9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
  • 1659
  • 08.01.2018, 06:00

Еліміздің кей өңірінде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, бұрқасын соғады. Сондай-ақ жекелеген аймақтарда көктайғақ болуы ықтимал. 

Зайна Сағындықова, «Қазгидромет» РМК жетекші инженері:
- Астана қаласында алдағы үш күнде бұлтты. Кей уақытта қар жауады. Бұрқасын күтіледі. Жел батыстан соғады. Күші секундына 15-20 метрге жетеді. 11 қаңтарда түнде және таңертең секундына 25 метрге жетеді. Алматы қаласында алдағы екі тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 11 қаңтарда таңертең және күндіз кей уақытта жауын-шашын күтіледі.