Хабар телеарнасы

Референдум: Ливанда сайлау учаскесі болмайды

Қазақстаннан сырт елдерде 73 сайлау учаскесі құрылған. Отандастарымыз әлемнің 61 елінде дауыс бере алады. Бірақ Ливанда сайлау учаскесі болмайды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы хабарлады.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы:

- Бүгін ғана Сыртқы істер министрлігімен консультация жүргіздік. Әріптестерімізден Ливандағы бір дауыс беру учаскесі болмайтыны туралы ақпарат түсті. Бұл елде кең ауқымды әскери қимылдар жүріп жатқаны белгілі. Жағдай өте ауыр. Азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Сондықтан да 61 елде 73 учаске болады. Онда учаскелік комиссиялар құрылып, қызметін заң аясында жүзеге асырады.