Мемлекеттік рәміздер күні. «Бүгін»
Бүгін – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.
«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы» деген еді Елбасы.
Студия қонақтары:
1. Жандарбек Мәлібеков, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, сәулетші
2. Талғат Мұсаев, рәмізтанушы, мәдениет қайраткері
3. Жабай Қалиев, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы
4. Айгүл Бектенова, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы
5. Азамат Жылтыркөзов, опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері