Хабар телеарнасы

Өскеменде АЭС салудың техникалық мүмкіндіктері талқыланды

Өскеменде ұйымдастырылған қоғамдық талқылауда атом электр станциясын салудың техникалық мүмкіндіктері талқыланды. Металлургия зауытының мамандары электр стансасын отандық энергия ресурстарымен қамтамасыз ету үшін ядролық өндірістің қуатын арттыруды көздеп отыр. Қазір ірі өндіріс ошағы өз өнімдерін Қытайға экспорттайды. Соңғы жылдары зауытта уран өндірісін жаңғыртуға екі миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. 

Манарбек Қылышханов, металлургия зауытының бөлім басшысы:
-Отын таблеткалары геометриялық тұрғыда бір-бірінен әртүрлі болып табылады. Соған байланысты егер алдымызға мақсат қойылған болса, өндірістік арнайы жабдықтар алып, желі қою керек болады. Сол жерде сәйкес дизайндағы таблеткалар шығаруға болады. Ең маңызды мәселе – кадр мамандар. Біздің зауытта ондай білікті мамандар бар және оны қалай жасау керек екенін білеміз.