Жол-көлік апаттарын алдын алу. «Qoǵamdyq talqylaý»
3 желтоқсанда таңғы сағат 5:30 шамасында 36 жолаушы мінген автобус аударылды. Оқиға Қызылорда-Құмкөл тасжолында облыс орталығынан 85 шақырым жерде болған. Апат салдарынан 8 адам қаза тауып, 22 адам түрлі дене жарақатын алды. Салондағы адамдардың бәрі – Құмкөл кен орнынан қайтып келе жатқан мұнайшылар. «Автобус көктайғақтан апатқа ұшыраған» деген болжам бар. Алайда көліктің техникалық ахуалының өзі күдік тудырып отыр.
Үстіміздегі жылдың 11 айында республика бойынша 14835 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 21609 адам зардап шеккен. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4% өскен.
Жол-көлік апаттарын алдын алу шаралары қалай жүруде? «Qoǵamdyq talqylaý» бағдарламасынан тамашалаңыздар!