақ» екенін ескерсек маңыздылығы тіпті еселене түседі. Жаһан жұтшылығына жақсы таныс жәдігерлердің көпшілігі де сол жақта. Түркістан, Отырар, Сайрам қалалары, Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан Баб кесенелері, қысқасы ол жердің топырақ-тасынан бастап, өзен-көліне дейін тұнған тарих. Демек, рухани жаңғыру жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда оңтүстіктегі ағайынның атқарары алпауыт.

Осы ойды Елбасы Шымкентке жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті халыққа байыппен түсіндіріп, қолда бардың бағасын білуге шақырды.

Оңтүстік Қазақстан облысы – индустриялық аймақ. Ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсібі өз алдына тағы бар. Өңір технологиялық жаңғыруға аяқ басты. Елде серпінді жобалар жүзеге асып жатыр. Солардың бірі – есік-терезеге арналған профильдер шығаратын зауыт.

БЛИЦ:

- Көбінесе, осы ағаш светтер сұрайды. Осыны бояп береміз.

- Сұраныс көп шығар?

- 2012 жылы 300 тонна саттық. Былтыр 700 тонна, екі есеге артық.

Былтыр шығарылған өнімнің 20 пайызы шет елдерге экспортталды. Ішкі нарықта да жоғары сұранысқа ие. Компания өнімі ЭКСПО құрылысына да пайдаланылған.

Жеңісбай Сұлтанов, серіктестіктің бас директоры:

-Егерде нарықта тапсырыс көп болса, біздің 3 мың тоннаға дейін шығара беруге күшіміз жетеді. Біздің өнімді ең кемі мың тоннаға жеткізсек деп отырмыз. Оның өзі үлкен жетістік.

Кәсіпорында 70 адам қызмет етеді. Мекеме импорт алмастыруға басымдық беріп отыр. Ел нарығындағы алюминий профильдерінің көлемі 50 мың тоннаны құраса, оның жартысы шетелден алынады екен.

Өңірде индустрияландыру картасы шеңберінде алғашқы бесжылдықта 115 нысан іске қосылып, 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Екінші кезеңге 135 кәсіпорын жоспарланған. Оның да берері мол. 18 мың адам жұмыспен қамтылады. Елбасы серпінді нысандардың біразымен жеке танысты. Жақын арада Шымкентте металлургиялық зауыт пен үлкен сауда-логистикалық орталық бой көтермек.

БЛИЦ:

- Қанша тонна сонда обработка?

- Годовая обработка 1 млн тонна грузов.

- Керек қой, ең керегі осы.

- Орта Азияға да барады, батысқа да, солтүстікке де барады.

- Қанша адам жұмыс істейтін болады?

- 800

- Керемет, жақсы!

Индустриялық бағдарлама аясында іске қосылған тағы бір серпінді жоба – «Дала фуд». Мұнда бау шаруашылығын дамыту ерекше қолға алынған. Сайрам ауданында орналасқан алқапта алма өсіріледі. Президент  өрік түйіндеп, алма гүлдеп тұрған кезге тап болды.

Мұxтар Ыбырайым, тілші:

-Бұрын игерілмей, бос жатқан сай-сала жасыл бақшаға айналды. Қазір 100 га алқапта 215 мың түп жеміс ағашы жайқалып тұр. Дені алма. Бағбандардың айтуынша, өнімділікті арттыру үшін заманауи теxнологиялар көптеп қолданылуда. Тамшылатып суару, аласа бойлы алма ағаштарын ұстап тұратын тіреуіштер мен күн сәуелесінен қорғайтын жамылғылардың арқасында былтыр бір гектардан 15 тонна өнім алынды.

Алдағы уақытта өнімділік екі есеге дейін артпақ. «Аласа бойлы алма ағаштары 3-4 жылдан соң жемісті көптеп бере бастайды», - дейді мамандар. Бау-бақшада Италия, Түркия мен Голландияның алма сұрыптары өсіріледі. Өнімді сақтау үшін сыйымдылығы 15 мың тонналық қойма іске қосылды. Компания тасымалдау мәселесін де реттеп қойған. 20 арнайы көлігі бар.

Сапарбек Ержігітов, Серіктестік директоры:

-Барлығы мынау өнімнің өзіндік құнына тіреледі. Біздің жалпы шығын 1 келіге 100 теңгеден аспау керек. Нарықта ол 130 теңге. Осы өнімді шығарсақ, бағаны тұрақтандыруға да септігін тигізсек деген ой бар.

