Сенатор Қазақстанда футбол туралы арнайы заң қабылдауды ұсынды
Сенатор Дархан Қыдырәлі Қазақстанда футбол туралы арнайы заң қабылдауды ұсынды. Ол құрама бас бапкері мен ойыншыларының жалақысы құпия болуын сынап, Үкімет басшысы мен Бас прокурорға депутаттық сауал жолдады. «Жалпы қазақ футболында мәселе көп», - дейді. Ал бір кездері бізбен деңгейлес болған Грузия, Өзбекстан сияқты елдердің командалары қазір Олимпиада ойындары мен әлем, Еуропа чемпионаттарында көзге түсіп жүр. Бізде болса ауыз толтырып айтарлық нәтиже жоқ.
Елімізде осы 30 жылда екі стадион ғана салынған. Дархан Қыдырәлі сондай-ақ балалар футболында шешілмеген жайттарға да тоқталды. Ауылдарда футбол мектептері тұрмақ, алаңдар жоғын атап өтті.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Еліміздегі футболдың дамуына жауапты Федерациясының жылдық бюджеті 10 млрд теңге екен. Бұл қаражат қайда, қалай жұмсалып жатқаны туралы ашық мәлімет жоқ. Өңірлердегі филиалдарына 3-5 млн теңгеден бөлінетінін ескерсек, қалған қаражаттың есебі бар ма? Осы саладағы жүйесіздік пен жүгенсіздікті реттеу үшін бәлкім бізге де футбол туралы арнайы заң қабылдаудың уақыты келген шығар.