Хабар телеарнасы

«Астана» командасының футболшылары шеберлік сабағын өткізді

«Астана» командасының футболшылары ерекше балалардың басын қосып, шеберлік сабағын өткізді.

Қайырымдылық акциясын «Сауап тобы» қоры ұйымдастырды. Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өткен іс-шарада жеткіншектер кәсіби ойыншылармен бірге доп тепті. «Тарлан аренадағы» футбол мерекесі балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ойын соңында жеткіншектерге «Астана» футболшыларының қолтаңбасы бар доп сыйға тартылды.   

Абзалбек Сұлтанбек, қайырымдылық қорының жетекшісі:

- Мынау ерекше балаларға мотивация беріп, мынау сау балаларды көріп, өмірге деген құлшынысын ояту үшін жасалып жатқан шара. Әрбір бала елдің болашағы. Сол себепті біз өзіміздің азаматтық позициямызды қарап қалмай, осы мерекеге үлес қосып отырмыз.