Хабар телеарнасы

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Алматыға жиналды

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Алматыға жиналды. Черчесов шәкірттері Ұлттар лигасында Австрия және Норвегиямен ойнайды. Ресейлік маман биылғы соңғы жиынға 27 футболшыны шақырды. Алайда олардың арасында жартылай қорғаушы Рамазан Оразов жоқ. Дания чемпионатында доп тебетін ойыншының құрамадан сырт қалғаны түсініксіз. 14 қарашада Ұлттық құрама Алматыда Австриямен кездеседі. Үш күннен кейін Осло қаласында Норвегиямен алаңға шығады. Станислав Черчесовтен тәлім алатын Қазақстан турнир кестесінде жалғыз ұпаймен ең соңғы орында келеді. Біздің жігіттер қарсыластар қақпасына әлі гол соққан жоқ.