Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерінде көктайғақ, тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады. Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с-қа жетеді, екпіні 23-28 м/с болады деп күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтіледі.
Ақпарат көзі: Қазгидромет