Республиканың басым бөлігінде күн райы ашық болады

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.
Ақпарат көзі: kazhydromet.kz