Хабар телеарнасы

«Қаламгер» көркем фильмі

ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары.

Әдеби әңгімелердің орталығына айналған «Қаламгер» кафесі. Бұл жерде талай парасатты ой тоғысып, талай әдеби туындылардың тұсауы кесілген. Әзіл-оспақ пен астарлы шындықтың символына айналған бұл ортада ешқандай цензураның, ешбір саяси нұсқаудың күші жоқ. Өйткені қоғамның шынайы бетпердесі «Қаламгер» кафесінде ашылатын. Атын атауға қорқатын Мағжандар, Шәкәрімдер туралы дәл осы «Қаламгердің» төрінде сыбырлап әңгімеленіп жататын.