Аграрлық саланың аяқ алысы жақсы. Ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесін аралаған Президент оған жоғары баға берді. Жергілікті тауарлардың түрлері де едәуір артқан. Сапасы да сан соқтырмайды.

БЛИЦ:

-Болмаған нәрселер шығарып жатырсыңдар. Осыдан 10-20 жыл бұрын осындай болады десе, адам сенбес еді. Рас қой?

-Рас!

-Андай балық, алма индустриялық түрде шығару. Жылыжай. Республикадағы жылыжайлардың 80 проценті сендерде.

Осылайша, облыс экономикасы әртараптанып келеді. Халқы да барған сайын ұлғаюда. Биыл Шымкент милиондық шаһарға айналуы мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Облысқа  көңіл бөлініп, барлық жағдай жасалып жатыр. Құдай бұйыртса, биыл «Шымкент 1 млн тұрғыны бар қала» деп, жария ететін боламыз деп  ойлаймын. Ол өте қажет дүние. Сонда 3 қала болады. Алматы, Астана, Шымкент.

Шымкентті үшінші ірі мегаполиске айналдыру үшін біраз шаруа атқарылды. Зәулім ғимараттар, заманауи қонақ үйлер, мәдени-спорт нысандар мен жаңа әкімшілік-іскерлік орталық бой көтерді. Қазір шаһарда жаңа университет пен мешіттің құрылысы жүріп жатыр.

Жансейіт Түймебаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Шымкент сити жобасы басталып кетті. Онда инженерлік-коммуникациялық желі мен жолдардың, 10 көп қабатты тұрғын үйдің және 49 га саябақтың құрылысы жүргізілуде. 5 қоғамдық демалыс орыны ашылады.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жақсы. Былтыр ғана облыс тізгінін алған Жансейіт Түймебаев сандарға егжей-тегжейлі тоқтады. Бірақ ескеретін тұстар да бар. Мәселен, мүмкіндігі бола тұра, облыс әлі күнге дейін дотацияда.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Республикалық бюджеттен келген түсім ОҚО 80 проценті. Ол қалай болады? Халық көп, жұмыс көп. Мұнай шығарып жатқан облыс емес. Дегенмен, мысалы, өзбектер көкөністен экономикасының 3-4 процентін шығарып отыр. Сыртқа сатады. ОҚО-ның сондай мүмкіндігі бар. Көп жұмыс істеді. Жылыжай салды, алманы көріп келдім. Ол әлі аз. Көбейтуіміз керек. 80 процентті төмендету керек. Яғни республикалық бюжет есебіне өмір сүруде ахуал күрделеніп келеді. Сондықтан салмақты азайту, табыстардың үлесін ұлғайту жөнінде шаралар керек. Ойлан. 

Шикізаттан өңдеуге қарай. Дотациядан арылудың бірден бір жолы осы. Демек, шағын және орта кәсіпке үміт зор. Елбасы бұл салаға мейлінше жағдай жасауды тапсырды.

Серікжан Сейітжанов, кәсіпкер:

-Кәсіпкерлік сала экономиканың локомотиві, бизнес саласы – мемлекеттің үлкен қаруы. Ол үлкен бәсеке. Сол тарапта Сіз алдымызда тұрғанда біз сол бәсекеден де өтеміз деп мен сендіремін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Көп жұмыс істеп жүрсің. Саған рахмет. Қаражатыңды мүмкіндігінше бір жаққа апармай, Шымкентке салып жатырсың. Ең тұңғыш 5 жұлдызды қонақ үй салып бердің, университет салып жатырсың. Зауыттар салдың, елге жұмыс беріп отырсың. Елге деген жақсылық жасаған қалталы азаматтар осындай болса керек. Мемлекеттің арқасында көп азаматтар қаржылы болды. Сені басқа азаматтарға өнеге қылып қоюға болады. Өзінің туған жеріне жақсылып қарап, мектеп, спорт кешені, аурухана жасайтын болса еліміз көркейеді. Туған жер деген сол.

Нұрсұлтан Назарбаев руxани жаңғыру мақаласын жергілікті жұрт ықыласпен қабылдады. Әсіресе зиялы қауым.

