«Қазақстан» шахтасындағы апат: сот үкімі шықты
Қарағанды облысында «Қазақстан» шахтасындағы бес кеншінің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Жауапқа тартылған кен орнының төрт қызметкері 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидасын бұзды деген айып тағылып отыр. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 2023 жылдың 17 тамызында болды. Апат кезінде жер астында 227 кенші жұмыс істеген. 222 адам жер бетіне шығарылды. 5 маман қаза тапты.
Данияр Әлменов, Шахтинск қалалық сотының судьясы:
- Шахтинск қалалық сотымен Қылмыстық Кодекстің 207 бабы, 3-і бөлігімен Гафаров, Мличенко, Трещев, Гарановичке қатысты қылмыстық іс қаралды. Оларға сот үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу қылмыстық атқару жүйесінің ең төменгі мекемесіне белгіленді және де үш жыл тау-кен саласында басшылық лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырылды