Астанада ақылды таразылар іске қосылды
Екі жүз жиырма. Алдағы уақытта еліміздегі республикалық және жергілікті жолдар бойында осынша ақылды таразы іске қосылады. Олар жүріп келе жатқан жүк көлігінің де салмағын өлшей алады. Мамандардың сөзінше, асыра жүк тиейтін жүргізушілермен күресу енді анағұрлым жеңілдейді. Демек бұрынғыдай арнайы бақылау пункттеріне немесе көшпелі бекетте өлшеудің қажеті жоқ. Автоматтандырылған станциялар сергек камералары сияқты өздігімен жұмыс жасайды. Ешбір құқық бұзушылық елеусіз қалмайды. Артық артылған жүк үшін салынатын айыппұлдың көлемі қазір 147 мыңнан 3,7 млн теңгеге дейін. Қазір елімізде 450 мың жүк көлігі бар. Талдауға сенсек, оның 55 мыңдайы тиісті нормадан артық жүк тасып жолдарды бүлдіреді. Цифрлық таразылар қазірдің өзінде Астанада жұмыс істейді.
Алтай Әлі, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы:
- 1 қыркүйектен бастап автокөлік өткен. Оның ішінде 670-і шамадан тыс ауыр жүк тиегені тіркеліп бүгінгі күнде айыппұл салынып жатыр. Бұл жерде айыппұл заңды немесе жеке тұлға және көліктің типіне байланысты және де қанша артық жүк тиегеніне байланысты айыппұл белгіленген.