Марxабат Байғұт, жазушы:

-Бұл мақалаңыз жыл басындағы жолдауыңыздың жарасымды жалғасы, рухани сыңары деп бағалаймыз. Қоғамымызда рухани серпіліске қажеттілік қалыңдап қалған еді. Ұлы бастамаларда, ұлттық ұмтылыстарда кешіккен де, асыққан да зиян. Сіз тура уақытысында егемендіктің ерені, тәуелсіздіктің тереңі екеніңізді тағы да танытып, ұлы бастама көтеріп отырсыз.

Оңтүстік Қазақстан облысы – ел руxаниятының діңгегі. Тариxи-мәдени ескерткіштердің біразы осы өлкеде. Демек, руxани жаңғыруда аймақтың үлесі анағұрлым көп болуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

ОҚО тарихы тұтас Қазақстан тарихы десе болады. Барлығы бар. Осы облыстың өзінде 800 мәдени-тарихи ескерткіш бар. Әрбір төбе мен қыраның, өзен мен көлдің аттары тұнып тұрған тарих емес пе?! Осының әрқайсысы бірлікті сақтауға, халықтың басын біріктіруге тұратын нысаналар саналады. Сондықтан тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туризм жасау керек.

Рухани жаңғыруды ұстаздар да ерекше қабылдады. Бала тәрбиелеп білім беріп жүрген ұлағатты қауым әсіресе латын қарпіне көшу бастамасын құптап отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Вам лучше всех известно, переход на латиницу это не какой-нибудь каприз. Это – требование времени. Когда я в статье говорю о конкурентноспособном государстве мы говорим о конкурентноспособном каждом гражданине. Особенно наши дети. Они стали детьми планеты. А чтобы в любой другой плане адаптироваться ему надо знать международный язык – это английский. Опасения напрасны. Россия для нас большой сосед. И мы всегда будем рядом. Всегда будем сотрудничать. Не отойдем мы от киррилицы и забудим руский язык и культуру. Это не возможно для казахов. Увлечение наших взглядов пришло к нам через руский язык. Он всегда останится с нами.

Бүгінгі жетістік – бірліктің арқасы. Руxани жаңғыру көпұлтты Қазақстанның татулығын тек нығайта түсері xақ. Ал тағдырдың тауқыметін тартқан өзге  ұлттар қазақ елінің қамқорлығын бағалайды. Оңтүстіктегі ағайын ерекше ілтипатын мына бір ескерткіш арқылы білдірсе керек. «Қазақ xалқына мың алғыс» деп аталуы сондықтан. Бірлік күні қарсаңында жергілікті ассамблея қоныс тойын тойлап, жаңа ғимаратқа көшті. Сөйтіп, бұрын кинотеатр болған мекеме қайта өңделіп ұлттарды ұйыстырған шаңыраққа айналды.

Латифша Астанов, Түрік этно-мәдени орталығының төрағасы:

Жазықсыз жапа шеккендер түледі, қазақ топырағынан нәр алып көбейді. Жайқалған бауға айналды. Бақ-берекеге кенелді. Көсегесі елмен бірге көгерді. Қағажу шекпей келісті келешектің іргесін мықтап қадады. Осы үшін біз қазақ халқына 100 ден астам энос атынан мың алғыс білдіреміз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Көпэтносты ұлтпыз. Солармен ауызбіршілігінің үстінде ешкімнің құқығын төмендетпей бәріміз бір болғанның арқасында осыған жетіп отырмыз. Ылғи қолдап келе жатқан ОҚО облысына алғысымды келген сайын білдіремін. Жұмыс көп. Халық түсініп қабылдамаса ол іске аспайды. Сондықтан барлықтарыңыз қолдайды деп сенемін.

Индустриясы өрге басып, шаруашылығын шыңдай түскен оңтүстіктің елбасыға көрсетер жетістіктері мұнымен шектелмейді. Бірақ президент аралаған үш нысаннан-ақ бүгінгі шаһардың тынысын көруге болады. Үшінші мегаполис экономикалық Һәм руxани жаңғырудың көшін бастары xақ.

Авторлары: Мұxтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев, Айдос Ентебеков

5. Миллиондар мекені

2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 303 жобаға қолдау көрсетіліп, 2126 жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, 380,6 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылыпты. Ия, өндіріс өркендеп жатыр. Бірақ, салық түсімі әлі де төмен. Тиісінше, дотацияның да деңгейі өзге өңірлерден басым боп тұр.

Сондықтан, «өнеркәсіп пен ауылшаруашылық салаларын дамыту, инвестициялық тартымдылықты арттыру істерін күн тәртібіне қою керек» деп ақпан айында міндет жүктеген Елбасы. 

