Олжас Бектенов Астанадағы әлеуметтік нысандарды аралады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Астанадағы бірқатар инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды аралап көрді... «Интернациональный» тұрғын алабында қуаты тәулігіне 105 мың текше метр болатын, жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылған болатын. Нәтижесінде елорданың ауызсу қажеттілігін толығымен жабуға мүмкіндік берілді. Үкіметтің қолдауымен энергетика саласында бірқатар жаңа нысан құрылысы аяқталды. Бүгінде 3-ші жылу электр орталығының бірінші кезегі, сондай-ақ қуаты сағатына 1 мың 100 Гкал болатын «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» екі газ жылу станциясы іске қосылды. Осылайша қаланың жылу беру қуаты 30%-ке ұлғайды. Олжас Бектенов Төле би көшесінде салынып жатқан 2 мың орынға арналған жайлы мектеп құрылысымен де танысты.