Түркістанда Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыстық патриоттар форумы өтті
Өткен жылы Түркістан облысының Созақ, Отырар және Сауран аудандарында мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер өз қаражаты есебінен 5 ауылға рәміздер алаңын салып берген. Ерекше дәстүр биыл да жалғасын тапты.
Қазір өңірде көк Туымыз желбіреп тұрған рәміздер алаңының саны 26-ға жеткен. «Мұндай игі шаралар жас ұрпақты отаншылдыққа баулиды»,- дейді облыстық патриоттар форумына қатысушылар. Іс-шара барысында ғылым, білім, мәдениет пен спорт, медицина мен технология, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, бизнес пен волонтёрлық саласында тынбай еңбек етіп жүрген үздік жастар марапатталды.
Найбар Мырзагелді, волонтёр:
- Ақтөбе облысында, батыс өңірлерде 10-ға жуық облыстағы су тасқыны кезінде гуманитарлық көмекке атсалыстық ерікті жастармен. Оқиғаны бақылап, сол жерге керек жабдықтардың барлығын кәсіпкерлерден жинап, көмектескен болатынбыз. Бүгін еңбегімізді елеп-ескеріп, марапаттап жатыр деп ойлаймыз. «Жыл патриоты» деп. Арнайы алғысымызды білдіреміз.