«Содан бері не өзгерді» деген сауалдың туындауы – заңдылық. Жауап ретінде күні кеше облыстық әкімшіліктің сайтында жарияланған сандарды сөйлетейік.

Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған жобалардың 94 проценті жоспардағы қуаттылыққа жетіп, 101 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Нәтижесінде, оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 процентке өсіпті. Сондай-ақ, өңірге жыл басынан бері 79,4 милилард теңге инвестиция құйылған. Бұл 2016 жылдың осы сәтімен салыстырғанда 2 есеге көп.

«Ауыл шаруашылығын экономиканың жаңа диірменіне айналдыру жұмыстары да биыл қарқын алады» деп жазыпты әкімнің баспасөз қызметі. Қазіргі есепке сенсек, облыс егістік көлемін 792,5 мың гектарға жеткізіп, интенсивті бау аумағын 1500  гектарға ұлғайтпақшы.

Ал, салыққа келсек, 2017 жылдың 3 айында мемлекеттік қазынаға 72,3 миллиард теңге, жергілікті бюджетке 27,4 миллиард теңге түсіпті. Мұны «биылғы жоспардағыдан да, былтырғы көлемнен де 12-14 процентке көп» деп отыр.

6. Елбасы Астанадағы бірқатар нысанды аралады

Әрине қай аймақты алсақ та орны бөлек. Дегенмен, Астананың айрықша бақылауда екені бесенеден белгілі. Оған осы аптада тағы бір көз жеткіздік. Елбасы бас қаланың басшылығына ескертпестен, көшеге шығып, көпшіліктің жай-күйімен жақынырақ танысты. Және бұл жөнінде журналистер де білген жоқ. 

Әдетте Елбасы қалаға шықса, қарбалас тоқтайды. Негізгі көшелер жабылып, көлік қозғаласы шектеледді. Осы жолы бұл қағида бұзылды. Президент кортежі кептелісте тұрып, жолдың жайын көппен бірге көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев әуелі Астана теміржол вокзалына барды. Елордағы ел аяғы үзілмейтін жер. Президент осы қайнаған ортаның қалыпты тірлігін көрді. Вокзалдың ішін аралап, қызмет сапасын бақылады. Ізін ала жолыққандардан жолдың және пойыздың жайын сұрады.

Қала халқының тығыз орналасқан жері Сарыарқа ауданы. Дәл осы мекенге Президент келді. Аялдаған жері аялдама. Автобус күткен жұртшылықтың жүзінен таңданыс пен қуаныш байқалды. Өйткені ешкім, Елбасын тосыннан көреміз деп ойламады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мынаның қолын алуға болады. «Экспо» көрмесіне дайындалып жатырмыз. Қаланың ішінің тазалығын бәрін дұрыстап, қонақтарды күту үшін дайындалу керек. Солай ғой. Қонақ келгенде, үйдің ішін жуып дастархан жаятын әдетіміз бар ғой.

Астаналық мына тұрғын жуырда баспаналы болыпты. Сол қуанышын Елбасымен бөлісті. Мемлекеттік бағдарламалар үшін алғыс айтып, небәрі бір жарым жылда үй алғанын айтты.

БЛИЦ:

-Біз осы жас отбасылар кезекке тұрып, бір жарым жыл дегенде үй алдық осы 189 дан. Біз өте қуаныштымыз. Екі балалы болдық сол үйде. Рахмет сізге, сондай программалар болған үшін.

- Кезекие 10 жыл тұрғанмын.

-Біз бір жарым жылда алдық.

-Бәріне бере салатын жағдай жоқ. Жұмысқа тұру керек, кезекке тұру керек. Кредитті жүйені алу керек. Ептеп, ептеп төлейсіңдер. Содан кейін өздеріңдікі болып кетеді. Шыдағанның бәрі жетеді. Сенде жетесің.

- Айтқаныңыз келсін.

