Хабар телеарнасы

Такси қызметіне қатысты бірнеше өзгеріс енгізілді

Енді жеке тасымалдаушылар медициналық және техникалық тексерістен күнделікті өтуі керек. Арнайы мамандар көлікті күнделікті суретке түсіріп, ортақ базаға жібереді. Осыдан кейін ғана такси жүргізушілері қозғалысқа рұқсат алады.

Шетелдік автокөліктер, рөлі оң жақта орналасқан және көлікті тәулігіне 9 сағаттан артық тізгіндеген азаматтар қатаң тексеріледі. Ескертуді елемегендерге адам тасымалдауға рұқсат берілмейді.

 Жәдігер Тілеген, ҚР Көлік министрлігі республикаішілік автомобильдік тасымалдаулар басқармасының басшысы:

- Жеке тұлғалар болса, олар сол таксопарктерге, техникалық қарау станцияларына (СТО) , басқа да парктер болады, өздерінің механиктері болады. Жеке кәсіпкерлер ғой, соларға барып шарт жасасып, тексере алады. Қазіргі уақытта көптеген жол-көлік оқиғалары болып жатыр. Адам шығыны, машинасы жарамсыз болып жатыр. Алдын ала тексермей, соған жол береді.