Хабар телеарнасы

Ақмола облысында 95 автокөлік соқтығысқан жол апаты болды

Ақмола облысында көктайғақ салдарынан бір мезетте 95 көлік соқтығысып қалды.

Оқиға Көкшетау-Астана бағытындағы тасжолда болды. Жол апатынан екі адам зардап шеккен. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Осы өңірде соңғы екі тәулікте ауа райы құбылып тұр. Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түскен. Сондықтан мамандар алыс жолға шыққанда сақ болу қажеттігін ескертеді. Жол апаты кезінде 48 құтқарушы мен 16 арнайы техника көмекке жұмылдырылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша 200-ден астам көлік патрульдік полиция автокөлігімен Астана қаласына қарай бағыт алды. Ал «ҚазАвтоЖол» дерегі бойынша ауа райының нашарлауынан республикалық автожолдардың бірнеше учаскесінде қозғалыс тоқтады. Соңғы тәулікте жолда қалған 30 адам құтқарылған. Арасында балалар да бар.