Естеріңізде болса, өткен аптада Президент қала әкімінің есебін тыңдады. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев  бас қаланың түйіткілдеріне тоқталған еді. Бұл жолы да мемлекет басшысы көп мәселенің шешімін жеделдетіп табу керектегін айтты. Олар көлік кептелісі мен шашылған қалдықтар. Ал тазалық жайы көңілден шықты. Өйткені көктем кірген тұста басталған абаттандыру жұмыстары қазір көзге көрінеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Астананың біраз жерін аралап шықтық. Әрине бәрін көру мүмкін емес. Әнеукүні айтқандай, Астананың әкімін тыңдап, қаланың жағдайын тыңдадық. Елдің бәрі біледі. Соны қалай екен деп көрдім. Шынын айтқанда қыстан жаңадан шыққан қаланың ахуалы жағдай өте жақсы деп айтуға болады. Тазалық бар барлық жерде. Көп жұмыс істелгені көрініп тұр. Дегенмен әлі де бірталай жұмыс істеу керек.

Астана бас қала болғалы үлкен өзгерістерді өткерді. Қала кеңейіп, ажарлана түсті. Тек өзіміз емес, өзгелер сөз ететін шаһарға айналды. Алайда Елорда  әлі де көркейе түсуі керек. Өйткені халықаралық «Экспо» көрмесінің басталуына жыл емес, ай қалды. Сондықтан қолға алынған жұмыстарды барынша жүйелеген жөн. Ол үшін Президент жергілікті билікке тапсырма беріп, оны өзім қадағалаймын деген еді. Сол сөздің көрінісін байқадық. Бұл үрдіс алдағы уақытта тек бас қала емес, басқа қалаларда да жалғасын табуы мүмкін. 

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

7. Келісім мен тұрақтылық мекені

«Астана» деген атауды естігенде ойыңызға оралатын сөздерді тізіп шығыңызшы. Ия, бірінші сөз «Астана» деген атауды естігенде ойыңызға оралатын сөздерді тізіп шығыңызшы. Ия, біріншіден – «Бәйтерек». Сосын ЭКСПО деп жалғасып қалған теңеулер кетеді. 

Қазақ мифологиясында бәйтерек – космос ағашы. Ал түп ұғымында «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Ендеше елдің, елорданың нышаны саналатын монумент бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын айқындап тұр.

Шындығында, Астана төзе біледі, тұрақтылықты сақтай біледі. Және төрткүл дүние тұрғындарын осы жолға шақыруда шаршаған емес. Шаршамайды да. Әлгі бітімгерлікті іздеп біздің елге келгендер осы қасиетке қызыққан. Қызыққан соң, Шамдағы шиеленістің шешімін «осында табу оңтайлы» деп келіскен. Бұл мақтануға тұрарлық тұсымыз, әрине. Бірақ, бір нәрсені естен шығармаған жөн. Оны Елбасы айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы все привыкли, что в Казахстане 25 лет нет ни каких, вот таких вот конфликтов, этноконфессиональных и других каких-то. В результате, в отдельных государственных органах, а может быть, и у нас с вами возникает чувство самоуспокоения, что все это будет так. Я, например, всегда нахожусь в состоянии тревоги. И мы должны быть очень внимательными в этом плане, то есть от нас с вами, от нашего единства, и замечать ростки таких экстремизмов и гасить его внутри Казахстана – это наша с вами задача. Только тогда мы с вами сохраним спокойствие и будем развиваться.

Осы тұста Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесіндегі мына деректерді тілге тиек етсек. Ғалымдардың есебінше, жер өркениеті 15 мыңнан астам соғысты бастан өткеріпті. Қақтығыстарда жүздеген миллион адам қаза тауып, бүтін елдер жойылған. Уақыт көші алға жылжыған сайын, милитаризм адамдардың санасына мықтап сіңіп жатыр. Оған халықаралық терроризмнің қаһарлы сипатқа ие болуы дәлел. Жағдайдың күрделене түскені соншалық, жыл сайын 10 мыңнан аса террорлық акт тіркелетін көрінеді.

Президенттің елге ескерткені осы: «Біздің санамыз соғыс атаулыдан аулақ болуы тиіс». Ұмытпаңыз: бақытты өмірді өзге емес, өзіміз жасаймыз. Сондықтан жұмыла жұмыс істеу керек.

8. Ақордадағы қабылдаулар

«Жұмыс істеу керек» дегеннен шығады, осы аптада Елбасы бірнеше сала басшыларын қабылдап, жаңғыртулар негізінде тапсырмалар жүктеді. 

