Хабар телеарнасы

О. Бектенов Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты

Цифрлы технологиялар – экономикалық серпілістің жаңа көзі.

Премьер-министр ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барып, Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Олжас Бектенов жасанды интеллектті дамыту практикалық пайда әкеліп қана қоймай, алдымен қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталуға тиіс екенін айтты.

Сонымен қатар ол Президент сұхбатында атап өткендей, шикізаттық емес салаларды дамыту арқылы тұрақты экономиканы қалыптастыру, сапалы жұмыс орындарын ұлғайту – Үкіметтің басты міндеті,-деді.