ІІМ: Бүгін үгіт-насихат жүргізуге болмайды
Референдумға байланысты ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген тәртіпте тәулік бойы қызмет атқарып жатыр. Қоғамдық тәртіпті бақылау үшін 33 мың полиция қызметкері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған. Ішкі істер министрлігі бүгін үгіт-насихат, қоғамдық сауалнама жүргізуге тыйым салынатынын ескертті. Референдум учаскелеріндегі оқиғаларға уақытылы әрекет ету үшін әр ауданда жедел-тергеу топтары құрылған.
Бекжан Қараманов, ҚР Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма бастығы:
-Республикалық референдум процесі қалыпты жағдайда өтуде. Бүгін құқықбұзушылықтың екі фактісі анықталды. Біріншісі жеке тұлғаға заңсыз сауал жүргізуге қатысты, ол Әкімшілік кодекстің 120-бабының 3-бөлігі бойынша жауаптылыққа тартылды. Оған тиісті айыппұл салынды. Екіншісі – заңсыз үгіт. Оған да осы кодекстің 102-бабы бойынша айыппұл салынды. Екі жағдайда да олар өз күнәларын мойындады.