Қазақстан мен Еуразия даму банкі – өзара әріптес. Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев қаржылық ұйымның басқарма төрағасы Дмитрий Панкинмен кездесті. Екеуара әңгімеде банктің қызметі, несиелік ахуал мен интеграциялық жобаларды қаржыландыру жайы сөз болды. Елбасының ұсынысы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бастамашылық еткен шағын жобаларға несиені қоса қаржыландыру шартымен беру.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Банк создан был я предлагал это. Фактически Россия и Казахстан являются основными учредителями создателями банка в интересах ЕАЭС. Что бы его поддержать. Поэтому именно проекты которые вы делали они действительно то что надо. Направление работы оно правильное. Может быть надо посмотреть в условиях например, Казахстан теңговые кредиты по национальной валюте по больше давать. Хорошо было бы если государства члены ЕАЭС предлагали совместные проект и банк бы софинансировал дополнительно это проекты. Это действительно общие транзитные, инфраструктурные проекты, водные проекты. Может быть аграрные проекты в наших условиях, то есть который работает на всех. У банка в пределах своих возможностей капитала вы работаете не такие большие возможности. Но работать надо будет будем поддерживать. 

Дмитрий Панкин, Еуразия даму банкінің басқарма төрағасы:

-Еуразия даму банкі сіздің бастамаңызбен 10 жыл бұрын құрылды. Қазір қызмет етіп келеді. Өткен жыл 160 млн доллармен аяқталды. Құны 800 млн доллар болатын жобаларға қол қойдық. Біз үшін бұл үлкен жетістік. Негізгі басымдықты интеграциялық жобаларға беріп отырмыз.

Ал қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Жолдауда жүктелген міндеттердің жүзеге асырылу барысын баяндады. Қаржы мен фискалдық жүйені көп өзгеріс күтіп тұр. Мемлекеттік сатып алуды майшелпекке айналдырғандардың дәуірі аяқталды. Ведомоство басшысы былтыр экономикалық өсім 1 процент, биыл бірінші тоқсанда 3 процентті көрсеткенін жеткізді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел қазынасын еселеуде негізгі 3 міндетті атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қаржы министрлігінің алдында 3 мақсат бар. Бірінші, бюджеттің кірісін көбейту соның тетіктерін табу. Іздеу. Басқа елдің тәжірибесін қарау, үйрену. Екінші мемлекеттік қаржының шығысын азайту. Үшінші бөлінген қаржыны тиімді пайдалану. Барлығын алып келгенде осы үш мақсат қаржы министрлігінің құзырында. Осының төңірегінде экономика өркендейді, әлеуметтік мәселелер шешіледі барлығы.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Сіз айқындаған міндеттемелер ол әсіресе әлеуметтік міндеттемелер толық ретінде қаржыландырылуда. Былтырғы жылы пенсиялар да көтеріліп келе жатыр көлемдері және мына бюджеттік жүйеде жұмыс істейтін қызметкерлердің де жалақылары тұрақты өсіп келе жатыр. Және де жүйелі келесі даму кезеңдерге мына «Нұрлы жол» бағдарламасы басқа да бағдарламалар арқылы оң жағдай жасалып жатыр.

Елбасы қит етсе мемлекет ақшасына телміріп, алақан жаятындарды сынға алды. Себебі, Ұлттық қор – түгесілетін дүние.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Енді көбінесе мемлекеттің қаражатымен өсіп келе жатыр. Мынау банк жүйесі де, біздің бюджеттің шығыс жағы да мемлекеттік Ұлттық қордан ақша бөліп келе жатырмыз. Ұлттық қорды көбейту керек. Бұған қосып отыру керек. Сендер және біздің көп мекемелер соған қарап отырады. Бекер ақшаны берсе, біз оны игере берсек, соның төңірегінде жұмыс істесек деп. Сендердің министрліктерің оған тыйым салу керек.

Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы барлау қызметінің төрағасы Ғабит Байжановты қабылдады. Тікелей Елбасыға бағынып, есеп беретін жасақ басшысы сыртқы барлау қызметінің алдағы жоспарымен бөлісті. Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев шығармашылық топ өкілдерімен де кездесті. Қытайдағы «I am a singer» жобасында екінші орынды иеленген, әнші Димаш Құдайберген Президенттің ақ батасын алды. Талантты жас халықаралық байқауда ел абыройын асқақтатты. Нұрсұлтан Назарбаев Димашты толағай жеңісімен құттықтап, мықты денсаулық пен шығармашылық табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мен саған бата берейін деп шақырдым. Аман-есен бол, болашағың жарқын болсын. Бақытты бол. Қазағыңа, еліңе қызмет етуге Алла күш қуат берсін. Талантың одан ары өсе берсін. Папаға, мамаңа менен сәлем айт. Көрсем айтамын. Әр жерге шақырып жатыр. Барып жатырсың. Ол үшін денсаулық керек. Жақсы қуанттың бәрімізді. Табысты бол!

Димаш Құдайбергенов, Әнші, Халықаралық байқаулардың жеңімпазы:

-Толықтай сөзіңізге толық қосылуға негіз бар. Өйткені, қазіргі таңда біз емін-еркін, әлемнің қай бір түкпіріне барсақ та «Қазақстаннанбыз» деп басымызды тік көтеріп, өресі биік жас ел екенімізді көрсете отырып, мақтанышпен айтып тұрып байқауға бара аламыз. Сол себептен тәуелсіздігіміз үшін, осы қазіргі бейбіт өмір үшін Сізге үлкен-үлкен рақмет айтқым келеді.

Ал, режиссер Ақан Сатаев отандық кино өндірісіндегі соңғы жаңалықтармен бөлісті. Айтуынша, қазір «Томирис» атты тарихи фильмнің сценариін жазуға кіріскен. Парсыларды жеңген Томирис туралы тарихи туындыны жан-жақты талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев ұлт және Елорда тақырыптарында көбірек деректі фильм түсіру қажеттігін тапсырды.

Авторы: Әсем Қабылбек

9. Рухани жаңғыру

Өткен аптада Президент Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияны құрған болатын. Араға апта салып, комиссияның алғашқы отырысы өтті. Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков төрағалық еткен жиында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған бағыттарды іске асыру жолдары талқыланды. Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру іс-шарасы мен комиссия жұмысын реттейтін арнайы ереже бекітіліп, жұмыс тобы құрылды. Оған енген белгілі ғалымдар, білім және мәдениет қайраткерлері, түрлі сала мамандары және сарапшыларда бір айлық уақыт бар.  Сол аралықта олар өз тұжырымдамаларын дайындап ұсынатын болады.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы:

-Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қоғам мен халық қызу қолдап отыр. Мемлекет басшысының мақаласы маңызды идеологиялық құжат қана емес еліміздің мәдени өміріндегі, ой-санасындағы сапалы өзгерістердің, жаңғырудың басы болмақ.

Аида Балаева,  ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі:

-Ұлттық комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссияның мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Нақты тапсырмалар берілді. Мақалада айтылған алты арнайы жобалар бойынша арнайы топтар құрылды.

Нұртөре Жүсіп, «Айқын» газетінің бас редакторы:

-Осы жұмыс топтары алдағы уақытта мақалада көрсетілген кешенді бағыттар бойынша нақты жұмыстар жасайды. Және өңірілік. Қазақстанның әр өңірінде де өңірлік комиссиялар құрылады. Оларға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, қоғам белсенділері қатысатын болады.

Дархан Кәлетаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Менің ойымша, қазіргі кезде ойлаған мақсаттарымыз, бағыттарымыз бір ауыздан, бір жерден шығу керек. Бүкіл қоғам болып осы жұмысқа белсене араласып, ары қарай мұны біз жалғастыруға толық мүмкіндігіміз бар.

Ұлықбек Есдәулет, «Жұлдыз» журналының бас редакторы:

-Барлық өңірлерде осы ұлттық комиссияның өңірлік комиссиялары құрылатын болды. Сонымен қоса заманауи мәдениет жөніндегі, бәсекеге қабілеттілік жөніндегі, ұлттық сананы жаңғырту жөніндегі басқа да көптеген туған жер жөніндегі бағдарламалардың болашағындағы жұмыс бағыты қандай болады дейтін мәселелер талқыланды.

10. Елбасы өмірбаяны араб тілінде жарық көрді

Елбасының өмірбаяны – араб тілінде. Сауд Арабиясында жаңа кітап көпшілікке таныстырылды. Туындының авторы – белгілі публицист, Президент Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков. «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітаптың араб тілінде жарық көруіне Эр-Риядтағы ислам зерттеу орталығы ұйытқы болған. Туынды аты айтып тұрғандай Елбасының өмір жолына арналған. Тұсаукесерде шетелдік журналистер мен сарапшылар Қазақстанның өткені мен бүгіні туралы толық мағлұмат алды. Арнайы ұйымдастырылған көрмеде ұлан-ғайыр даламыздың көрікті жерлері паш етілді. Тұңғыш Президент кітапханасы мен Фейсал атындағы ислам зерттеу институты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Тараптар ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізуге ниетті.

Сауд Арабиясы

Махмұд Қасымбеков, ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы, кітап авторы:

Араб әлемі деген дүниедегі ең үлкен өркениеттердің біреуі ғой. Сондықтан арабтың тілінде кітаптың шығуы - біздер үшін үлкен қуаныш. Бүгін жаңағы ханзадамен сөздің барысында келісімге келдік. Қазақтың тарихы туралы араб тілінде кітап шығару туралы. Ойлағанымызды іске асырсақ, бұл біздер үшін үлкен нәтиже болар еді.

11. Жетісудағы жетістіктер

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, Жетісу өңірінің жұртшылығымен, кәсіпкерлер қаумымен, еңбек ұжымдарымен кездесті. Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы» Жолдауында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жарияланған тапсырмалардың орындалу барысымен танысып, жұртшылыққа экономикалық және рухани жаңғырудың негізгі бағыт-бағдарын түсіндіріп қайтты. Толығырақ тілшіміз Ақбөпе Бәкір баяндайды.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың өңір тұрғындарымен кездесуінде Қазақстанның үшінші Жаңғыруы тек материалдық-техникалық жағдайларға ғана емес, адами құндылықтар, білім, кәсіп игеру, яғни ізденіс пен ілгерілеу принциптеріне байланысты екені айтылды. Сондықтан, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін Үкімет қазірден сервистік экономиканы дамыту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруда. Елбасының тапсырмасы бойынша жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және жұмыссыз жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламалары қабылданды. Бақытжан Сағынтаев өңірдегі кәсіпкерлермен де кездесіп, инвест-ахуалды әрі қарай жақсарту, кәсіпкерлерге қаржылық және заңнамалық тұрғыда қолдау көрсету жайын жан-жақты талқылады. Премьер-Министр жұмыс сапары аясында ауыл шаруашылығы, индустриалды кәсіпорындарда, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарда болып, Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын көрді. Өңірдегі басты дақылдың бірі қант қызылшасы, қазір облыста 9 мың гектарға егіледі. Ескелді ауданындағы Герман Намның шаруа қожалығы екі жыл бұрын 25 гектарға қант қызылшасын еккен. Бүгінде оның көлемін 10 есе арттырған. «Өйткені қызылша егу табысқа кенелу» - дейді ол.

Герман Нам, шаруа қожалығының басшысы:

-Мемлекет тұқымға және пестицидтерге жұмсалатын шығындарды 50 пайызға дейін азайтып отыр. Бұл біз үшін үлкен көмек. Биыл жинаған өніміміздің әр тоннасы үшін 17 мың теңге алатын болдық. Бұған да қуанып отырмыз.

Бақытжан Сағынтаев бұған қоса «Алматы-Талдықорған» газ құбыры магистралі бойындағы газ тарату стансасына барды. Бүгінгі таңда Алматы облысы көгілдір отынмен 32 пайызға ғана қамтылған. Алдағы 4 жылда тұрғындардың тең жартысына газ тарту көзделуде.

Авторлары: Ақбөпе Бәкір, Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев

12. Берекеміз – бірлікте

«Байлық та, бақыт та – бірлікте» дейді халқымыз. Еліміздің әлемге сыйлы, бай да бақуатты мемлекет болуына татулығымыздың тұтқасы – Ассамблея зор үлес қосып келеді. Қазақстандық ұлтаралық қатынастардың бұл моделі бүгінде әлемге үлгі. Оны алпауыт державалардың өзі жасырмайды. Бір шаңырақ астында бас қосқан 130-ға жуық этнос байырғы қазақ жерінде өмір сүріп келеді. «Мемлекетті құраушы ұлт – қазақ, мемлекеттік тілдің темірқазығы – қазақ тілі» екені Заңмен бекітілді. Дей тұрғанмен этносаралық, конфессияаралық төзімділік принципі де сақталады. Сөз соңында Елбасының мына бір ойын ұсынуды ұйғардық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Единство это формула, которую надо доказывать каждый день. У нового поколения, которое растёт в комфортных условиях, они наших бедствий послевоенных, наш голод никогда не знали. У них может сложиться, что все это так было, как сегодня. Что у них иммунитета нет, который у нас. И родители, и учителя. И все мы должны каждодневно говорить, что вот это надо беречь. Это надо беречь.